Ресми ережелерi

2024 жылғы «Taraz City Run» (бұдан әрі – «Жарыс») – негізгі қашықтығы 10 км болатын жүгіру жарысы, оның ішінде 5 км қашықтық, 3 км балалар жарысы, скандинавиялық жүріс – 5 км. Бұл Тараз қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алатын жүгіру және спорт әуесқойлары үшін қалалық мереке.


1. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТТАРЫ



2. ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

2.1.  Жарысты өткізу кезінде жалпы басшылықты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

2.2.  Жарысты дайындау мен өткізуді ұйымдастыру «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастыру комитеті») жүктеледі.

3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ:

3.1.  Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 2024 жылдың 10 қарашасы, сағ. 07:00-ден 12:00-ге дейін.

3.2.  Жарыстың өтетін орны: Тараз қаласы.

3.3. Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі: Көне Тараз алаңы.

4. ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ

4.1.  Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енгізілді:

4.2.  Жарыстың жас санаттары:

4.2.1.  10 км қашықтығының жас санаттары:

4.2.2. 5 км қашықтығының жас санаттары:

4.2.3. 3 км балалар қашықтығының жас санаттары:

4.2.4. 5 км скандинавиялық жүріс қашықтығының жас санаттары:


5. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

5.1.  Жарысқа мына жас санаттарындағы адамдардың қатысуына рұқсат беріледі:

5.2. Жарысқа тіркеу кезінде Жарыс өтетін кездегі толық жас мөлшері есепке алынады.


6. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

6.1.  Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымдастыру комитеті көтереді.

6.2.  Жарыстың жол жүрумен, орналасумен және тамақтанумен байланысты шығындарын қатысушыларды іссапарға жіберген ұйымдар немесе Жарысқа қатысушылардың өздері көтереді.


7. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

7.1.  Жарысқа қатысушыларды жеке қашықтықтарға (10 км, 5 км, 3 км балалар қашықтығы, 5 км скандинавиялық жүріс) тіркеу almaty-marathon.kz сайтында 2023 жылдың 9-шы қыркүйектен бастап, 2024 жылдың 25 қазанына дейін немесе 1 500 (мың бес жүз) қатысушыға жеткен кезде аяқталады.

7.2. Жарыстың корпоративтік қатысушыларын тіркеу info@almaty-marathon.kz электронды поштасына сұраным жолдау арқылы жүзеге асырылады. Бір компаниядан Жарысқа қатысушылар саны 10 (он) адамнан артық болуы тиіс. Жарысқа қатысушылар саны 10 (он) адамға жетпейтін ұйымдар мен компаниялар almaty-marathon.kz сайтында өз қызметкерлерін өздері тіркейді.

Жарыстағы жеке қашықтықтарға (10 км, 5 км, 5 км скандинавиялық жүріс) корпоративтік қатысу ақысын Ұйымдастыру комитетінің есеп айырысу шотына ақша қаражатын аудару арқылы ұйым немесе компания төлейді. Тіркеу электронды поштаға сұраным жолдау және арнайы нысанды толтыру негізінде жүзеге асырылады.

7.3.  Келесі қатысушы Жарысқа тіркелген болып саналады:

  1. almaty-marathon.kz сайтында нақты қашықтыққа тіркелген қатысушы;

  2. қатысушының жеке нөмірін алған қатысушы;

  3. сөрелік жарнаны төлеген қатысушы

Жарысқа қатысушылар тізіміне өтінім ақысын (слот) төлеген спортшылар ғана енгізіледі. 

7.4.  Жарысқа қатысушы тіркелу және сөрелік жарнаны төлеу арқылы осы Ереженің барлық талаптарымен келіседі.

