17 қаңтар 2019

Мейрамдар өткенімен жылдың ең басты мерекесінің таңғажайыптары әлі де жалғасып жатыр! 14-қаңтарда Алматыда «Тілектер шыршасы» қайырымдылық жобасы аясында сыйлықтарды табыстау рәсімі өтті. Шараны Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, "Алматы марафоны", World Class Almaty мен Tengrinews.kz ұйымдастырды. Биыл сыйлықтар қазақстандық «Кең жүрек» қоғамдық қорының қамқорлығындағы эпилепсия диагнозы және ілеспе ауруларға шалдыққан 52 балаға берілді.

Көңілді рәсім кезінде балалар Аяз атаға өлеңдер айтып, сыйлықтарын тамашалап, сүйкімді мультфильмдерінің кейіпкерлерінің қатысуымен өткен көңілді көпіршік шоуына қатысты. Балалар сыйлықтар мен көңілге қуанып, ауруларын бір сәтке болса да ұмытты. Олардың ата-аналарына «Тілектер шыршасы -2019» өмірде барлығының орындалатынын, барлық мақсаттарды жүзеге асыруға болатынын дәлелдеді. Ең бастысы – сенімнің болуы.

"Балалар таңғажайыпқа сенулері үшін біз олардың арман-мақсаттарын орындауға көмектесеміз.  Жыл сайын жаңа бенефициарлар - қоғамдық қорлар, балалар үйлерін таңдаймыз. Мені балалардың шынайылылығы мен алаңсыздығы таңғалдырады. Олар таңғажайыпқа сенеді. Үміттерін үзбейтін ата-аналарға сүйсінемін. Біздің көрсетіп жатқан көмегіміз тамшыдай ғана  ғой ", - дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева.

Адамдардың өздеріне алған жауапкершіліктерін орындауы қуантады. Дұрысы, олар артығымен орындады: нәтижесінде сыйлықтар өте көп жиналды. Артық ойыншықтар хат жазып үлгермеген балалар мен жобаның өзге де қатысушыларына таратылды. Сыйлық барлығы 61 адамға берілді. Науқан желтоқсанның 7-де басталып, 25-желтоқсанда сыйлықтар жиналды. «Сыйлық жиналды» деген сөз сыйлықты беруші өтінімді алып, оны таяу уақытта орындайды дегенді білдіреді. Қалған уақытта сыйлықтар табыс етілетін жерлеріне жеткізілді.

Толығымен https://tengrinews.kz/strange_news/elka-jelaniy-2019-chudesa-sluchayutsya-vajno-verit-361392/ репортажынан біліңіз.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля