30 қараша 2018

Біз еңбектеу мен жүруден кейін жүгіруді үйренеміз. Бастапқыда көңіл көтеру үшін жүгірсек, кейін оның денсаулыққа пайдалы екенін түсінеміз.

Біз еңбектеу мен жүруден кейін жүгіруді үйренеміз. Бастапқыда көңіл көтеру үшін жүгірсек, кейін оның денсаулыққа пайдалы екенін түсінеміз. 

Жүгірумен айналысатын адамдар дұрыс жүгіре алмаудың зиянды болуы мүмкін екенін жиі естиді. Скептиктердің сөзінше, жүгіру ағзаға, әсіресе, тізе мен санға  кері әсер етеді. Енді, шындық пен жорамалды ажырататын кез келді. Оның үстіне, бұл ретте ғылымның көмегіне арқа сүйеуге болады. «Алматы марафоны» командасы ең көп тараған аңыздардың басын ашуды ұсынады. 

1. Жүгірумен айналысу үшін айрықша дене бітімі болуы тиіс

Олай емес. Жүгіру – ең қолжетімді спорт түрі. Дене бітіміне қарамай, онымен кез келген адам айналыса алады. Жай ғана триатлон сөрелері  мен марафондар кезінде түсірілген фотосуреттерге назар салыңызшы. Жүгірумен үнемі айналысу өзге спорт түрлері тәрізді дене бітімін өзгертуі мүмкін. Алайда, кез келген адам жүгіре алады.

2. Жүгіру алдында денені созу қажет 

Бұл аңыз, өйткені денені созу үшін бұлшықеттерді дайындап, қыздырып алу қажет. Бұлшықеттердің температурасы жоғарылағанда олар икемді болып, созылуға мүмкіндік береді. Қыздырылмаған бұлшықеттер созылу кезінде жарақат алу мүмкіндігін арттырады. Жүгіруге кіріспес бұрын бой жазып, тізені уқалап, денені қыздырып, дайындау, тіптен... жүгіріп алу қажет.  Жыл сайын «Алматы марафонының» басталуына бір ай қалғанда ашық жаттығулар басталып, кәсіби жаттықтырушылар кез келген адамға жүгіру, тыныс алу, бой жазу және жүгіруді дұрыс аяқтау техникасын түсінуге көмектеседі. 

3. Жүгірушілерге күштік жаттығулар қажет емес

Жүгіру бұлшықеттерді нығайтады, алайда күштік жаттығулар оларды мықты ете түседі, демек, сіздің жүгіру әлеуетіңізді жоғарылатады. Марафонда жүгіру және қайта қалыпқа келу үшін сізге бұлшықеттердің күшті болуы маңызды. Аптасына 5 күн жүгіріп, марафонды еңсеруге болады. Дегенмен, сіз Бостон марафонында жүгіруді мақсат тұтсаңыз, онда күштік жаттығулармен айналысу туралы ойланған дұрыс. Бұл сіздің нәтижеңізді жақсарту үшін маңызды.

4. Сәбилер мен қарияларға жүгіруге болмайды

Жүгірушінің жасы маңызды емес. Әрине, сіз өміріңізде ешқашан жүгірмесеңіз, ал спортпен соңғы рет дене шынықтыру сабақтарында ғана шұғылдансаңыз, онда кез келген жаттығулармен біртіндеп айналыса бастаған дұрыс. Денсаулығыңыз алаңдатса, өз бетіңізбен бастамай, қандай жаттығулар жарасатыны жайында дәрігермен ақылдасқан жөн. Балалар тіптен кішкентай кездерінен бастап жүгіреді. Жүгіру - олар үшін жаттығу емес, ойын. Біз өзімізге тек ойымыз арқылы шектеу қоямыз. Бірден құлшына кіріспей, біртіндеп бастаған дұрыс. Жүгіруді дәл қазір бастаңыз.  Ал, «Алматы марафонына» қатысу сізді ынталандыра түседі. Оған тіркелу басталды. 2018 жылғы 31-желтоқсанға дейін атаулы нөміріңізді алуға үлгеріңіз. 

