Ресми ережелерi

 «Алматы марафоны» 2023 жүгіру жарысын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

 

1. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТТАРЫ

«Алматы марафоны» 2023 (бұдан әрі – «Жарыс») – 42 км 195 м негізгі қашықтығы, сондай-ақ 21 км 97,5 м жартылай марафоны және 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, 42 км 195 м экиден эстафетасы қосалқы қашықтықтары бар жыл сайынғы жүгіру жарысы. Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алатын қалалық жүгіру және спорт әуесқойларының мерекесі.

Жарысты өткізу мақсаттары: 

- жүгіру мен скандинавиялық жүрісті насихаттау;

- жүгірушілерді халықаралық марафон жарыстарына дайындау;

- дені сау ұлт қалыптастыру;

- бұқаралық спортты дамыту;

- Алматы қаласы тұрғындарының және қонақтарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

- зиянды әдеттерден (темекі шегуден) бас тарту;

- ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында спортты қолдау және дамыту. Қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыру.

2. ЖАРЫСТЫ БАСҚАРУШЫ ҰЙЫМ

2.1. Жарысты өткізу кезінде жалпы басшылықты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

2.2. Жарысты дайындау мен өткізуді ұйымдастыру «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастыру комитеті») жүктеледі.

3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ:

3.1. Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы «1» қазан, сағ. 05:30-дан 13:30-ға дейін.

3.2. Жарыстың өтетін орны: Алматы қаласы.

Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі: Республика алаңы, Сәтбаев көшесі.

4. ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ

4.1. Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енгізілді:

Марафонның (42 км 195 м) жас санаттары:

4.2.2. 21 км 97,5 м жартылай марафонының жас санаттары:

4.2.3. 10 км қашықтығының жас санаттары:

4.2.3. Экиден қашықтығының жас санаттары:

5. ЖАРЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

5.1. Жарысқа қатысуға мына жас санаттарындағы адамдар жіберіледі:

5.2. Жарыста бір мезгілде бірнеше қашықтыққа және Экиден командаларына қатысуға қатаң түрде тыйым салынады.

5.3. Жарысқа тіркеу кезінде Жарыс өтетін кездегі толық жас мөлшері есепке алынады.

6. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

6.1. Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымдастыру комитеті көтереді.

6.2. Жарыстың жол жүрумен, орналасумен және тамақтанумен байланысты шығындарын қатысушыларды іссапарға жіберген ұйымдар немесе Жарысқа қатысушылардың өздері көтереді.

7. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

7.1.  42 км 195 м, 21 км 97,5 м, 10 км және 10 км скандинавиялық жүріс қашықтықтарының қатысушыларын Жарысқа тіркеу www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында 2023 жылғы «24» сәуірде басталып, 2023 жылғы «15» қыркүйекте немесе қатысушылар саны 15600-ге (он бес мың алты жүз) жеткен кезде аяқталады.

7.2. Жарыстың Экиден командалық эстафетасына командаларды тіркеу www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында 2023 жылғы «24» сәуірде басталып, 2023 жылғы «8» қыркүйекте немесе командалар саны 100-ге (жүз)  жеткен кезде аяқталады.

7.3. Жарыстың корпоративтік қатысушыларын тіркеу info@almaty-marathon.kz электронды поштасына сұраным жолдау арқылы жүзеге асырылады. Бір ұйымнан / компаниядан Жарысқа қатысушылар саны 30 (отыз) адамнан артық болуы тиіс. Жарысқа қатысушылар саны 30 (отыз) адамға жетпейтін компаниялар www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында өз бетінше тіркеледі.

Корпоративтік қатысушылар – келесі қашықтықтардағы қатысушылар: 42 км, 21 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс. Корпоративтік қатысушылардың сөрелік жарнасын Ұйымдастыру комитетінің есеп шотына қатысушылардың ұйымы / компаниясы қаражат аудару арқылы төленеді. Тіркеу корпоративтік қатысушылар өкілінің электрондық поштаға жолдауы және арнайы нысанды толтыру негізінде жүзеге асырылады.

7.4. www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында онлайн-тіркеу рәсімінен өтіп, Жарыстың нақты бір қашықтығына тіркелу фактісі бойынша берілген ID нөміріне сәйкес сөрелік жарнаны төлеген қатысушы Жарысқа тіркелген болып саналады. Жарысқа қатысушылар тізіміне тек ақысы төленген өтінімдер ғана енгізіледі. 

