Ресми ережелерi

«Summer Relay» 2024 жүгіру жарысын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТТАРЫ

«Summer Relay» 2024 жарысы (бұдан әрі – «Жарыс») – бес адамнан тұратын команда 10 км қашықтыққа жүгіретін жазғы эстафеталық жарыстың жаңа форматы.

Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алатын жүгіру мен спорт әуесқойларының қалалық мерекесі.

Жарысты өткізу мақсаттары:

- жүгіруді насихаттау;

- жүгірушілерді халықаралық марафон жарыстарына дайындау;

- дені сау ұлт қалыптастыру;

- бұқаралық спортты дамыту;

- Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

- зиянды әдеттерден бас тарту.

 

2. ЖАРЫСТЫ БАСҚАРУШЫ ҰЙЫМ

2.1. Жарысты өткізу кезінде жалпы басшылықты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

2.2. Жарысты дайындау мен өткізуді ұйымдастыру «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастыру комитеті») жүктеледі.

 

3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ:

3.1. Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 2024 жылғы «04» тамыз, сағ. 06:00-ден 11:00-ге дейін.

3.2. Жарыстың өтетін орны: Алматы қаласы.

Сөре және мәре: Баум тоғайы

 

4. ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ

4.1. Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енгізілді:

 

4.2. Жарыс командаларының санаттары:

4.2.1. Men (Тек ерлер):

4.2.2. Women (Тек әйелдер):

4.2.3. Mixed (ерлер мен әйелдер):

Ер және әйел жынысты қатысушылар (олардың ішінде кем дегенде бір әйел адам болуы тиіс).

4.2.4. Business:

Ер және әйел жынысты корпоративтік қатысушылар (олардың ішінде кем дегенде бір әйел адам болуы тиіс).

 

5. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

5.1. Жарысқа қатысуға мына жас санаттарындағы адамдар жіберіледі:

5.2. Жарыста бір мезгілде бірнеше командада қатысуға қатаң түрде тыйым салынады.

5.3. Жарысқа тіркеу кезінде Жарыс өтетін кездегі толық жас мөлшері есепке алынады.

 

6. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

6.1. Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымдастыру комитеті көтереді.

6.2. Жарыс орнына жету, орналасумен және тамақтанумен байланысты шығындарын қатысушыларды іссапарға жіберген ұйымдар немесе Жарысқа қатысушылардың өздері көтереді.

 

7. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

7.1. Командалық эстафетада Жарыстарға командаларды тіркеу www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында 2024 жылдың «19» маусымнан басталып, 2024 жылдың «24» шілдесінде немесе командалар саны 160-қа (бір жүз алпысқа) жеткен кезде аяқталады.

7.2. Жарыстың корпоративтік «Business» жас сантындағы қатысушыларын тіркеу info@almaty-marathon.kz электронды поштасына хат жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Корпоративтік қатысушылардың Жарысқа қатысу ақысын ұйымдастыру комитетінің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы қатысушылардың ұйымы / компаниясы төлейді. Төлем шоты корпоративтік қатысушылардың өкілінен электронды пошта арқылы алынған корпоративтік қатысуға сұраным негізінде ұсынылады. Тіркеу www.almaty-marathon.kz сайтында жүргізіледі, өкіл төлем шотын алу үшін тіркелген команданың ID нөмірін ұсынуы тиіс.

7.3. www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында онлайн-тіркеу рәсімінен өтіп, Жарыстың нақты бір санатына тіркелу фактісі бойынша берілген ID нөміріне сәйкес сөрелік жарнаны төлеген қатысушы Жарысқа тіркелген болып саналады. Жарысқа қатысушылар тізіміне тек ақысы төленген өтінімдер ғана енгізіледі. 

7.4. Жарысқа қатысушы тіркелу және сөрелік жарнаны төлеу арқылы Жарысты өткізу туралы осы Ереженің барлық талаптарымен келіседі.

