Ресми ережелерi

ЕРЕЖЕ

2025 жылғы «Almaty Half Marathon» жүгіру жарысын өткізу туралы
ереже

 

2025 жылғы «Almaty Half Marathon» (бұдан әрі – «Жарыс») – 21 км 97,5 м негізгі қашықтығын, сонымен қатар:

  • 10 км-ге жүгіру жарысын
  • 10 км-ге скандинавиялық жүрісті
  • 21 км 97,5 м Экиден эстафетасы

Бұл – Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алатын жүгіру мен спорт әуесқойларының қалалық мерекесі.

 

1. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТТАРЫ

 

  • Жүгіру мен скандинавиялық жүрісті дамыту;
  • Жүгірушілерді халықаралық марафондарға дайындау;
  • Дені сау халықты қалыптастыру;
  • Әлеуметтік спортты дамыту;
  • Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының арасында салауатты өмір салтын ұстануды дамыту;
  • Жаман әдеттерден бас тарту;
  • Ерекше қажеттіліктері бар қатысушылар арасында спортты қолдау және дамыту;

2. ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

2.1.      Жарысты өткізу кезінде жалпы басшылықты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

2.2.      Жарысты дайындау мен өткізуді ұйымдастыру «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастыру комитеті») жүктеледі.

3. ЖАРЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

3.1.      Жарысқа қатыса алатындар:

  • Кәсіби спортшылар мен әуесқойлар.
  • Әртүрлі жас тобындағы қатысушылар (қашықтық бойынша бөлінеді)
  • Тиісті талаптар орындалған кезде балалары бар ата-аналар.

3.2.       Қатысу ұйымдастыру комитетінің ресми сайтында тіркелген және сөрелік жарнаны төлеген тұлғаларға қолжетімді.

 

3.3. Қатысушылар міндетті:

  • almaty-marathon.kz сайтында тіркелуі.
  • Өзекті жеке деректерді ұсыну.
  • Осы Ережеде көрсетілген іс-шараның ережелерін сақтау.

4. ЖАРЫС ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН МЕН УАҚЫТЫ

4.1.      Жарыстың өтетін күні мен уақыты:

2025 жылдың 20 сәуірінде, сағ. 05:30-дан 13:30-ға дейін.

4.2.      Жарыстың өтетін орны: Алматы қаласы.

4.3.       Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі:

  • Сөре – Тұңғыш Президент паркі (әл-Фараби даңғылы мен Дулати к-сінің қиылысы)
  • Мәре – Алматы қаласының Орталық стадионы (Абай даңғылы)

5. ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ

5.1.      Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енгізілді:

  • Жартылай марафон – 21 км 97,5 м
  • 10 км қашықтығы
  • Скандинавиялық жүріс – 10 км
  • Экиден эстафетасы – 21 км 97,5 м

5.2.      Жарыстың жас санаттары:

5.2.1.   Жартылай марафонның (21 км 97,5 м) жас санаттары:

  • 18-24 жас
  • 25-29 жас
  • 30-39 жас
  • 40-49 жас
  • 50-59 жас
  • 60-69 жас
  • 70 жастан жоғары

5.2.2.   10 км қашықтығының жас санаттары:

  • 15-17 жас
  • 18 жастан жоғары

5.2.3.   Экиден эстафетасы қашықтығындағы жас санаттары:

  • 15 жастан жоғары

6. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

6.1.      Жарысқа мына жас санаттарындағы адамдардың қатысуына рұқсат беріледі:

  • Жартылай марафон – 21 км 97,5 м – 18 жастан асқан қатысушылар.
  • 10 км қашықтығы – 15 жастан асқан қатысушылар.
  • Скандинавиялық жүріс – 10 км – 15 жастан асқан қатысушылар.
  • Экиден эстафетасы – 21 км 97,5 м – 15 жастан асқан алты адамнан тұратын командалар. Команда құрамында кем дегенде бір әйел міндетті түрде болуы тиіс.

6.2.      Жарыста бір мезгілде бірнеше қашықтыққа және Экиден командаларына қатысуға қатаң түрде тыйым салынады.

6.3.      Жарысқа тіркеу кезінде Жарыс өтетін кездегі толық жас мөлшері есепке алынады.

 

7. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

7.1.      Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымдастыру комитеті көтереді.

7.2.      Жарыстың жол жүрумен, орналасумен және тамақтанумен байланысты шығындарын қатысушыларды іссапарға жіберген ұйымдар немесе Жарысқа қатысушылардың өздері көтереді.

 

8. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

8.1.      Жарысқа қатысушыларды жеке қашықтықтарға (21 км 97,5 м, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс) тіркеу almaty-marathon.kz сайтында 2024 жылдың 23 желтоқсанынан басталып, 2025 жылдың 11 сәуіріне дейін немесе 10 000 (он мың) қатысушыға жеткен кезде аяқталады.

8.2.      Экиден командалық эстафетасында Жарыстарға командаларды тіркеу almaty-marathon.kz сайтында 2024 жылдың 23 желтоқсанынан басталып, 2025 жылдың 04 сәуіріне дейін немесе Экиден командаларының саны 60-қа (алпыс) жеткен кезде аяқталады.

8.3.      Жарыстың корпоративтік қатысушыларын тіркеу info@almaty-marathon.kz электронды поштасына сұраным жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Тіркелу шарттары:

  • Бір компаниядан Жарысқа қатысушылар саны 30 (отыз) адамнан артық болуы тиіс.
  • Жарысқа қатысушылар саны 30 (отыз) адамға жетпейтін ұйымдар мен компаниялар almaty-marathon.kz сайтында өз қызметкерлерін өздері тіркейді.

Жарыстағы жеке қашықтықтарға (21 км 97,5 м, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс) корпоративтік қатысу ақысын Ұйымдастыру комитетінің есеп айырысу шотына ақша қаражатын аудару арқылы ұйым немесе компания төлейді. Тіркеу электронды поштаға сұраным жолдау және арнайы нысанды толтыру негізінде жүзеге асырылады.

8.4.      Келесі қатысушы Жарысқа тіркелген болып саналады:

  1. almaty-marathon.kz сайтында нақты қашықтыққа тіркелген қатысушы;
  2. қатысушының жеке нөмірін алған қатысушы;
  3. сөрелік жарнаны төлеген қатысушы

Жарыстың қатысушылар тізіміне өтінім ақысын төлеген спортшылар ғана енгізіледі. 

8.5.      Жарысқа тіркелу және сөрелік жарнаны төлеген қатысушы осы Ережеде баяндалған барлық шарттармен келіседі.

Қатысушы іс-шара ережелерімен танысқанын растайды, өзінің міндеттемелері мен жауапкершілігін түсінеді, сондай-ақ Ұйымдастыру Комитеті белгілеген барлық талаптарды сақтауға міндеттенеді.

8.6.      Жарыс қашықтықтарының сөрелік жарналарының құны:

  • Жартылай марафон – 21 км 97,5 м – 15 000 (он бес мың) теңге
  • 10 км қашықтығы – 15 000 (он бес мың)
  • Скандинавиялық жүріс – 10 км – 14 000 (он төрт мың) теңге
  • Экиден эстафетасы – 21 км 97,5 м – 160 000 (жүз алпыс мың) теңге

8.7.      Жарыстағы қашықтықты өзгерту тек 2025 жылдың 4 сәуірді қоса алғанда ғана мүмкін.

Егер Жарысқа қатысуға арналған слот сатып алынған болса, онда Ұйымдастыру комитетіне хабарласып, қашықтықты өзгерту үшін 1 000 (бір мың) теңге төлеу керек.

Қатысушы жарыс қашықтығын қысқадан ұзағыраққа өзгерткен жағдайда слоттар құнының айырмашылығын да төлейді.

Жарыс қашықтығы ұзағырақтан қысқаға өзгертілсе, слоттар құнының айырмасы қайтарылмайды.

Жарыс қашықтығын өзгерту тек таңдалған Жарыс қашықтықта бос слоттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жарыс қашықтығы бір қашықтықтан екіншісіне ауысқан кезде қатысушының бұрын берілген нөмірі сақталмайды. Қатысушыға таңдалған қашықтыққа сәйкес келетін жаңа нөмір беріледі.

Қашықтықты өзгерту үшін қатысушының жеке кабинетіндегі «Менің жарыстарым» бөліміне өту керек.

8.8.      Атаулы сөрелік нөмірлер 2025 жылдың 20 наурызын қоса алғандағы кезеңде тіркеліп, сөрелік нөмірдің ақысын төлеген кезде беріледі. Атаулы нөмірде сіздің сайтқа тіркелу кезінде «Аты» бағанына енгізген есіміңіз көрсетіледі. Нөмірде лақап аттар, әдепсіз сөздер, ұрандар және басқа да үндеулер көрсетілмейді.