7.5. Жарысқа қатысушы тіркелу және сөрелік жарнаны төлеу арқылы Жарысты өткізу туралы осы Ереженің барлық талаптарымен келіседі.

7.6. Жарыс қашықтықтарының сөрелік жарналарының құны:

7.7. Жарыстағы қашықтықты ауыстыру 2023 жылғы «15» қыркүйекке дейін қоса алған кезеңде ғана мүмкін болады. Жарысқа қатысу слоты сатып алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитетіне хабарласып, Жарыс қашықтығын ауыстыру үшін 1 000 (бір мың) теңге төлеу қажет. Жарыс қашықтығы аздан көпке ауыстырылған жағдайда, слоттар құнының айырмасы да қосымша төленеді. Жарыс қашықтығы көптен азға ауыстырылған жағдайда, слоттар құнының айырмасы қайтарылмайды! Жарыс қашықтығы таңдалған Жарыс қашықтығында бос слоттар болған жағдайда ғана ауыстырылады. Жарыстың атаулы нөмірі бір қашықтықтан екіншісіне ауыстырылғанда атаулы нөмір сақталмайды.

7.8. Атаулы нөмірлер 2023 жылғы «4» қыркүйекке дейін (қоса алғанда) тіркелген және сөрелік нөмірдің ақысын төлеген кезде беріледі.  Атаулы нөмірде сайтта тіркелу кезінде «Аты» бағанына сіз енгізген атыңыз көрсетіледі. Нөмірде лақап ат, әдепсіз сөздер, ұрандар және басқа да үндеулер көрсетілмейді. Нөмірді басып шығарудың алдында деректердің дұрыстығы тексеріледі.

7.9. Жарысқа қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды. Дұрыс емес немесе басқа біреудің ID нөміріне жіберілген қаражат қайтарылмайды және Жарыстың басқа қатысушысына, сондай-ақ «Бірінші болу – батылдық» КҚ-ның басқа Жарысына қатысу ақысы ретінде аударылмайды.

7.10. Сөрелік нөмір қайтаруға және айырбастауға жарамсыз.

7.11. Сөрелік нөмірі жоқ қатысушылар Жарысқа жіберілмейді!

7.12. Жарысқа қатысушының сөрелік нөмірі анық көрінуі тиіс. Жарысқа қатысушының сөрелік нөмірі алдыңғы жақтағы кеуде тұсында немесе бел буатын белдікте орналастырылуы тиіс.

7.13. Жарысқа өзге біреудің нөмірімен қатысуға тыйым салынады! Сөрелік нөмірлерді басқа адамдарға беру фактісі анықталған жағдайда, нөмірді берген Жарыс қатысушысы мен басқа біреудің нөмірін алған Жарыс қатысушысы осы Жарысқа қатысудан шеттетіліп, нәтижесінің күші жойылады. Келесі 3 (үш) Жарысқа да қатысуға рұқсат етілмейді.

7.14. Жарысқа құлаққаппен қатысу тыйым салынады.

7.15. Мүгедектер арбасындағы, қол жетекті велосипедтегі қатысушылар, балаларға арналған арнайы жүгіру арбаларындағы қатысушылар арнайы кластерден сөреге шығады. Кластерге кіру үшін 2023 жылғы 28 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz адресіне алдын ала өтінім жіберу қажет. Арбадағы қатысушыда, сондай-ақ оны алып жүретін адамда «Алматы марафоны» 2023 сөрелік нөмірі болуы міндетті.

7.16. Жүгіру арбасындағы баласы бар спортшылардың қатысуына қойылатын талаптар. Арбада алып жүретін адамның қолына бекітілетін қауіпсіздік белдігі, үрлемелі доңғалақтары болуы тиіс, бала қауіпсіздік белдігімен бекітілуі, алдыңғы доңғалақтары белгілі бір қалыпта бекітілген болуы тиіс.

7.17. Мүгедектігі бар қатысушылар қатысу слотын тегін ала алады. Бұл үшін 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін info@almaty-marathon.kz адресіне өтінім жіберу қажет. Өтінімде осы шараға тіркелген ID нөмірі, қатысушының аты-жөні, қашықтығы, сондай-ақ мүгедектігін растайтын құжаттары көрсетілуі тиіс. Алып жүретін адам қатысу ақысын өзі төлейді. Мүгедектігі бар қатысушыларға арналған слоттар саны шектеулі. Барлық тегін слоттар алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті спортшыға тегін қатысу мүмкіндігін бермеу құқығын өзіне қалдырады.