7.5. Жарыс қашықтықтарының сөрелік жарналарының құны:

7.6. Жарыста қатысушыны ауыстыру 2024 жылдың «19» шілдесіне дейін және осы күнді қоса алған кезеңге дейін ғана мүмкін болады. Жарысқа қатысу слоттары сатып алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитетіне хабарласып, Жарыс санатын ауыстыру үшін 10 000 (он мың) теңге төлеу қажет.
7.7. «Men» командасына әйел жынысты қатысушы қосылса, команданың санаты автоматты түрде өзгереді, «Women» командасында да дәл солай.

7.8. Сөрелік нөмірлердегі команданың атауы 2024 жылдың «05» шілдесіне дейін (қоса алғанда) тіркеліп, сөрелік нөмірдің ақысын төлеген кезде беріледі. Нөмірде сайтқа тіркелу кезінде енгізген командаңыздың атауы көрсетіледі. Әдепсіз сөздерді қолдануға болмайды.

7.9. «Business» санатында мәлімделген командалар команданың әрбір қатысушысына жұмыс орнынан анықтама ұсынуға міндеттенеді. Жұмыс орнынан анықтама беру корпоративтік жарысқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. Ұйымдастыру комитеті компания атынан қатысушының еңбек мәртебесін растайтын құжаттарды, атап айтқанда жұмыс орнынан анықтаманы цифрлық Enbek.kz арқылы талап етуге құқылы.

7.10. Жарысқа қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды. Дұрыс емес немесе басқа біреудің ID нөміріне жіберілген қаражат қайтарылмайды және Жарыстың басқа қатысушысына, сондай-ақ «Бірінші болу – батылдық» КҚ-ның басқа Жарысына қатысу ақысы ретінде аударылмайды.

7.11. Қатысушының сөрелік нөмірі қайтарылмайды және айырбасталмайды.

7.12. Сөрелік нөмірі жоқ қатысушылар Жарысқа жіберілмейді!

7.13. Жарысқа қатысушының сөрелік нөмірі анық көрінуі тиіс. Жарысқа қатысушының сөрелік нөмірі алдыңғы жақтағы кеуде тұсында немесе бел буатын белдікте орналастырылуы тиіс.

7.14. Жарысқа өзге біреудің нөмірімен қатысуға тыйым салынады! Сөрелік нөмірді басқа біреуге беруге қатаң тыйым салынады. Мұндай бұзушылық анықталған жағдайда, Жарыстың екі қатысушысы да (нөмірді берген қатысушы да, алған қатысушы да) өтіп жатқан Жарыстан шеттетіледі (нәтижесі жойылады) және келесі 3 (үш) Жарысқа қатысуына шектеу қойылады.

7.15. Жарысқа құлаққаппен қатысуға тыйым салынады.

7.16. Мүгедектігі бар қатысушылар шараға қатысу слотын тегін ала алады. Бұл үшін 2024 жылдың 26 шілдесіне дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтінім жіберу қажет. Өтінімде осы шараға тіркелген ID нөмірі, қатысушының аты-жөні, еңсеруді жоспарлап отырған қашықтығы көрсетіліп, мүгедектігін растайтын құжаттары қоса берілуі тиіс. Бірге қатысып, көмектесіп жүретін адам өзінің қатысу ақысын өзі төлейді. Тегін слоттар саны шектеулі. Барлық тегін слоттар алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті тегін қатысу мүмкіндігін бермеу құқығын өзіне қалдырады.

 

8. СӨРЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ БЕРУ

8.1. Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар 2024 жылғы «02» тамыздан «03» тамызға дейін қоса алғанда, сағ. 10:00-ден 20:00-ге дейін беріледі.

Беру орны: Алматы қаласы. Нақты беру орны кейінірек хабарланады.

Назар аударыңыз! Жарысқа қатысушыларға сөрелік жинақтар басқа күндері берілмейді.

8.2. Қатысушының сөрелік жинағына сөрелік нөмір, эстафеталық нөмірдегі нәтижені тіркеуге арналған чип, қатысушы жадынамасы, сөмке, түйреуіштер кіреді.

8.3. Жарыстың корпоративтік қатысушылары сөрелік жинақтарын Жарысты өткізу туралы осы Ереженің 9.1-тармағында көрсетілген сөрелік нөмірлерді беру уақытында 2024 жылдың «02» және «03» тамыз күндері ала алады. Сөрелік жинақты алатын адам өз жеке куәлігін (түпнұсқасын немесе электронды форматта), сөрелік жинағы алынатын қатысушының жеке куәлігін (түпнұсқасын немесе электронды форматта) және Жарысқа Қатысушының өз атынан жазылған денсаулық туралы қолхатты (жазбаша немесе электронды форматта) көрсету арқылы бір алғанда Жарысқа қатысушылардың 5 (бес) сөрелік жинағынан (өз сөрелік жинағын қоса алғанда) артық ала алмайды.

8.4. Жарысқа қатысушылар бір мезгілде мына құжаттары болған жағдайда ғана жарысқа жіберіледі:

18 жасқа толмаған қатысушылар үшін:

18 жастан асқан қатысушылар үшін:

8.5.  Жарысқа Қатысушы сөрелік жинағын өзі алып кете алмайтын жағдайда, оны сөрелік жинақтар берілетін күні басқа адам алып кете алады. Мына құжаттарды ұсынуы қажет:

8.6. Қатысушы слот сатып алған, бірақ науқастанып қалуына және жарақат алуына байланысты сөреге шыға алмайтын жағдайда, команда бұл қатысушыны алмастыра алады. Алмастыру үшін жарысқа келмеу себебін растайтын құжатты (науқастану парағы, дәрігердің қорытындысы) және қатысушының жеке куәлігінің фотосуретін немесе түпнұсқасын көрсету қажет. Мәжбүрлі алмастыруға өтінімді спортшы сөрелік жинақтарды берудің екінші күні басталғанға дейін, атап айтқанда, 2024 жылдың «19» шілдесінде сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz поштасына жіберуі тиіс.

8.7. Қатысушы өзінің сөрелік жинағын білмесе / ұмытып кетсе / алуға үлгермеген болса, команда жарысқа жіберілмейді.

8.8. Басқа жағдайлар 2024 жылғы «26» шілде күнгі сағ. 14:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz поштасына өтінім берген кезде жеке қарастырылады.

 

9. 10 КМ ЭСТАФЕТАСЫ

9.1. Жарыстың командалық эстафетасына 15 жастан асқан спортшылар қатыса алады. Команда 5 (бес) адамнан тұрады, олардың әрқайсысы шеңберді жүгіріп өтеді.

9.2. Эстафетада командалар қатысушылардың әрқайсысына 2 км-ден келетін бірдей бөліктерге бөлінген 10 км қашықтықта жарысады.
9.3. 2 (екі) және одан көп командада қатысуға, сондай-ақ Жарыс жолының бірнеше шеңберін жүгіруге тыйым салынады.
9.4. Жарыс эстафетасында команда үшін қатысу құны 50 000 (елу мың) теңгені құрайды.
9.5. Жарыстың командалық эстафетасына командаларды тіркеу www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында 2024 жылдың «19» маусымнан басталып, 2024 жылдың «24» шілдесінде немесе командалар саны 160-қа (бір жүз алпысқа) жеткен кезде аяқталады. Толық ақпарат алу үшін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына хат жолдауыңызды сұраймыз.
9.6. Эстафетаны табыстау нүктесі сөре-мәре аркасынан кейін орналасады.

 

10. ЖАРЫСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ (кейінірек жарияланады)

10.1. Қашықтықтарды жүгіріп өтуге берілген уақыт шектеулері:

10 км қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі – 2 сағат 00 минут.