Сөрелік нөмірді басып шығарудың алдында деректердің дұрыстығы тексеріледі. Көрсетілген мерзімнен кейін бастапқы нөмірде атау берілмейді және атаулы нөмірдің деректеріне өзгерістер енгізілмейді.

8.9.      Жарысқа қатысу үшін енгізілген қаражат қайтарылмайды. Дұрыс емес немесе басқа біреудің сәйкестендіру нөміріне жіберілген қаражат қайтарылмайды.

8.10.    2025 жылдың 04 сәуіріне дейін сөрелік нөміріңізді басқа қатысушыға қайта рәсімдей аласыз. Ол үшін жеке кабинетке кіріп «Менің жарыстарым» бөлімін таңдап, жаңа қатысушының жеке деректерін енгізу қажет. Қайта тіркеу құны 1000 (бір мың) теңге. Қайта тіркеу үшін жаңа қатысушы almaty-marathon.kz сайтында тіркелген болуы керек.

8.11.    Сөрелік нөмірі жоқ қатысушылар Жарысқа жіберілмейді.

8.12.    Жарысқа қатысушы сөрелік нөмірін анық көрінетіндей етіп кеуде тұсына немесе арнайы белдікке орналастыруы тиіс.

8.13.    Жарысқа өзге біреудің нөмірімен қатысуға тыйым салынады. Жарысқа қатысушы өзінің сөрелік нөмірін басқа қатысушыға бергені белгілі болса, Ұйымдастыру комитеті екі қатысушыны да жарыстан шеттетіп, нәтижелерін жояды, сонымен қатар, екі қатысушыны да келесі 3 (үш) Жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырады. 

8.14.    Жарысқа құлаққаппен қатысуға тыйым салынады.

8.15.    Мүгедектер арбасындағы, хэндбайктағы қатысушылар мен арнайы жүгіру арбасында баласы бар қатысушылар бөлек кластерден сөреге шығады. Кластерге кіру үшін 2025 жылдың 11 сәуір күні сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына алдын ала өтінім жіберу қажет. Арбадағы қатысушыда, сондай-ақ оны алып жүретін адамда 2025 жылғы «Almaty Half Marathon» жарысының сөрелік нөмірі болуы міндетті.

8.16.    Жүгіру арбасындағы баламен қатысуға қойылатын талаптар. Арбада болуы керек:

            1. алып жүретін адамның қолына бекітілетін қауіпсіздік белдігі

2. үрлемелі доңғалақтары болуы тиіс

3. бала қауіпсіздік белдігімен бекітілуі

4. алдыңғы доңғалақтары белгілі бір қалыпта бекітілген болуы тиіс.

8.17.    Мүгедектігі бар қатысушылар тегін қатыса алады. Ол үшін 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтініш жіберу керек. Өтініште қатысушының:

1. тегі, аты,

2. қашықтығы,

3. мүгедектігін растайтын құжаттар.

Мүгедектігі бар адаммен бірге жүгіретін қатысушы қатысу ақысын жеке төлейді. Мүмкіндігі шектеулі қатысушыларға арналған орындар саны шектеулі. Егер барлық бос орындар бітіп қалған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті қатысушыға тегін слот ұсынудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

9. ELITE КЛАСТЕРІНЕ БІЛІКТІЛІК АЛУ

9.1.      Elite – алдын ала расталған біліктілік уақыты бар қатысушыларға арналған жеке сөрелік кластер.

9.2.      21 км 97,5 м қашықтықтарында Жарыстың элиталық санатына спортшыларды тіркеу almaty-marathon.kz сайтында электронды тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

9.3.      Элиталық санатқа ену үшін спортшы немесе оның ресми өкілі 2025 жылдың 2 сәуіріне дейін almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, Элиталық кластерді таңдауы керек. Өтінімге біліктілік мерзімін растайтын нәтижелерді тіркеңіз. Ұқсас қашықтыққа өтінім бергенге дейін үш жыл ішінде өткізілген жарыстардың нәтижелері есепке алынады. Өтінім модерациясынан кейін спортшы Элиталық кластерге қабылдану немесе қабылданбағаны туралы электрондық поштасына хабарлама алады.

9.4.      Мобильді қолданбада жаттығудың жазылуы біліктілікті растау болып табылмайды.