7.5. Жарыс қашықтықтарының сөрелік жарналарының құны:

7.6. Жарыстағы қашықтықты өзгерту тек 2024 жылғы 18 қазанды қоса алғанда ғана мүмкін. Егер Байқауға қатысуға арналған слот сатып алынған болса, онда Ұйымдастыру комитетіне хабарласып, қашықтықты өзгерту үшін 1 000 (бір мың) теңге төлеу керек. Байқау қашықтығы қысқадан ұзағыраққа өзгертілген жағдайда слоттар құнының айырмашылығы да төленеді. Байқау қашықтығы ұзағырақтан қысқаға өзгертілсе, слоттар құнының айырмасы қайтарылмайды. Жарыс қашықтығын өзгерту тек таңдалған Жарыс қашықтықта бос слоттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жарыстың бір қашықтықтан екіншісіне өзгерту кезінде қатысушының нөмірі сақталмайды. Қашықтықты өзгерту үшін қатысушының жеке кабинетіндегі «Менің жарыстарым» бөліміне өту керек.

7.7. Алтын сөрелік нөмірлер сөрелік нөмірді тіркеу және төлеу кезінде 2024 жылдың 18 қазанына дейін беріледі. Алтын нөмірде сіздің сайтта тіркелу кезінде "аты" бағанына енгізген атыңыз көрсетіледі. Нөмірде лақапат, балағат сөздер, ұрандар және басқа ұрандар көрсетілмейді. Басып шығарар алдында cөрелік нөмірлердегі деректердің дұрыстығы тексеріледі. Қордың барлық жүгіру жарыстарына қатысқан қатысушылар ғана алтын сөрелік нөмірге үміткер бола алады.

7.8. Атаулы сөрелік нөмірлер 2024 жылғы 18 қазанға дейін қоса алғандағы кезеңде тіркеліп, сөрелік нөмірдің ақысын төлеген кезде беріледі. Атаулы нөмірде сіздің сайтқа тіркелу кезінде «Аты» бағанына енгізген есіміңіз көрсетіледі. Нөмірде лақап аттар, әдепсіз сөздер, ұрандар және басқа да үндеулер көрсетілмейді. Сөрелік нөмірді басып шығарудың алдында деректердің дұрыстығы тексеріледі.

7.9. Жарысқа қатысқаны үшін енгізілген қаражат қайтарылмайды. Дұрыс емес немесе басқа біреудің ID-нөміріне бағытталған қаражат қайтарылмайды және жарыстың басқа қатысушысына аударылмайды, сондай-ақ қатысу ақысын "Бірінші болу – батылдық" КҚ-ның басқа жарысына аударуға болмайды.

7.10. 2024 жылдың 25 қазанына дейін сөрелік нөміріңізді басқа қатысушыға қайта рәсімдей аласыз. Ол үшін info@almaty-marathon.kz мекенжайына жаңа қатысушының мәліметтері жазылған өтініш жіберу қажет. Қайта тіркеу құны 1000 (бір мың) теңге. Қайта тіркеу кезінде алғашқы қатысушының жеке нөмірі сақталады. Жаңа қатысушы almaty-marathon.kz сайтында тіркелуі керек.

7.11. Жарысқа қатысушы сөрелік нөмірін анық көрінетіндей етіп кеуде тұсына немесе арнайы белдікке орналастыруы тиіс.

7.12. Жарысқа өзге біреудің нөмірімен қатысуға тыйым салынады. Жарысқа қатысушы өзінің сөрелік нөмірін басқа қатысушыға бергені белгілі болса, Ұйымдастыру комитеті екі қатысушыны да жарыстан шеттетіп, нәтижелерін жояды, сонымен қатар, екі қатысушыны да келесі үш Жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырады.

7.13. Жарысқа құлаққаппен қатысуға тыйым салынады.

7.14. Мүгедектер арбасындағы, хэндбайктағы қатысушылар мен арнайы жүгіру арбасында баласы бар қатысушылар бөлек кластерден сөреге шығады. Кластерге кіру үшін 2024 жылғы 25 қазан күні сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына алдын ала өтінім жіберу қажет. Арбадағы қатысушыда, сондай-ақ оны алып жүретін адамда 2024 жылғы «Taraz City Run» жарысының сөрелік нөмірі болуы міндетті.

7.15. Жүгіру арбасындағы баласы бар спортшылардың қатысуына қойылатын талаптар. Арбада алып жүретін адамның қолына бекітілетін қауіпсіздік белдігі, үрлемелі доңғалақтары болуы тиіс, бала қауіпсіздік белдігімен бекітілуі, алдыңғы доңғалақтары белгілі бір қалыпта бекітілген болуы тиіс.