 

11. САҚТАУ КАМЕРАСЫ

11.1. Қатысушылардың заттары сақтау камерасына қатысушылар сөрелік жинақты беру кезінде алатын «Summer Relay» 2024 жарысының брендтік сөмкелерімен ғана қабылданады.

11.2. Ұйымдастырушы Қатысушы сөмкесінің ішіндегі заттарға жауапты болмайды.

11.3. Сақтау камерасына шабадандар мен ірі көлемді сөмкелер қабылданбайды.

11.4. Сақтау камерасына бағалы заттарды, ақшаны, әшекейлерді өткізбеуге кеңес береміз. Ұйымдастыру комитеті сөмкелердегі заттардың жоғалғаны туралы кінәрат-талаптарды қарастырмайды.

11.5. Затты сақтау камерасына өткізу кезінде қатысушы стикер алады, оны сөрелік нөмірге бекіту қажет. Стикерді жоғалту жарыс өтетін күні сөмкені алу мүмкін болмайтынын білдіреді. Оны шара аяқталғаннан кейін ішіндегі заттарды нақты атай отырып, бір аптаның ішінде алып кетуге болады. Беру орны кейінірек ресми дереккөздерде хабарланады.

 

12. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ

12.1. Жарыс қашықтықтары бойынша жарысқа қатысушылардың нәтижесі Жарыстың электронды хронометраж жүйесінде тіркеледі және оны Жарыстың төрешілері растайды. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мәре сызығына жету фактісі бойынша жүзеге асырылады.

12.2. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау World Athletics ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

12.3. Ресми нәтижелер жарыс аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде www.almaty-marathon.kz сайтында жарияланады. Фото/бейне тіркеу ережелердің бұзылғанын анықтаған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті нәтижелерді өзгертуге құқылы.

12.4. Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмір дұрыс орналасқан жағдайда ғана тіркеледі.

12.5. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті төмендегі жағдайларда Жарысқа қатысушылардың әрқайсысы жеке нәтижесін 100% алатынына кепілдік бермейді:

• Чип дұрыс бекітілмегенде;

• Чип магнитсізденгенде;

• Чип киіммен немесе басқалай жабылғанда;

• Жарыстың Төрешілер алқасының шешімі бойынша Жарысқа қатысудан шеттетілгенде;

• Қатысушы чипті зақымдап алғанда.

12.6. Қорытынды шығару кезінде қолданылатын терминология:

МАҢЫЗДЫ! Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысушының GUN TIME мәреге жету уақыты бойынша анықталады.

 

13. ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

13.1. «Business» санатындағы эстафета: біріншілікте 1-3-ші орын алған командаларды марапаттау.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификат, кубок және бағалы сыйлық алады.

13.2. «Men», «Women», «Mixed» санаттарындағы эстафета: біріншілікте 1-3-ші орын алған командаларды марапаттау. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер сертификат, мүсінше және бағалы сыйлық алады.

13.3. Жарыстың жүгіру қашықтықтарында мәреге жеткен (шектеулі уақыт аралығында келіп үлгерген) барлық қатысушылар мәреші естелік медалін алады.

13.4. Ақшалай жүлделер Жарыс өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Жарыс жеңімпазының жеке банктік шотына аудару арқылы беріледі. Ақшалай жүлдені алу үшін Жарыс жеңімпазы Жарыс өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде info@almaty-marathon.kz электронды поштасына мына құжаттарды жіберуі тиіс:

- Банктік шоттың болуы туралы анықтаманы, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін, банктің атауын, банк бөлімшесінің мекенжайын және ақшаны алатын қаланың атауын.

13.5. Жарысқа қатысушы жүлделі орынды иеленгені үшін сыйлығын Жарыс кезінде алып кетпеген жағдайда, ол оны Жарыс өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алып кете алады. Нақты беру орны кейінірек хабарланады.

Жарысқа қатысушы сыйлықты өздігінен алып кете алмайтын және оларды алуды сенімді адамға табыстай алмайтын жағдайда, Жарыс жеңімпазы info@almaty-marathon.kz электронды поштасына Ұйымдастыру комитеті алушының есебінен сыйлықты жолдай алатын мекенжайды жіберуі тиіс.