9.5.      21 км 97,5 м қашықтығында элиталық санатқа қосылуға үміткерлер үшін біліктілік уақыты:

  • Ерлер – жартылай марафонда 1:20:00-ге дейін.
  • Әйелдер – жартылай марафонда 1:45:00-ге дейін.

10. СӨРЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ БЕРУ

10.1.    Жарысқа қатысушыларға арналған сөрелік жинақтарды беру 2025 жылдың 18-19 сәуір күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Берілетін орын: Алматы қ. Нақты мекенжайы кейінірек хабарланады.

10.2.    Қатысушының сөрелік жинағына сөрелік нөмір, нәтижені тіркеуге арналған чип, қатысушы жадынамасы, сөмке, түйреуіштер кіреді.

10.3.    Жарыстың корпоративтік қатысушылары сөрелік жинақтарын Жарысты өткізу туралы осы Ереженің 10.1-тармағында көрсетілген сөрелік нөмірлерді беру уақытында 2025 жылдың 18-19 сәуір күндері ала алады. Сөрелік нөмірді алу үшін жеке куәлігінің түпнұсқасын немесе электронды нұсқасын.

10.4.    Жарысқа қатысушылар мына құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жарысқа жіберіледі:

18 жасқа толмаған қатысушылар үшін:

  • Жеке куәлігі (түпнұсқасы немесе электронды нұсқасы) / Туу туралы куәлігі (қағазға басып шығарылған);
  • Ата-анасының немесе қамқоршысының (қамқоршыларының) Жарысқа қатысуға рұқсат беретіні туралы қолхаты (қағазға басып шығарылған);
  • Қолхатқа өз қолымен қол қойған ата-анасының немесе қамқоршыларының (қамқоршысының) жеке куәліктері (түпнұсқасы немесе электронды нұсқасы).

 

18 жастан асқан қатысушылар үшін:

  • Жеке куәлігі (түпнұсқасы немесе электронды нұсқасы);
  • Денсаулығы туралы қолхаты (қағазға басып шығарылған немесе онлайн қол қойылған).

Қатысушылар денсаулық туралы қолхатқа Almaty Marathon сайтында онлайн қол қоя алады немесе сөрелік жинақтар берілетін күні QR кодын сканерлеу арқылы қол қоя алады. Электронды қолтаңбамен қол қою үшін ЭЦҚ белсенді кілттерімен EGOV mobile қолданбасын пайдалану қажет. Электронды қолхат болған жағдайда, қағаз нұсқасы қажет болмайды.

 

10.5.    Ақылы жарыс футболкалары сөрелік жинақтар берілетін күні таратылады. Бұл күні футболкасын алып үлгермеген қатысушылар жарыстан кейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде ала алады. Футболкаларды Ұйымдастыру комитетінің кеңсесінде алуға болады.

10.6.    Басқа жағдайлар 2025 жылдың 11 сәуір күні сағ. 14:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтінім берген кезде жеке қарастырылады.

             

11. ЭКИДЕН

11.1.    Экиден командалық эстафетасына 15 жастан асқан тұлғалар қатыса алады. Команда 4 (төрт) адамнан тұрады, олардың әрқайсысы өз бөлігін жүгіріп өтеді. Команда құрамында кем дегенде бір әйел міндетті түрде болуы тиіс.

11.2.    Әр команда 5 км, 5 км, 5 км, 6 км 97,5 м бөліктеріне бөлінген 21 км 97,5 м қашықтығын жүгіріп өтуі тиіс.

11.3.    Екі және одан көп командаға қатысуға, сондай-ақ Жарыс жолының бірнеше бөлігін жүгіруге тыйым салынады.

11.4.    Экиден командасы мен басқа қашықтықтарға бір жарыс шеңберінде қатысуға тыйым салынады.

11.5.    Экиден эстафетасына қатысу құны команда үшін 160 000 (жүз алпыс мың) теңгені құрайды.

11.6.    Экиден командалық эстафетасына командаларды тіркеу almaty-marathon.kz сайтында 2024 жылдың 23 желтоқсанынан басталып, 2025 жылдың 04 сәуіріне дейін немесе Экиден командаларының саны 60-қа (алпыс) жеткен кезде аяқталады. Толық ақпарат алу үшін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жазуларыңызды сұраймыз.

