Көпшіліктің әлі күнге дейін сенетін 10 аңызы

Негізсіз жаңсақ пікірлер жаттығуға деген қорқыныш ұялатып, көптеген адамдарды жүгіруден алыстатады. Бұл таңғажайып спорт түрі туралы аңыздарды жоққа шығарып, сізді Almaty Marathon жаттығулары мен жарыстарына шақырамыз.
- Күн сайын жүгіру керек
Егер сіз Олимпиадаға қатысуды жоспарламасаңыз, күнделікті жаттығудың қажеті жоқ. Мақсаттарыңызға байланысты бұл тіпті зиянды болуы мүмкін. Жүгірушілер үшін сапалы түрде қалыпқа келу маңызды, ал әуесқойлар ара-тұра демалып жүріп-ақ жақсы нәтижелерге жете алады.
- Жүгіру жаттығулары – әрдайым жылдамдыққа бағытталған
Әр жаттығуда «бар күшіңізді салып жүгірудің» қажеті жоқ. Керісінше, жүгіру жаттығуларының басым бөлігі техника мен баяу қарқынға арналған. Әсіресе, бастапқы кезеңде «баяу» (төмен жүрек соғысы жиілігімен) жүгіре білуді үйрену өте маңызды.
- 40 жастан кейін жүгіруге болмайды
Неліктен? Жүгіруді бастау үшін ешқашан кеш емес. 40 жастан кейін де дәрігермен кеңесіп, жаттықтырушының бақылауымен жүгіру – ағза үшін пайдалы. Жастық шақтан кейін жүгіруді бастаған Almaty Marathon қатысушыларының шабыттандыратын оқиғаларымен танысып көріңіз
- Жүгіру үшін қымбат аяқ киім керек
Қазіргі таңда брендтер кез келген талғам мен бюджетке сай кроссовкалардың кең таңдауын ұсынады. Иә, арнайы жүгіруге арналған аяқ киімдердің өз артықшылықтары бар, бірақ сапалы кроссовканы қолжетімді бағаға да табуға болады. Ең маңыздысы – аяқ киімнің аяғыңызға дұрыс сай келуіне мән беру. Айтпақшы, тараумара халқының адамдары ультрамарафондарды сандалимен-ақ жүгіріп өтеді!
- Жүгіру тізеге зиян
Дұрыс техникамен жүгіру тізеге зиян келтірмейді. Тіпті зерттеушілердің айтуынша, жүгірушілер арасында остеоартрит сияқты сырқаттар сирек кездеседі.
- Жүгіру жүрекке қауіпті
Кардиологтардың ортақ пікірі – жүгіру жүрек-қантамыр ауруларының алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ең бастысы, ағзаңызды тыңдап, тәртіп пен техниканы сақтау және денсаулықты тексеруді ұмытпаңыз.
- Жарысқа тек жеке рекорд үшін қатысады деген қате түсінік
Сіздің мотивацияңыз қандай болмасын, бұқаралық жүгіру жарыстары – пікірлес жандармен уақытты көңілді өткізуге, мерекелік атмосферадан ләззат алуға және күш-қуат алуға керемет мүмкіндік. Мысалы, 28 қыркүйекте өтетін Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Marathon жүгіру жарысы өз қашықтықтары мен талаптары бойынша тұрақты жаттығатын жүгірушілерге лайық, бірақ міндетті түрде рекорд орнатудың қажеті жоқ. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жалғасуда
- «Диваннан тұрып-ақ» жүгіре беруге болады
Жүгіру үшін өткен спорттық тәжірибенің қажеті жоқ, алайда мүлде дайындықсыз жарысқа қатысу қауіпті әрі қатаң түрде тыйым салынады.
- Тек таңертең жүгірген пайдалы
Голливуд пен әлеуметтік желілер таңғы жүгірудің әдемі көрінісін көрсеткенімен, шын мәнінде, күннің кез келген уақытында жүгіруге болады – бұл жаттығуларыңыздың сапасына еш әсер етпейді! Ең бастысы — өз ағзаңызды тыңдаңыз.
- Жүгіру алдында созылып керілу қажет
Жүгіру алдында сергек бой жазып, бұлшықеттерді қыздыру маңызды. Ал созылу жаттығуларын жаттығудан кейін жасауға болады. Егер сенімді болмасаңыз, Almaty Marathon-ның ашық жаттығуларына қосылыңыз.