8. ELITE КЛАСТЕРІНЕ БІЛІКТІЛІК АЛУ

8.1. Elite – алдын-ала расталған біліктілік уақыты бар спортшыларға арналған жеке сөрелік кластер.

8.2. 42 км 195 м, 21 км 97,5 м. қашықтықтарындағы Жарыстың элиталық санатына спортшыларды тіркеу almaty-marathon.kz интернет-сайтында электронды тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

8.3. Жарыстың элиталық санатына біліктілік алу үшін спортшыға немесе оның ресми өкіліне 2023 жылғы «15» қыркүйекке дейін info@almaty-marathon.kz электронды адресіне өтінім жіберу және біліктілік уақытына сәйкес келетін расталған нәтижелерді жіберу қажет. Ұқсас қашықтыққа өтінім бергенге дейінгі соңғы 3 (үш) жыл ішінде өткен жарыстардың нәтижелері ескеріледі.

8.4. Жаттығудың мобильді қолданбада жазылуы растау болып табылмайды.

8.5. 42 км 195 м қашықтығында элиталық санатқа қосылуға үміткерлер үшін біліктілік уақыты:
• ерлер: марафонда 2:50:00-ге дейін;
• әйелдер: марафонда 3:50:00-ге дейін.

8.6. 21 км 97,5 м қашықтығында элиталық санатқа қосылуға үміткерлер үшін біліктілік уақыты:
• ерлер: жартылай марафонда 1:20:00-ге дейін;
• әйелдер: жартылай марафонда 1:45:00-ге дейін.

9. СӨРЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ БЕРУ

9.1. Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар Алматы қаласында 2023 жылғы «29» және «30» қыркүйек күндері, сағ. 10:00-ден 21:00-ге дейін беріледі. Мекенжайы: Тимирязев көш., 42, «Атакент» ҚІЫО, 9 павильон.

Назар аударыңыздар! Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар басқа күндері берілмейді.

9.2. Қатысушының сөрелік жинағына сөрелік нөмір, нәтижені тіркеуге арналған чип, қатысушы жаднамасы, сөмке, түйреуіштер кіреді.

9.3. Жарыстың корпоративтік қатысушылары сөрелік жинақтарын Жарысты өткізу туралы осы Ереженің 9.1-тармағында көрсетілген сөрелік нөмірлерді беру уақытында 2023 жылғы «29» және «30» қыркүйек күндері ала алады. Жарысқа қатысушылардың сөрелік жинақтарын алу үшін сөрелік жинақты алатын адам өзінің жеке куәлігінің көшірмесін, сондай-ақ Қатысушылардың жеке куәліктерінің көшірмесін/көшірмелерін және олардың өздері қолдарын қойған денсаулық туралы қолхаттарын ұсынуы қажет.

9.4. Жарысқа қатысушылар бір мезгілде мына құжаттары болған жағдайда ғана жарысқа жіберіледі:

18 жасқа толмаған қатысушылар үшін:

18 жастан асқан қатысушылар үшін:

Барлық құжаттар қағазға басып шығарылған күйінде ұсынылуы тиіс.

9.5.  Жарыс Қатысушысы сөрелік жинағын өзі алып кете алмайтын жағдайда, оны сөрелік жинақ берілетін күні өз жеке куәлігінің көшірмесін, сөрелік жинағы алынатын қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін (басып шығарылған түрде) және Жарыс қатысушысының атынан жазылған денсаулық туралы қолхатты көрсету арқылы басқа адам алып кете алады.

9.6. Сатып алынған футболкалар сөрелік жинақтарды беру күнінде ғана беріледі. Жарыс қатысушысы футболканы алып кетпесе, бұдан арғы уақытта ол берілмейді!

9.7. Қатысушы слотты сатып алған, бірақ ауырып қалуына, жарақат алуына, басқа қалаға, іссапарға кетуіне, жұмыс ауысымына байланысты сөреге шыға алмайтын жағдайда, қатысушы таңдаған километражына сәйкес қашықтықты басқа уақытта немесе басқа жерде жүгіріп өтіп, сөреден кейін 2 (екі) аптаның ішінде медалін «Бірінші болу – батылдық» КҚ офисінен алып кете алады. Оны алу үшін жүгіру жазбасы бар онлайн трекерді, сондай-ақ сөреде болмау себебін растайтын құжатты (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, дәрігердің қорытындысы, іссапар туралы бұйрық/іссапар куәлігі, ұшаққа отырғызу талондарының көшірмелері) және қатысушының жеке куәлігінің фотосуретін немесе түпнұсқасын көрсету қажет. Мәжбүрлі онлайн қатысуға өтінімді спортшы сөрелік жинақтарды берудің екінші күні басталғанға дейін, атап айтқанда, 2023 жылғы 29 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz поштасына жіберуі тиіс.

9.8. Қатысушы өзінің сөрелік жинағын білмесе / ұмытып кетсе / алуға үлгермеген болса, сөре өткеннен кейін онлайн-трекер бойынша медаль беру мүмкін болмайды.

9.9. Басқа жағдайлар 2023 жылғы 29 қыркүйек күнгі сағ. 14:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz поштасына өтінім берген кезде жеке қарастырылады.

 

10. ЭКИДЕН 21.1

10.1. Жарыстың Экиден командалық эстафетасына 15 жастан асқан спортшылар қатыса алады. Команда 6 (алты) адамнан тұрады, олардың әрқайсысы өз бөлігін жүгіріп өтеді.

10.2. Әр команда 5 км, 10 км, 5 км, 10 км, 5 км, 7 км 200 м бөліктеріне бөлінген 42 км 195 м қашықтығын жүгіріп өтуі тиіс.

10.3. 2 (екі) және одан көп командаға қатысуға, сондай-ақ Жарыс жолының бірнеше бөлігін жүгіруге тыйым салынады.

10.4. Экиден командасы мен басқа қашықтықтарға бір жарыс шеңберінде қатысуға тыйым салынады.

10.5. Жарыстың Экиден эстафетасында команда үшін қатысу құны 210 000 (екі жүз он мың) теңгені құрайды.

10.6. Жарыстың Экиден командалық эстафетасына командаларды тіркеу www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында 2023 жылғы «24» сәуірден бастап жүзеге асырылады және 2023 жылғы «8» қыркүйекте немесе командалар саны 100-ге (жүз)  жеткен кезде аяқталады. Толық ақпарат алу үшін akhmet.a@almaty-marathon.kz электронды поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

10.7. Эстафетаны табыстау орындары:

1-ші қатысушы (сөре) – Республика алаңы

2-ші қатысушы – әл-Фараби даңғылы, Қожанов көшесінің бұрышы

3-ші қатысушы – Абай даңғылы, Тілендиев көшесінің бұрышы

4-ші қатысушы – Сәтбаев көшесі, Сейфуллин көшесінің бұрышы

5-ші қатысушы – Саин даңғылы, Торайғыров көшесінің бұрышы (айналма жолға дейін)

6-ші қатысушы – Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің бұрышы

11. ЖАРЫСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ (кейінірек жарияланады)

11.1. Қашықтықтарды жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеулері:

42 км 195 м қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 6 сағат 00 минут,

Бірінші айналымды (бірінші жартысын) 3 сағаттан көп уақытта жүгіріп өткен 42 км 195 м қашықтығының қатысушысы екінші айналымға жіберілмейді.

Бүкіл команданың Экиден қашықтығын жүгіріп өтуіне арналған уақыт шектеуі – 6 сағат 00 минут,

21 км 97,5 м қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 3 сағат 00 минут,

10 км қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 2 сағат 00 минут,

Скандинавиялық жүріс қашықтығын жүріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 2 сағат 00 минут.

12. САҚТАУ КАМЕРАСЫ

12.1. Қатысушылардың заттары сақтау камерасына қатысушылар сөрелік жинақты беру кезінде алатын «Алматы марафоны» 2023 брендтелген сөмкелерімен ғана қабылданады.

12.2. Ұйымдастырушы Қатысушы сөмкесінің ішіндегі заттарға жауапты болмайды.

12.3. Сақтау камерасына шабадандар, ірі көлемді сөмкелер және брендтелген сөмкеге салынбаған басқа да заттар қабылданбайды.

12.4. Сақтау камерасына бағалы заттарды, ақшаны, әшекейлерді өткізбеуге кеңес береміз. Ұйымдастыру комитеті сөмкелердегі заттардың жоғалғаны туралы кінәрат-талаптарды қарастырмайды.

12.5. Заттарды сақтау камерасына өткізу кезінде қатысушы сөрелік нөмірге бекітілетін стикерді алады. Стикер жоғалған жағдайда, сөмке Қатысушыға жарыс өткен күні берілмейді. Сөмкені шара аяқталғаннан кейін бір аптаның ішінде, сөмкенің ішіндегі заттарды нақты атай отырып, алып кетуге болады. Нақты алып кететін орны кейінірек ресми ақпарат көздерінде жарияланады.

13. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ

13.1. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс қатысушыларының нәтижесі Жарыстың электронды хронометраж жүйесінде тіркеледі және оны Жарыстың төрешілер алқасы растайды. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мәре сызығына жету фактісі бойынша жүзеге асырылады.

13.2. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау World Athletics ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

13.3. Жарыстың ресми нәтижелері Жарыс аяқталғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында жарияланады.

Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзғаны туралы ақпаратты алғаннан кейін, фото/бейнежазбаны талдау арқылы Жарыстың өткен орнын қайта қарауға құқылы. Егер қатысушы Жарыс ережелерін бұзған жағдай анықталса, Ұйымдастыру комитеті қорытынды нәтижені өзгерту туралы түпкілікті шешім қабылдауға құқылы.

13.4. Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмір дұрыс орналасқан жағдайда ғана тіркеледі.

13.5. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті төмендегі жағдайларда Жарысқа қатысушылардың әрқайсысы жеке нәтижесін 100% алатынына кепілдік бермейді:

• Чип дұрыс бекітілмегенде;

• Чип магнитсізденгенде;

• Чип киіммен немесе басқалай жабылғанда;

• Чип қатысушының кесірінен зақымданса;

• Жарыстың Төрешілер алқасының шешімі бойынша Жарысқа қатысудан шеттетілгенде.

13.6. Қорытынды шығару кезінде қолданылатын терминология:

МАҢЫЗДЫ! Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысушының GUN TIME мәреге жету уақыты бойынша анықталады.

 

14. ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

14.1 Марафон (42 км 195 м) ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды абсолюттік біріншілікте 1-3 орындар үшін марапаттау.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификат, грамота, медаль және бағалы сыйлық алады. Жарыстың осы қашықтығындағы абсолюттік есептегі жеңімпаздар жас санаттарында марапатталмайды.

14.2. Марафон (42 км 195 м) ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды жас санаттарында 1-3 орындар үшін марапаттау.

Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлық алады.

14.3. Жартылай марафон (21 км 97,5 м) ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды абсолюттік біріншілікте 1-3 орындар үшін марапаттау.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификат, грамота, медаль және бағалы сыйлық алады.

14.4. 10 км-ге жарыс ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушыларды әр жас санатында 1-3 орындар үшін марапаттау. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлық алады.

14.5. Экиден. Командаларды абсолютті біріншілікте 1-3 орындар үшін марапаттау.
Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификат, грамота, кубок және бағалы сыйлық алады.

14.6. «10 км Скандинавиялық жүріс» қашықтығында марапаттау болмайды.

14.7. Жарыс қашықтықтарында мәреге жеткен (уақыт шектеуі ішінде өтіп үлгерген) барлық қатысушылар естелік мәреші медалін алады.

14.8. Ақшалай жүлделерді беру Жарыс өткізілгеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Жарыс жеңімпазының жеке банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. Алу үшін Жарыс жеңімпазы Жарыс өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде info@almaty-marathon.kz электронды поштасына мына құжаттарды жіберуі тиіс:

- Банктік шоттың болуы туралы анықтаманы, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін, банктің атауын, банк бөлімшесінің мекенжайын және ақшаны алатын қаланың атауын.

14.9. Жарыс қатысушысы жүлделі орынды иеленгені үшін сыйлығын Жарыс кезінде алып кетпеген жағдайда, ол оны Жарыс өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алып кете алады. Нақты алып кететін орны кейінірек жарияланады.