11.7. Эстафетаны табыстау орындары:

  • 1-ші қатысушы (сөре) – Тұңғыш Президент паркі
  • 2-ші қатысушы – Әл-Фараби даңғылы, Шашкин көшесінің бұрышы
  • 3-ші қатысушы – Әл-Фараби даңғылы, Розыбакиев көшесінің бұрышы
  • 4-ші қатысушы – Абай даңғылы, Сайын көшесінің бұрышы (Саин көшесі мен Алтынсарин көшелерінің ортасында)

12. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (кейінірек жарияланады)

12.1. Қашықтықтарды жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеулері:

  • 21 км 97,5 м қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 3 сағат 00 минут.
  • 10 км қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 2 сағат 00 минут.
  • Скандинавиялық жүріс қашықтығын жүріп өтуге арналған уақыт шектеуі –
    2 сағат 00 минут.
  • Бүкіл команданың экиден қашықтығын жүгіріп өтуіне арналған уақыт шектеуі – 3 сағат 00 минут.

 

13. САҚТАУ КАМЕРАСЫ

13.1.    Қатысушылар өз заттарын сақтау камерасына қатысушылар сөрелік нөмірді беру кезінде алатын 2025 жылғы «Almaty Half Marathon» жарысының брендтелген сөмкелерімен ғана тапсыра алады.

13.2.    Ұйымдастырушы қатысушы сөмкесінің ішіндегі заттардың сақталуына жауапты болмайды.

13.3.    Сақтау камерасына шабадандар, ірі көлемді сөмкелер және брендтелген сөмкеге салынбаған басқа да заттар қабылданбайды.

13.4.    Ұйымдастыру комитеті сөмкелердегі заттардың жоғалғаны туралы кінәрат-талаптарды қарастырмайды. Ұйымдастыру комитеті бағалы заттарды, қолма-қол ақшаны және әшекейлерді сақтау камерасына өткізбеуге кеңес береді.

 

14. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ

14.1.    Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс қатысушыларының нәтижелерін Жарыстың электронды хронометраж жүйесі тіркейді және Жарыстың төрешілер алқасы растайды. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мәреге жету уақыты бойынша жүзеге асырылады.

14.2.    Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау World Athletics ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

14.3.    Жарыстың ресми нәтижелері Жарыс аяқталғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде almaty-marathon.kz сайтында жарияланады.

Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзғаны туралы ақпарат алған жағдайда, ол жарыс өткен орынға тексеру жүргізіп, фото- және бейнетіркеу материалдарын талдауға құқылы. Ереже бұзушылық расталған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті қорытынды хаттаманы өзгертуге құқылы, бұл қатысушылардың нәтижелерін қайта қарауды, олардың нәтижелерін жоюды немесе жарыс ережелеріне және World Athletics (бұдан әрі-WA) ережелеріне сәйкес басқа санкцияларды қамтуы мүмкін. 

14.4.    Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмірі кеуде тұсында немесе арнайы белдікте дұрыс бекітілген жағдайда ғана тіркеледі.

14.5.    Жарыстың Ұйымдастыру комитеті төмендегі жағдайларда Жарысқа қатысушылардың жеке нәтижелерінің тіркелетініне кепілдік бермейді:

  • Чип дұрыс бекітілмегенде.
  • Чип магнитсізденгенде.
  • Чип киіммен немесе басқалай жабылғанда.
  • Қатысушы Жарыстың төрешілер алқасының шешімі бойынша жарыстан шеттетілгенде.
  • Қатысушы чипті зақымдап алғанда. 

14.6. Өз нәтижесін қалай түсінуге болады – терминология:

  • DNS – Did not start (қатысушы сөреге шықпады).
  • DNF – Did not finish (қатысушы мәреге жетпеді).
  • DSQ – Disqualified (қатысушы Жарыстан шеттетілді).
  • CR – Championship Record (жарыстар рекорды).
  • GUN TIME – қатысушының мәреге жету уақыты. Сөре белгісінің берілуінен бастап қатысушының мәре төсеніштерін кесіп өтуіне дейінгі уақыт.
  • CHIP TIME – Қатысушының жеке уақыты. Қатысушының сөре төсеніштерін кесіп өтуінен бастап мәре төсеніштерін кесіп өтуіне дейінгі уақыт.

 

МАҢЫЗДЫ! ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТЫСУШЫНЫҢ GUN TIME МӘРЕГЕ ЖЕТУ УАҚЫТЫ БОЙЫНША АНЫҚТАЛАДЫ.

 

15. ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

15.1.    Марафон (21 км 97,5 м) – ер және әйел қатысушылар абсолютті біріншіліктегі 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақша сертификатын, марапаттау қағазын, медаль және бағалы жүлде алады.

