29 қаңтар 2019

23-ақпанда Тұңғыш Президент Саябағында биыл бірінші мәрте Қысқы жүгіру жарысы өтеді. Сөреге 1 200 қатысушы шығады. Маусымдық жүгіру жарыстары – 2019 жылы 21-сәуірде өтетін «Алматы марафоны» ірі спорттық шарасына дайындық кезеңі.

23-ақпанда Тұңғыш Президент Саябағында биыл бірінші мәрте Қысқы жүгіру жарысы өтеді. Сөреге 1 200 қатысушы шығады. Маусымдық жүгіру жарыстары – 2019 жылы 21-сәуірде өтетін «Алматы марафоны» ірі спорттық шарасына дайындық кезеңі.

«Қысқы жүгіру жарыстарына» қатысушыларға екі қашықтық дайындалған: негізгі – 10 км және балаларға арналған 3 км.

Жас санаттары:

10 км: 15-34 жас; 35-49 жас; 50+.

3 км: 10-14 жас.

Сөре уақыты:

09.00 - 3 км қашықтыққа жүгірудің басталуы

09.30 -  10 км қашықтыққа жүгірудің басталуы

Жеңіпаздар өз жас санаттарында марапатталады. Сонымен бірге абсолютті жеңіпаздарды да марапаттау қарастырылған. Әр қатысушыға мәреші медалі беріледі.

Қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 28-қаңтарда сайтта ашылып, 2019 жылғы 17-ақпанда аяқталады.

Бұған қоса, Тұңғыш Президент Саябағында 2-ақпаннан бастап «Алматы марафонына» дайындалу аясында жүгіруден кәсіби жаттықтырушы Игорь Немовчаның ашық жаттығулары басталады.  Жаттығулар әр сенбі сайын таңғы сағат 10.00-де өтеді. Қатысу тегін.

Бас серіктес –  Kaspi.kz.

«Қысқы жүгіру жарысының» ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля