Біз туралы

"Алматы Марафонының" ұйымдастырушысы "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қоры.

Біздің борышымыз: Қоғамды салауатты өмір салтына баулу.

Қордың мақсаты: ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілетін спорттық шараларды ұйымдастыру, дене шынықтыру және спортқа қоғамды баулып, салауатты өмір салтын дәріптеу.

Қор жұмысының нәтижесі: белсенді өмір салтын ұстанатын салауатты ұлт.

"Бірінші болу батылдық" корпоративтік қорының корпоративті - әлеуметтік жауапкершілігі: спорттық шарадан жиналған қаражаттың белгілі бір бөлігін инклюзивті балаларға арналған арнайы спорт инфрақұрылымымен жабдықтауға жұмсаймыз. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға барынша және толыққанды салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, спортпен белсенді айналысуға көмектесеміз.

  

Алматы марафоны – бұл жылсайынғы жүгіру жарысы және Орталық Азиядағы ең ауқымды спорт шарасы.

Алматы марафоны - қатысушылардың қатысу жарналарының бір бөлігі қайырымдылық мақсатында жұмсалатын халықаралық қайырымдылық марафоны қатарына кіреді.

Алматы Марафоны алғашқы рет 2012 жылы өткізілді.

Қатысушылар саны:

  • 2012 жыл - 2500 қатысушы;
  • 2013 жыл – 5000 қатысушы;
  • 2014 жыл – 10000 қатысушы;
  • 2015 жыл – 19 000 қатысушы;
  • 2016 жыл – 13 000 қатысушы; 
  • 2017 жыл – 13 000 қатысушы;
  • 2018 жыл - 14 000 қатысушы.

2013 жылы Алматы марафоны әлемнің 120 мемлекетде өтетін 400 аса марафонды біріктіретін Марафондар мен Жүгірулердің AIMS халықаралық қауымдастығына кірді.

Алматы марафонының трассалары AIMS және IAAF ережелеріне сай сертификатталған және “B” дәрежесіне ие.

Алматы марафоны Алматы қаласы әкімдігінің және басқа серіктестердің қолдауымен өтеді.