15.2.    Марафон (21 км 97,5 м) – ер және әйел қатысушылар жас санаттарындағы 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақша сертификатын, марапаттау қағазын, медаль және бағалы жүлде алады. Жарыстың осы қашықтығындағы абсолюттік есептегі жеңімпаздар жас санаттарында марапатталмайды.

15.3.     10 км-ге жарыс – ер және әйел қатысушылар жас санаттарындағы 1-3 орындар үшін марапатталады. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақша сертификатын, марапаттау қағазын, медаль және бағалы жүлде алады.

15.4.    Экиден эстафетасы – абсолютті біріншіліктегі 1-3 орындар үшін командалар марапатталады.

Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификат, грамота, кубок және бағалы жүлде алады.

15.5.    Скандинавиялық жүріс қашықтығында марапаттау болмайды.

15.6.     Белгіленген уақыт шегінде мәреге жеткен барлық қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады.

15.7.    Ақшалай жүлделер Жарыс өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Жарыс жеңімпазының жеке банктік шотына аудару арқылы беріледі. Ақшалай жүлдені алу үшін Жарыс жеңімпазы Жарыс өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мына құжаттарды жіберуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының резиденттері үшін: банктік шоттың болуы туралы анықтаманы, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін.
  • Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін, банктің атауын, банк бөлімшесінің мекенжайын және ақшаны алатын қаланың атауын. Құжаттарды info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу қажет.

15.8.    Жарысқа қатысушы жүлделі орынды иеленгені үшін сыйлығын Жарыс кезінде алып кетпеген жағдайда, ол оны Жарыс өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алып кете алады. Нақты беру орны ресми ақпарат дереккөздерде жарияланады. Жарысқа қатысушы сыйлықтарды өздігінен алып кете алмайтын және оларды алуды сенімді адамға табыстай алмайтын жағдайда, Жарыс жеңімпазы info@almaty-marathon.kz электронды поштасына Ұйымдастыру комитеті алушының есебінен сыйлықтарды жолдай алатын мекенжайды жіберуі тиіс. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана беріледі.

15.9.    Мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы жеңімпаздарға сыйлықтарды бермеу құқығын өзіне қалдырады.

16. ЖАРЫС КЕЗ3НДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жарыстар World Athletics (бұдан әрі – WA) ережелері бойынша өткізіледі. 

16.1. Біздің ұсынымдарымыз:

  • Екі және одан көп қатысушылармен бір қатарда жүгірмеу.
  • Жай жүруге көшкенде жолдың оң жағын ұстану.

16.2. Мыналарға тыйым салынады:

  • Арбадағы спортшылардан және балаларға арналған арнайы жүгіру арбалары бар қатысушылардан басқа барлық адамдарға кез келген механикалық көлік құралдарын (самокат, велосипед, роликтер және т.с.с.) пайдалануға.
  • Жарысқа құлаққаппен қатысуға. Қатысушы басқа жүгірушілердің, төрешілердің, ұйымдастырушылардың және Жарысты ұйымдастыруға тартылған адамдардың ескертулерін естуге міндетті.
  • Жануарлармен қатысуға.
  • Алкогольден немесе есірткіден масаю күйінде қатысуға.
  • Басқа қатысушыларға қауіпті болуы мүмкін кез келген заттармен қатысуға.
  • Серуендеу арбаларымен қатысуға.
  • Трассада тоқтауға. Өзін нашар сезінген жағдайда, қатысушы мүмкіндігінше Жарыстың басқа қатысушыларының қозғалысына кедергі келтірмей, тоқтап, жол шетіне шығуы қажет.
  • Қатысушылардың қозғалысына және жарысты ұйымдастыруға кез келген басқа да тәсілдермен кедергі жасауға.
  • Қатысушы тамақ немесе сусын алып жатқан кезде команданың ресми тұлғалары мен басқа да адамдардың ешқайсысы қатысушының жанында болуға, жүруге, жүгіруге құқылы болмайды.
  • Ережені бұзғаны үшін қатысушы жарыстан шеттетіледі.

