Қысқы жүгіру 2019

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Қатысушыларды тіркеу www.almaty-marathon.kz сайтында 2019 жылдың 28 қаңтарынан басталып, 2019 жылдың 17 ақпанында немесе қатысушылардың жалпы саны 1200-ға жеткен сәтте аяқталады.

Өтетін күні: 23 ақпан 2019 жыл.
Орны: ҚР тұңғыш президенті атындағы саябағы

Жүгіру жарысындағы жас санаттары:
Негізгі жарыс (10 км): 15-34, 35-49, 50+
Балалар жарысы  (3 км): 10-14 жас

Сөре уақыты:
Балалар жарысы (3 км) - 09.00.
Негізгі жарыс (11 км)- 09.30.

Мәреге дейін жеткен барлық қатысушыларға мәреші медалі беріледі.

Қатысушылар тіркелу үшін төмендегілерді орындауы қажет:

  1.  www.almaty-marathon.kz сайтында тіркеу формасын толтыру.
  2. Қатысу құнын төлеу.

Жарысқа қатысуға төленген қаражат қайтарылмайды.

Сөре жинағы «World Class Almaty» фитнес-клубы аумағында Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі 89/2 мекен-жайы бойынша 2019 жылдың 20 және 21 ақпанында, сағат 10:00  бастап 20:00 дейін беріледі.

Назар аударыңыз! Сөре жинақтары басқа күндері берілмейді!

Қатысушы жарысқа қатысушының жинағын беру кезінде ұсынылатын құжаттар болған кезде ғана жіберіледі:

10 жастап бастап 17 жасқа дейінгі қатысушылар үшін:

• Жеке куәлік көшірмесі (туу туралы куәлік көшірмесі);

• Ата-ананың екеуінің жарысқа қатысуға рұқсат беру туралы қолхаты;

• Қолхатқа өздері қол қойған ата-атаның екеуінің жеке куәліктерінің көшірмесі.

18 жас және одан үлкен қатысушылар үшін:

• Жеке куәлік.

Сөре жарнасы:

10 км жүгіруден жарысқа қатысушылар үшін  – 3000 теңге;

3 км жүгіруден жарысқа қатысушылар үшін – 1000 тенге.

Сөре нөмірі жоқ қатысушыларға жарыстарға қатысуға рұқсат берілмейді.