Жарысқа қатысушы сыйлықтарды өздігінен алып кете алмайтын және оларды алуды сенімді адамға табыстай алмайтын жағдайда, Жарыс жеңімпазы info@almaty-marathon.kz электронды поштасына Ұйымдастыру комитеті алушының есебінен сыйлықтарды жолдай алатын мекенжайды жіберуі тиіс.

Бұл опция тек Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қолжетімді.

14.10. Мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы жеңімпаздарға сыйлықтарды бермеу құқығын өзіне қалдырады.

15. МАРШРУТТА ӨЗІН ҰСТАУ ЖАРЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жарыс World Athletics 2022-2023 ресми Ережелері бойынша өткізіледі

15.1. Біздің ұсынымдарымыз:

15.2. Мыналарға тыйым салынады:

 

16. ЖАРЫСТАН ШЕТТЕТУ

16.1. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті мына жағдайларда Жарыс қатысушысын Жарыстан шеттетуге құқылы:

16.2. Ресми тамақтану орны болып табылмайтын басқа жерде тамақ немесе су алған   қатысушылар, оларға медициналық көрсеткіштер бойынша жарыс төрешілерімен немесе олардың басшылығымен берілген жағдайды қоспағанда, немесе басқа қатысушыдан тамақ алған жағдайда, алдымен төрешіден сары карточканы көрсету арқылы ескертілуі керек. Екінші бұзушылық үшін төреші қызыл карточканы көрсету арқылы қатысушыны жарыстан шеттетуі керек;

16.3. Қатысушы жарыс кезінде бейнекамераны, радионы, плеерді, ұялы телефонды, құлаққапты және басқа да аппаратураны иеленген немесе пайдаланған жағдайда қатысушыға дисквалификация жариялануы мүмкін;

16.4. Жарысқа қатысушылар мына жағдайларда қорытынды нәтижеден шығарылады:

16.5. Қатысушы ұйымдастырушыларға, төрешіге, еріктілерге қатысты айтылған әдепсіз, дөрекі немесе қорлайтын сөздері үшін жарыстан шеттетілуі мүмкін.

 16.6. Жарыс қатысушыларына рұқсат етілмеген саяси, әлеуметтік және т.б. митингтерді, наразылық акцияларын, демонстрацияларды өткізуге,
арандатушылық үндеулер, саяси үгіттер жасауға, сондай-ақ саяси,
әлеуметтік бағыттармен байланысты кез келген атрибуттарды, логотиптерді
пайдалануға тыйым салынады. Бұл тармақты бұзғаны үшін Қатысушы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

17. ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

17.1. Жарыстың төрешілер алқасы – төрешілер Жарыс ережелерінің сақталуын, Жарысқа қатысушылар арасындағы спорттық доданың әділ және адал жүргізілуін, ал Жарыс жеңімпазының объективті түрде анықталуын мұқият қадағалайды. Жарысқа қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері Жарыстың Төрешілер алқасын құрайды.

17.2. Жарыстың Төрешілер алқасының құрамына мыналар кіреді:

 Жарыстың Бас төрешісі:

Жарыстың Бас төрешісі Жарыстың жекелеген төрешілері арасында міндеттерді бөледі, ал Жарыс аяқталған кезде бас төреші Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне ол туралы жазбаша есеп береді.

• Жарыстың Бас хатшысы:

Жарыстың Бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді шығарады, төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді сөренің барысы туралы хабардар ету үшін қажетті материалдарды уақтылы дайындайды, ал Жарыс аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы есепті құрастырады.

• Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері:

Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері сөре кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін Жарысқа қатысушылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес шығуын қатаң қадағалайды. Мәре түзуінде төрешілер алғашқы 50 (елу) мәрешіні мәре хаттамаларына тіркейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстырып тексеру үшін Жарыстың Бас төрешісіне ұсынылады.

Жарыстың Төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.

17.3. Жарыстың Бас дәрігері:

Жарыстың Бас дәрігері жарыс жолында және Жарыстың сөре-мәре қалашығында медициналық қызметкерлер мен Жарыс еріктілерінің жұмысына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда, Жарыстың Бас дәрігері қатысушыны Жарыстан алып тастай алады.

18. ФОРС-МАЖОР

18.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары/ұйымдары/қызметтері, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарабынан Жарысты өткізуге ресми тыйым салынған жағдайда, Жарыс кейінірек мерзімге ауыстырылады. Жарысқа қатысушылардың осыған дейін төлеген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде Жарыс өтетін жаңа күнге ауыстырылады. Жарысты өткізудің нақты (жаңа) күнін Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға осы Ереженің 21-бабында көрсетілген Ұйымдастырушының Ақпараттық дереккөздерінде осы ақпаратты орналастыру, сондай-ақ Жарысқа тіркелу кезінде Жеке кабинетте көрсетілген Қатысушының жеке поштасына хабарламалар жіберу арқылы кейінірек хабарлайды.

18.2. Қазақстан Республикасының қабылданған мемлекеттік нормативтiк-құқықтық актiлерiне байланысты Жарыстың басқа елден келетін шетелдiк қатысушысы Жарыстың басталу қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өте алмаған және Жарысқа қатыса алмайтын жағдайда, ол Ұйымдастыру комитетіне өзінің сөрелік жарнасын келесі «Алматы марафоны» 2024 жүгіру жарысына ауыстыру туралы өтінім бере алады. Бұл жағдайда өтінім беру оны info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу арқылы жүзеге асырылады.

19. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТ-ТАЛАПТАР

19.1. Наразылықтар Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды Жарыстың Төрешілер алқасы қарайды.

19.2. Жарысқа Қатысушы Жарыс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде кінәрат-талап қоюға құқылы.

Кінәрат-талаптар info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберіледі.

Кінәрат-талап қою кезінде Жарысқа қатысушы мына деректерді көрсетуі қажет:

• қатысушының аты-жөні (анонимді өтініштер қаралмайды);

• кінәрат-талаптың мәні, кінәрат-талаптың мазмұны;

• кінәрат-талап қою негіздері (фото немесе бейнежазба).

19.3. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті наразылық және/немесе кінәрат-талап алынған мезеттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Жарыс қатысушысына ресми жауап дайындайды, ол кінәрат-талап/наразылық берілген электронды адреске жіберіледі.

19.4. Кінәрат-талаптар тек Жарыс қатысушыларынан ғана қабылданады.

20. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН АККРЕДИТТЕУ

20.1. Жарысқа бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу алдын ала жүргізіледі. Жарысқа аккредиттеу үшін 2023 жылғы «28» қыркүйекке дейін prmanager@almaty-marathon.kz электронды поштасына деректерді (БАҚ атауы, тілшінің, оператордың, фотографтың аты-жөні, байланыс телефоны және e-mail адресі) жіберу қажет.

21. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ

21.1.  «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жыл сайын қаржылық есепті, соның ішінде қайырымдылық мақсаттарының орындалуы жөніндегі есепті бұқаралық ақпарат құралдарында және https://www.almaty-marathon.kz/ru/about/godovyie_otchetyi/ сайтында жариялайды.

21.2. Қайырымдылық көмек көрсетуге сұранымдар жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтік желілер және info@almaty-marathon.kz пошта адресі арқылы қабылданады.

21.3. Қордың жарғылық мақсаттарына сәйкес, жеке тұлғаларға атаулы көмек көрсетуге, емделуге және спорттық жиындарға көмек көрсетуге сұранымдар қарастырылмайды. 

22. ЖАРЫСТЫҢ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

22.1. Жарыс туралы толық ақпарат www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында, сондай-ақ Ұйымдастыру комитетінің келесі әлеуметтік желі аккаунттарында орналастырылған:

Жарыстың Ұйымдастыру комитеті басқа ақпараттық ресурстарда орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді.

23. ЖАРЫСТЫ БАЯНДАУ ҚҰҚЫҒЫ

«Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорына (бұдан әрі – Құқық иеленуші) жарыстың бейнесін және (немесе) дыбысын кез келген тәсілдермен және (немесе) кез келген технологиялардың көмегімен трансляциялау арқылы, сондай-ақ көрсетілген трансляцияның бейнежазбасын жүзеге асыру арқылы спортық жарысты баяндауға айрықша медиа құқықтар тиесілі.

Құқық иесі үшінші тұлғалармен спорттық жарысты жариялау құқығын алу туралы жазбаша түрде үшінші тұлғалармен Шарт жасасуға құқылы.

24. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24.1. Жарысты өткізу туралы осы Ереже Жарысқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.

24.2. Ұйымдастыру комитеті Жарысты өткізу туралы осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.