 

17. ЖАРЫСТАН ШЕТТЕТУ

17.1. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті мына жағдайларда Жарысқа қатысушыны Жарыстан шеттетуге құқылы:

  • қатысушы жүгіруді сөре ресми түрде басталмай тұрып бастағанда;
  • қатысушы жүгіруді сөре аймағы жабылғаннан кейін бастағанда;
  • қатысушы сөреге сөрелік нөмірсіз шыққанда;
  • қатысушы Жарыстың Ұйымдастыру комитетінің, төрешілерінің немесе бас дәрігерінің нұсқаулары мен ескертулеріне назар аудармағанда;
  • қатысушы Жарыс ережелерін бұзғанда;
  • қатысушы 2 (екі) қашықтықта немесе 2 (екі) және одан көп команданың құрамында жүгіргенде, бұл қатысушының да, командалардың да Жарыстан шеттетілуіне алып келеді.

17.2.    – Медициналық көрсетімдер бойынша жарыс төрешілері берген немесе олардың басшылығымен берілген жағдайлардан басқасында, тамақты немесе суды ресми тамақтану орны болып табылмайтын басқа жерден алған;

– немесе басқа қатысушыдан алған қатысушыға төреші бастапқыда сары қағаз көрсету арқылы ескерту жасауы тиіс. Ережені екінші рет бұзғанда, төреші қызыл қағаз көрсету арқылы қатысушыны жарыстан шеттетуі тиіс.

17.3.    Ұйымдастыру комитеті Жарыс кезінде бейнекамера, мобильді телефон немесе смартфон, радио, плеер, құлаққап және басқа да аппаратура қолданған қатысушыны жарыстан шеттетуге құқылы.

17.4.    Жарысқа қатысушылар мына жағдайларда қорытынды хаттамадан шығарылады:

  • қатысушы басқа адамға тіркелген нөмірмен жүгіргенде;
  • қатысушы қашықтықты қысқартқанда;
  • қатысушы өтінім берілмеген қашықтықта жүгіргенде;
  • қатысушы механикалық көлік құралын (велосипедті, самокатты, басқаларын) пайдаланғанда;
  • қатысушы жүгіруді сөре аймағынан тыс бастағанда;
  • қатысушы жүгіруді өз кластерінен бастамағанда;
  • қатысушы нақты жарыстың ресми нөмірінсіз жүгіргенде немесе нөмір киімнің астында жасырылғанда;
  • қатысушы осы Ереженің қағидаларын бұзғанда.

17.5.    Қатысушы шараны ұйымдастырушыларға, төрешіге, волонтерларға қатысты әдепсіз, дөрекі немесе қорлайтын сөздерді қолданғаны үшін жарыстан шеттетілуі мүмкін.

17.6.    Жарысқа қатысушылардың рұқсат етілмеген саяси, әлеуметтік және т.с.с. митингтерді, арандатушылық үндеулерді, саяси үгіттеуді, наразылық акцияларын, демонстрацияларды өткізуіне, сондай-ақ саяси немесе әлеуметтік бағытпен байланысты кез келген атрибуттарды, логотиптерді пайдалануына тыйым салынады. Осы тармақты бұзғаны үшін қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

18. ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

18.1.    Жарыстың төрешілер алқасы Жарыс ережелерінің сақталуын, Жарысқа қатысушылардың арасында спорттық доданың әділ және адал жүргізілуін, ал Жарыс жеңімпазының объективті түрде анықталуын мұқият қадағалайды. Жарысқа қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері Жарыстың төрешілер алқасын құрайды.

18.2.    Жарыстың Төрешілер алқасының құрамына мыналар кіреді:

  • Жарыстың Бас төрешісі

Жарыстың Бас төрешісі Жарыстың жекелеген төрешілері арасында міндеттерді бөледі және Жарыс аяқталғаннан кейін Ұйымдастыру комитетіне есеп береді.

 

  • Жарыстың Бас хатшысы

Жарыстың Бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді қорытады, төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді жарыстың барысы туралы хабардар ету үшін қажетті материалдарды уақтылы дайындайды, ал Жарыс аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы есепті құрастырады.

 

  • Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері

Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері жарыс кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін Жарысқа қатысушылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес шығуын қатаң қадағалайды. Мәре түзуінде төрешілер алғашқы 50 (елу) мәрешіні мәре хаттамаларына тіркейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстырып тексеру үшін Жарыстың Бас төрешісіне ұсынылады. Жарыстың төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандар шақырылуы мүмкін.

18.3.    Жарыстың Бас дәрігері

Жарыстың Бас дәрігері жарыс жолында және Жарыстың сөре-мәре қалашығында медициналық қызметкерлер мен Жарыс еріктілерінің жұмысына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда, Жарыстың Бас дәрігері қатысушыны Жарыстан алып тастай алады.