Бұл опцияны Қазақстан Республикасының резиденттері ғана қолдана алады.

13.6. Мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы жеңімпаздарға сыйлықтарды бермеу құқығын өзіне қалдырады.

 

14. ЖАРЫС МАРШРУТЫНДА ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жарыстар 2022-2024 жж. World Athletics (бұдан әрі – WA) ережелері бойынша өткізіледі.

14.1. Біз ұсынамыз:

14.2. Мыналарға тыйым салынады:

 

15. ЖАРЫСТАН ШЕТТЕТУ

15.1. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті Жарысқа қатысушыны мына жағдайларда Жарыстан шеттетуге құқылы:

15.2. Медициналық көрсетімдер бойынша жарыс төрешілері берген немесе олардың басшылығымен берілген жағдайлардан басқасында, тамақты немесе суды ресми тамақтану орны болып табылмайтын басқа жерден немесе басқа қатысушыдан алған қатысушыға төреші бастапқыда сары картаны көрсету арқылы ескерту жасауы тиіс. Ережені екінші рет бұзғанда, төреші қызыл картаны көрсету арқылы қатысушыны жарыстан шеттетуі тиіс.

15.3. Жарыс кезінде өзімен бірге бейнекамера, ұялы телефон, смартфон, радио, плеер, құлаққап немесе басқа да электронды аппаратура алып жүрген немесе оны пайдаланған қатысушы жарыстан шеттетіледі.

15.4. Жарысқа қатысушылар мына жағдайларда қорытынды хаттамадан шығарылады:

15.5. Қатысушы шараны ұйымдастырушыларға, төрешіге, волонтерларға қатысты әдепсіз, дөрекі немесе қорлайтын сөздерді қолданғаны үшін жарыстан шеттетілуі мүмкін.

15.6. Жарысқа қатысушылардың рұқсат етілмеген саяси, әлеуметтік және т.б. митингтерді, арандатушылық үндеулерді, саяси үгіттеулерді, наразылық акцияларын, демонстрацияларды өткізуіне, сондай-ақ саяси, әлеуметтік бағыттармен байланысты кез-келген атрибуттарды, логотиптерді пайдалануына тыйым салынады. Осы тармақты бұзғаны үшін Қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

16. ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

16.1. Жарыстың төрешілер алқасы – төрешілер Жарыс ережелерінің сақталуын, Жарысқа қатысушылар арасындағы спорттық доданың әділ және адал жүргізілуін, ал Жарыс жеңімпазының объективті түрде анықталуын мұқият қадағалайды. Жарысқа қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері Жарыстың Төрешілер алқасын құрайды.

16.2. Жарыстың Төрешілер алқасының құрамына мыналар кіреді:

 Жарыстың Бас төрешісі:

Жарыстың Бас төрешісі Жарыстың жекелеген төрешілері арасында міндеттерді бөледі, ал Жарыс аяқталған кезде бас төреші Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне ол туралы жазбаша есеп береді.

• Жарыстың Бас хатшысы:

Жарыстың Бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді шығарады, төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді сөренің барысы туралы хабардар ету үшін қажетті материалдарды уақтылы дайындайды, ал Жарыс аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы есепті құрастырады.

• Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері:

Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері жарыс кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін Жарысқа қатысушылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес шығуын қатаң қадағалайды. Мәре түзуінде төрешілер алғашқы 50 (елу) мәрешіні мәре хаттамаларына тіркейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстырып тексеру үшін Жарыстың Бас төрешісіне ұсынылады.

Жарыстың Төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.

16.3. Жарыстың Бас дәрігері:

Жарыстың Бас дәрігері жарыс жолында және Жарыстың сөре-мәре қалашығында медициналық қызметкерлер мен Жарыс еріктілерінің жұмысына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда, Жарыстың Бас дәрігері қатысушыны Жарыстан алып тастай алады.