5. Күн сайын жүгіру қажет

Бұл мүлдем дұрыс емес. Жүйелі болу қажет, дегенмен, сіз аптасына екі немесе үш мәрте жүгірсеңіз, бұдан да жиі жүгіретіндер тәрізді қалыпқа тез түсесіз. Аз жүгірсеңіз де, сапалы жүгірген жөн. Ұзақ қашықтықтарға өтуге асықпаңыз. Бұған қоса, ағзаның тынығуы маңызды. Дұрыс демалудың өзі – жүгіру жарысына дайындықтың бір бөлігі. Кәсіби атлеттердің өздері күн сайын үздіксіз жаттығады.

6. Жүгіру тізеге кері әсер етеді

Жүгіруден алшақ адамдар арасында жүгіру денсаулыққа пайдалы емес, оның үстіне тізеге салмақ түсіреді деген аңыз жиі таралған. Шын мәнінде салмақты біртіндеп қосып, өз ағзаңыздың реакциясына көңіл бөлген кезде жүгірудің денсаулыққа беретін пайдасы молая түседі. Жүгіруден бөлек өзіңізге ұнайтын жаттығуларды байқап көрген дұрыс. Дегенмен, жүгірудің ешқандай зияны жоқ.    

7. Жүгіру жүрекке зиянды

Мұның аңыз екені анық. Жүгіру жүрек-қан тамырлары жүйесін жаттықтырып, оны нығайтады. Жүгірген кезде жүрек бұлшықеті 2-3 есе жиі жиырылып,  жаттыға түседі, жүректің көлемі үлкейеді. Бірақ салмақты біртіндеп түсірген дұрыс екенін айта кеткен жөн. Дайындықсыз ұзақ қашықтықтарға жүгіруге болмайды.

8. Калий сіңірдің тартылуынан арылуға көмектеседі

«Банан жесең, сіңірің тартылмайды» дегенді әркім естіген болар. Дегенмен, жақында жүргізілген зерттеулер бұлардың байланысы жоқ екенін көрсетті. Бұлшықеттің тартылуы – бұл бұлшықтеттердің шаршауы. «Жүгіру ғылымы» (The Lore of Running’) атты кітабында дәрігер Тим Нокес  осындай қорытындыға келген. Сіңірдің тартылуы дұрыс жаттықпаған кезде немесе ағзадағы ылғалдың азаюынан болады.

9. Жүгіру қиын 

Жүгіру оңай болмауы да мүмкін. Дегенмен, бұл басты шарт емес. Баяу жүгірсеңіз, сіз өзіңізді жеңіл сезініп, ұзақ қашықтыққа жүгіре аласыз. Жүгіруді жаңадан бастағандардың көпшілігі күн сайын бар күшін жұмсап жүгіруге тырысады. Жылдамдықты азайтсаңыз, ұзағырақ жүгіріп,  рахат сезімге бөленесіз.

10. Амортизациялайтын кроссовка жарақаттардан сақтайды 

Қатты амортизациялайтын кроссовка көмектескеннен гөрі зиянын тигізеді. Жүгірумен айналысуда жоспарлап жүрсеңіз, мамандармен кеңескен жөн. Кейбір спорт дүкендерінде жүгіретін жол немесе планшеттегі арнайы қосымша арқылы аяқ киімді таңдауға болады. Шынайы уақыт жағдайында мамандар табан пронациясын анықтап, жүгіру техникасын түсіндіріп, нақты сізге арналған кеңес береді. Бұл ыңғайлы әрі жүгіруді барынша жайлы және пайдалы етуге көмектеседі. 

Ақылмен жүгіріп, өз ағзаңыздың жай-күйіне көңіл бөліп, салмақты біртіндеп қосыңыз. Сол кезде жүгіру сіздің өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналады! 

Сайтқа кіру
Восстановление пароля