 

 

19. ФОРС-МАЖОР

19.1.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары/ұйымдары/қызметтері, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарабынан Жарысты өткізуге ресми тыйым салынған жағдайда, Жарыс кейінірек мерзімге ауыстырылады. Жарысқа қатысушылардың осыған дейін төлеген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде Жарыс өтетін жаңа күнге ауыстырылады. Жарысты өткізудің нақты жаңа күні осы Ереженің 22-бабында көрсетілген Ұйымдастыру комитетінің Ақпараттық дереккөздерінде, сондай-ақ қатысушының Жарысқа тіркелу кезінде көрсеткен электронды поштасына таратылым жіберу арқылы кейінірек хабарланады.

19.2.    Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нормативтiк-құқықтық актiлерiне байланысты Жарыстың басқа елден келетін шетелдiк қатысушысы Жарыстың басталу қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өте алмаған және Жарысқа қатыса алмайтын жағдайда, ол Ұйымдастыру комитетіне өзінің сөрелік жарнасын 2026 жылғы «Алматы Марафон» жарысына ауыстыру туралы өтінім бере алады. Бұл жағдайда өтінім info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

20. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТ-ТАЛАПТАР

20.1.    Наразылықтар Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды Жарыстың төрешілер алқасы қарайды.

20.2.    Жарысқа Қатысушы Жарыс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде кінәрат-талап қоюға құқылы.

Кінәрат-талаптар info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберіледі.

 

Кінәрат-талап қою кезінде Жарысқа қатысушы мына деректерді көрсетуі қажет:

  • қатысушының аты-жөні (анонимді өтініштер қаралмайды);
  • кінәрат-талаптың мәні;
  • кінәрат-талап қою негіздері (фотосурет немесе бейнежазба).

20.3.    Жарыстың Ұйымдастыру комитеті наразылық және/немесе кінәрат-талап алынған мезеттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жарыс қатысушысына ресми жауап дайындайды, ол кінәрат-талап/наразылық берілген электронды адреске жіберіледі.

20.4.    Кінәрат-талаптар тек Жарысқа қатысушылардан ғана қабылданады.

21. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН АККРЕДИТТЕУ

21.1.    Бұқаралық ақпарат құралдарын Жарысқа аккредиттеу үшін деректерді (БАҚ атауы, тілшінің, оператордың, фотографтың аты-жөні, байланыс телефоны және e-mail адресі) 2025 жылдың 17 сәуіріне дейінгі мерзімде prmanager@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу қажет.

22. ЖАРЫСТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРІ

22.1.    Жарыс туралы толық ақпарат almaty-marathon.kz сайтында, сондай-ақ Ұйымдастыру комитетінің келесі әлеуметтік желі аккаунттарында орналастырылған:

 

Жарыстың Ұйымдастыру комитеті басқа ақпараттық ресурстарда орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді.

 

23. ЖАРЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

23.1.    Жарыс туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың: спорттық жарыстың бейнесін және (немесе) дыбысын кез келген тәсілмен және (немесе) кез келген технологияның көмегімен трансляциялаудың, сондай-ақ трансляцияны бейнежазбаға түсірудің айрықша құқығы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорына (бұдан әрі — Құқық иесі) тиесілі.

Құқық иесі спорттық жарыс туралы ақпаратты жариялау құқықтарын үшінші тұлғалардың сатып алуы туралы жазбаша түрде шарттар жасасуға құқылы.

 

24. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24.1.    Жарысты өткізу туралы осы Ереже Жарысқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.

24.2.    Ұйымдастыру комитеті жарысқа қатысушыларға жазатайым оқиғалар, жеке заттарының жоғалуы немесе мүліктің зақымдануы салдарынан келтірілген залал үшін жауап бермейді.

24.3.    Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың денсаулығы үшін, сондай-ақ жарысты дайындау барысында немесе өткізу кезінде туындаған жарақаттар, аурулар немесе басқа да медициналық проблемалар үшін жауап бермейді. Әрбір қатысушы өзінің денсаулығы мен физикалық жағдайына толық жауап береді және қажет болған жағдайда жарысқа қатыспас бұрын медициналық тексеруден өтуге міндеттенеді.

24.4.    Ұйымдастыру комитеті Жарысты өткізу туралы осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.