7.16. Мүгедектігі бар қатысушылар тегін қатыса алады. Ол үшін 2024 жылдың 18 қазанына дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтініш жіберу керек. Өтініште қатысушының тегі, аты, қашықтығы, сондай-ақ мүгедектігін растайтын құжаттар болуы керек. Мүгедектігі бар адаммен бірге жүгіретін қатысушы қатысу ақысын жеке төлейді. Мүмкіндігі шектеулі қатысушыларға арналған орындар саны шектеулі. Егер барлық бос орындар бітіп қалған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті спортшыны тегін слот ұсынудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

8. СӨРЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ БЕРУ

8.1. Жарысқа қатысушыларға арналған сөрелік жинақтарды беру 2024 жылдың 08-09 қараша күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Берілетін орын: Тараз қ., Төле би, 27, Mart сауда және ойын-сауық кешені.

Назар аударыңыз! Жарысқа қатысушыларға сөрелік жиынтықтар басқа күндері берілмейді.

8.2. Қатысушының бастапқы жиынтығына: сөрелік нөмір, нәтижені бекітуге арналған чип, сөмке және түйреуіштер кіреді.

8.3. Жарыстың корпоративтік қатысушылары сөрелік жинақтарын Жарысты өткізу туралы осы Ереженің 8.1-тармағында көрсетілген сөрелік нөмірлерді беру уақытында 2024 жылғы 08-09 қараша күндері ала алады. Сөрелік нөмірді алу үшін өз жеке куәлігінің түпнұсқасын немесе электронды нұсқасын, сонымен қатар, қалған қатысушылардың жеке куәліктерінің түпнұсқаларын немесе электронды нұсқаларын, сондай-ақ олардың өздері қол қойған денсаулық туралы қолхаттарын ұсыну қажет. Сөрелік жинақты алатын адам бір алғанда жарысқа қатысушылардың 5 (бес) сөрелік жинағынан (өз сөрелік жинағын қоса алғанда) артық ала алмайды.

8.4.  Жарысқа қатысушылар мына құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жарысқа жіберіледі:

18 жасқа толмаған қатысушылар үшін:


18 жастан асқан қатысушылар үшін:


Қатысушылар денсаулық туралы қолхатқа Almaty Marathon сайтында онлайн қол қоя алады немесе сөрелік жинақтар берілетін күні QR кодын сканерлеу арқылы қол қоя алады. Электронды қолтаңбамен қол қою үшін ЭЦҚ белсенді кілттерімен EGOV mobile қолданбасын пайдалану қажет. Электронды қолхат болған жағдайда, қағаз нұсқасы қажет болмайды.


8.5. Жарысқа қатысушы сөрелік жинағын өзі алып кете алмайтын жағдайда, ол өзінің өкілін жібере алады. Өкіл қатысушының да, өзінің де жеке куәліктерінің түпнұсқаларын немесе электронды нұсқаларын, сонымен қатар, Жарысқа қатысушының қолы қойылған денсаулық туралы қолхатты (қағазға басып шығарылған немесе онлайн қол қойылған) ұсынуы тиіс. Сөрелік жинақты алатын өкіл бір алғанда жарысқа қатысушылардың 5 (бес) сөрелік жинағынан (өз сөрелік жинағын қоса алғанда) артық ала алмайды.

8.6. Қатысушы слотты сатып алғаннан кейін ауырып қалуына, жарақат алуына, басқа қалаға, іссапарға кетуіне, жұмыс ауысымына байланысты жарысқа қатыса алмайтын жағдайда, қатысушы таңдаған километріне сәйкес қашықтықты басқа уақытта немесе басқа жерде жүгіріп өтіп, жарыстан кейін 14 (он төрт) күн ішінде медалін «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының офисінен алып кете алады. Оны алу үшін онлайн-трекердегі жүгіру жазбасын, сондай-ақ жарыста болмау себебін растайтын құжатты (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, дәрігердің қорытындысы, іссапар туралы бұйрық немесе іссапар куәлігі, ұшаққа отырғызу талондарының көшірмелері) және қатысушының жеке куәлігінің фотосуретін немесе түпнұсқасын көрсету қажет. Мәжбүрлі онлайн қатысуға өтінімді спортшы сөрелік жинақтарды берудің екінші күні басталғанға дейін, атап айтқанда, 2024 жылғы 25 қазан күнгі сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберуі тиіс.

8.8. Қатысушы өзінің сөрелік жинағын білмесе, ұмытып кетсе, алуға үлгермеген болса, жарыс өткеннен кейін онлайн-трекер бойынша медаль беру мүмкін болмайды.

8.9. Басқа жағдайлар 2024 жылғы 25 қазан күнгі сағ. 14:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтінім берген кезде жеке қарастырылады.

9. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (кейінірек жарияланады)

9.1. Қашықтықтарды жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеулері:


10. САҚТАУ КАМЕРАСЫ

10.1.Қатысушылар өз заттарын сақтау камерасына қатысушылар сөрелік нөмірді беру кезінде алатын 2024 жылғы «Taraz City Run» жарысының брендтелген сөмкелерімен ғана тапсыра алады.

10.2. Ұйымдастырушы қатысушы сөмкесінің ішіндегі заттарға жауапты болмайды.

10.3. Сақтау камерасына шабадандар, ірі көлемді сөмкелер және брендтелген сөмкеге салынбаған басқа да заттар қабылданбайды.

10.4. Ұйымдастыру комитеті сөмкелердегі заттардың жоғалғаны туралы кінәрат-талаптарды қарастырмайды. Ұйымдастыру комитеті бағалы заттарды, қолма-қол ақшаны және әшекейлерді сақтау камерасына өткізбеуге кеңес береді.

10.5. Заттарды сақтау камерасына тапсыру кезінде қатысушы сөрелік нөмірге бекітілетін стикерді алады. Стикер жоғалған жағдайда, сөмке қатысушыға жарыс өткен күні берілмейді. Сөмкені іс-шара аяқталғаннан кейін бір апта ішінде алып кетуге болады. Тексеру үшін қатысушыдан сөмкенің ішіндегі заттарды нақты сипаттап беру сұралады. Беру орны ресми ақпарат көздерінде кейінірек көрсетіледі.


11. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ

11.1.  Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс қатысушыларының нәтижелерін Жарыстың электронды хронометраж жүйесі тіркейді және Жарыстың төрешілер алқасы растайды. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мәреге жету уақыты бойынша жүзеге асырылады.

11.2. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау World Athletics ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

11.3.  Жарыстың ресми нәтижелері Жарыс аяқталғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде almaty-marathon.kz сайтында жарияланады.

Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзғаны туралы ақпарат алған жағдайда, ол жарыс өткен орынға тексеру жүргізіп, фото- және бейнетіркеу материалдарын талдауға құқылы. Ереже бұзушылық расталған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті қорытынды хаттаманы өзгертуге құқылы.

11.4.  Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмірі кеуде тұсында немесе арнайы белдікте дұрыс бекітілген жағдайда ғана тіркеледі.

11.5.  Жарыстың Ұйымдастыру комитеті төмендегі жағдайларда Жарысқа қатысушылардың жеке нәтижелерінің тіркелетініне кепілдік бермейді:

11.6. Өз нәтижесін қалай түсінуге болады – терминология:


МАҢЫЗДЫ! ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТЫСУШЫНЫҢ GUN TIME МӘРЕГЕ ЖЕТУ УАҚЫТЫ БОЙЫНША АНЫҚТАЛАДЫ.

12. ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

12.1. 10 км – ер және әйел қатысушылар абсолютті біріншіліктегі 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақша сертификатын, грамота, медаль және бағалы жүлде алады. Жарыстың осы қашықтығындағы абсолюттік есептегі жеңімпаздар жас санаттарында марапатталмайды.

12.2. 5 км – ер және әйел қатысушылар жас санаттарындағы 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақша сертификатын, грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

12.3.  3 км балалар қашықтығы – ұл және қыз балалар жас санаттарындағы 1-3 орындар үшін марапатталады. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақша сертификатын, грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

12.4.  «5 км Скандинавиялық жүріс» қашықтығында марапаттау болмайды.

12.5.Белгіленген уақыт шегінде мәреге жеткен барлық қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады.

12.6. Ақшалай жүлделер Жарыс өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Жарыс жеңімпазының жеке банктік шотына аудару арқылы беріледі. Ақшалай жүлдені алу үшін Жарыс жеңімпазы Жарыс өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мына құжаттарды жіберуі тиіс:


Құжаттарды info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу қажет.


12.7. Жарысқа қатысушы жүлделі орынды иеленгені үшін сыйлығын Жарыс кезінде алып кетпеген жағдайда, ол оны Жарыс өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алып кете алады. Нақты беру орны ресми ақпарат дереккөздерде жарияланады. Жарысқа қатысушы сыйлықтарды өздігінен алып кете алмайтын және оларды алуды сенімді адамға табыстай алмайтын жағдайда, Жарыс жеңімпазы info@almaty-marathon.kz электронды поштасына Ұйымдастыру комитеті алушының есебінен сыйлықтарды жолдай алатын мекенжайды жіберуі тиіс. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана беріледі.

12.8. Мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы жеңімпаздарға сыйлықтарды бермеу құқығын өзіне қалдырады.

13. ЖАРЫС КЕЗ3НДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жарыстар World Athletics (бұдан әрі – WA) ережелері бойынша өткізіледі.

13.1. Біздің ұсынымдарымыз:

13.2. Мыналарға тыйым салынады:


14. ЖАРЫСТАН ШЕТТЕТУ

14.1. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті мына жағдайларда Жарысқа қатысушыны Жарыстан шеттетуге құқылы:

14.2. – Медициналық көрсетімдер бойынша жарыс төрешілері берген немесе олардың басшылығымен берілген жағдайлардан басқасында, тамақты немесе суды ресми тамақтану орны болып табылмайтын басқа жерден алған;

– немесе басқа қатысушыдан алған қатысушыға төреші бастапқыда сары қағаз көрсету арқылы ескерту жасауы тиіс. Ережені екінші рет бұзғанда, төреші қызыл қағаз көрсету арқылы қатысушыны жарыстан шеттетуі тиіс.

14.3. Ұйымдастыру комитеті Жарыс кезінде бейнекамера, мобильді телефон немесе смартфон, радио, плеер, құлаққап және басқа да аппаратура қолданған қатысушыны жарыстан шеттетуге құқылы.

14.4. Жарысқа қатысушылар мына жағдайларда қорытынды хаттамадан шығарылады:

14.5. Қатысушы шараны ұйымдастырушыларға, төрешіге, волонтерларға қатысты әдепсіз, дөрекі немесе қорлайтын сөздерді қолданғаны үшін жарыстан шеттетілуі мүмкін.

14.6. Жарысқа қатысушылардың рұқсат етілмеген саяси, әлеуметтік және т.с.с. митингтерді, арандатушылық үндеулерді, саяси үгіттеуді, наразылық акцияларын, демонстрацияларды өткізуіне, сондай-ақ саяси немесе әлеуметтік бағытпен байланысты кез келген атрибуттарды, логотиптерді пайдалануына тыйым салынады. Осы тармақты бұзғаны үшін қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.


15. ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

15.1. Жарыстың төрешілер алқасы Жарыс ережелерінің сақталуын, Жарысқа қатысушылардың арасында спорттық доданың әділ және адал жүргізілуін, ал Жарыс жеңімпазының объективті түрде анықталуын мұқият қадағалайды. Жарысқа қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері Жарыстың төрешілер алқасын құрайды.

15.2. Жарыстың Төрешілер алқасының құрамына мыналар кіреді:

Жарыстың Бас төрешісі Жарыстың жекелеген төрешілері арасында міндеттерді бөледі және Жарыс аяқталғаннан кейін Ұйымдастыру комитетіне есеп береді.


Жарыстың Бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді қорытады, төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді жарыстың барысы туралы хабардар ету үшін қажетті материалдарды уақтылы дайындайды, ал Жарыс аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы есепті құрастырады.


Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері жарыс кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін Жарысқа қатысушылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес шығуын қатаң қадағалайды. Мәре түзуінде төрешілер алғашқы 50 (елу) мәрешіні мәре хаттамаларына тіркейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстырып тексеру үшін Жарыстың Бас төрешісіне ұсынылады. Жарыстың төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандар шақырылуы мүмкін.

15.3. Жарыстың Бас дәрігері

Жарыстың Бас дәрігері жарыс жолында және Жарыстың сөре-мәре қалашығында медициналық қызметкерлер мен Жарыс еріктілерінің жұмысына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда, Жарыстың Бас дәрігері қатысушыны Жарыстан алып тастай алады.



16. ФОРС-МАЖОР

16.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары/ұйымдары/қызметтері, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарабынан Жарысты өткізуге ресми тыйым салынған жағдайда, Жарыс кейінірек мерзімге ауыстырылады. Жарысқа қатысушылардың осыған дейін төлеген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде Жарыс өтетін жаңа күнге ауыстырылады. Жарысты өткізудің нақты жаңа күні осы Ереженің 21-бабында көрсетілген Ұйымдастыру комитетінің Ақпараттық дереккөздерінде, сондай-ақ қатысушының Жарысқа тіркелу кезінде көрсеткен электронды поштасына таратылым жіберу арқылы кейінірек хабарланады.

16.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нормативтiк-құқықтық актiлерiне байланысты Жарыстың басқа елден келетін шетелдiк қатысушысы Жарыстың басталу қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өте алмаған және Жарысқа қатыса алмайтын жағдайда, ол Ұйымдастыру комитетіне өзінің сөрелік жарнасын 2025 жылғы «Алматы Марафон» жарысына ауыстыру туралы өтінім бере алады. Бұл жағдайда өтінім info@almaty-marathon.kzэлектронды поштасына жіберілуі тиіс.

17. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТ-ТАЛАПТАР

17.1.  Наразылықтар Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды Жарыстың төрешілер алқасы қарайды.

17.2.  Жарысқа Қатысушы Жарыс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде кінәрат-талап қоюға құқылы.

Кінәрат-талаптар info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберіледі.

Кінәрат-талап қою кезінде Жарысқа қатысушы мына деректерді көрсетуі қажет:

17.3.  Жарыстың Ұйымдастыру комитеті наразылық және/немесе кінәрат-талап алынған мезеттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жарыс қатысушысына ресми жауап дайындайды, ол кінәрат-талап/наразылық берілген электронды адреске жіберіледі.

17.4.  Кінәрат-талаптар тек Жарысқа қатысушылардан ғана қабылданады.

18. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН АККРЕДИТТЕУ

18.1. Бұқаралық ақпарат құралдарын Жарысқа аккредиттеу үшін деректерді (БАҚ атауы, тілшінің, оператордың, фотографтың аты-жөні, байланыс телефоны және e-mail адресі) 2024 жылғы 8 қарашаға дейінгі мерзімде prmanager@almaty-marathon.kzэлектронды поштасына жіберу қажет.

19. ЖАРЫСТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРІ

19.1. Жарыс туралы толық ақпарат almaty-marathon.kzсайтында, сондай-ақ Ұйымдастыру комитетінің келесі әлеуметтік желі аккаунттарында орналастырылған:


Жарыстың Ұйымдастыру комитеті басқа ақпараттық ресурстарда орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді.


20. ЖАРЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

23.1. Жарыс туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың: спорттық жарыстың бейнесін және (немесе) дыбысын кез келген тәсілмен және (немесе) кез келген технологияның көмегімен трансляциялаудың, сондай-ақ трансляцияны бейнежазбаға түсірудің айрықша құқығы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорына (бұдан әрі — Құқық иесі) тиесілі.

Құқық иесі спорттық жарыс туралы ақпаратты жариялау құқықтарын үшінші тұлғалардың сатып алуы туралы жазбаша түрде шарттар жасасуға құқылы.


21. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24.1. Жарысты өткізу туралы осы Ереже Жарысқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.

24.2. Ұйымдастыру комитеті Жарысты өткізу туралы осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.