 

17. ФОРС-МАЖОР

17.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары/ұйымдары/қызметтері, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарабынан Жарысты өткізуге ресми тыйым салынған жағдайда, Жарыс кейінірек мерзімге ауыстырылады. Жарысқа қатысушылардың осыған дейін төлеген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде Жарыс өтетін жаңа күнге ауыстырылады. Жарысты өткізудің нақты (жаңа) күні қатысушыларға осы Ереженің 20-бабында көрсетілген Ұйымдастырушының Ақпараттық дереккөздерінде осы ақпаратты орналастыру, сондай-ақ Жарысқа тіркелу кезінде Жеке кабинетте көрсетілген Қатысушының жеке поштасына хабарламалар жіберу арқылы кейінірек хабарланады.

17.2. Қазақстан Республикасының қабылданған мемлекеттiк нормативтiк-құқықтық актiлерiне байланысты Жарыстың басқа елден келетін шетелдiк қатысушысы Жарыстың басталу қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өте алмаған және Жарысқа қатыса алмайтын жағдайда, ол Ұйымдастыру комитетіне өзінің сөрелік жарнасын келесі «Summer Relay» 2025 жүгіру жарысына ауыстыру туралы өтінім бере алады. Бұл жағдайда өтінім беру оны info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу арқылы жүзеге асырылады.

 

18. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТ-ТАЛАПТАР

18.1. Наразылықтар Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды Жарыстың Төрешілер алқасы қарайды.

18.2. Жарысқа Қатысушы Жарыс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде кінәрат-талап қоюға құқылы.

Кінәрат-талаптар info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберіледі.

Кінәрат-талап қою кезінде Жарысқа қатысушы мына деректерді көрсетуі қажет:

• қатысушының аты-жөні (анонимді өтініштер қаралмайды);

• кінәрат-талаптың мәні, кінәрат-талаптың мазмұны;

• кінәрат-талап қою негіздері (фотосурет немесе бейнежазба).

18.3. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті наразылық және/немесе кінәрат-талап алынған мезеттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Жарысқа қатысушыға ресми жауап дайындайды, ол кінәрат-талап/наразылық берілген электронды адреске жіберіледі.

18.4. Кінәрат-талаптар тек Жарыс қатысушыларынан ғана қабылданады.

 

19. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН АККРЕДИТТЕУ

19.1. Жарысқа бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу алдын ала жүргізіледі. Жарысқа аккредиттеу үшін 2024 жылдың «02» шілдесіне дейін prmanager@almaty-marathon.kz электронды поштасына деректерді (БАҚ атауы, тілшінің, оператордың, фотографтың аты-жөні, байланыс телефоны және e-mail адресі) жіберу қажет.

 

20. ЖАРЫСТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРІ

20.1. Жарыс туралы толық ақпарат www.almaty-marathon.kz интернет-сайтында, сондай-ақ Ұйымдастыру комитетінің мына әлеуметтік желі аккаунттарында орналастырылған:

 

Жарыстың Ұйымдастыру комитеті басқа ақпараттық ресурстарда орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді.

 

21. ЖАРЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

21.1. Спорттық жарыстың бейнесін және (немесе) дыбысын кез келген тәсілмен және (немесе) кез келген технологияның көмегімен трансляциялау, сондай-ақ аталмыш трансляцияны бейнежазбаға түсіру арқылы Жарыс туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың айрықша құқығы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорына (бұдан әрі — Құқық иесі) тиесілі.

Құқық иесі спорттық жарыс туралы ақпаратты жариялау құқықтарын үшінші тұлғалардың сатып алуы туралы үшінші тұлғалармен жазбаша түрде шарттар жасасуға құқылы.

 

22. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

22.1. Жарысты өткізу туралы осы Ереже Жарысқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.

22.2. Ұйымдастыру комитеті Жарысты өткізу туралы осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.