Ресми ережелерi

2024 жылғы «Turkistan Marathon»

жүгіру жарысын өткізу туралы ереже

 

2024 жылғы «Turkistan Marathon» (бұдан әрі – «Жарыс») – 42 км 195 м негізгі қашықтығын, сонымен қатар, 21 км 97,5 м жартылай марафонын, 10 км-ге жүгіру жарысын, 10 км-ге скандинавиялық жүрісті, 3 км-ге балалар жарысын қамтитын жүгіру жарысы. Бұл – Түркістан қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алатын жүгіру мен спорт әуесқойларының қалалық мерекесі. 2024 жылғы «Turkistan Marathon» аясында 35 жастан асқан Masters санатындағы қатысушылар арасында марафон жарысы (42 км 195 м) бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

 

1. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТТАРЫ

 

 

2. ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

2.1. Жарысты өткізу кезінде жалпы басшылықты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

2.2. Жарысты дайындау мен өткізуді ұйымдастыру «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастыру комитеті») жүктеледі.

 

3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ:

3.1. Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 2024 жыл 27 қазан, сағ. 05:30-дан 13:30-ға дейін.

3.2. Жарыстың өтетін орны: Түркістан қаласы.

Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі: Әмір Темір көшесі, 53А, Visit Centre Turkistan (көлік тұрағы).

 

4. ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ

4.1. Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енгізілді:

4.2. Жарыстың жас санаттары:

4.2.1. Марафонның (42 км 195 м) жас санаттары:

4.2.2. 21 км 97,5 м жартылай марафонының жас санаттары:

4.2.3. 10 км қашықтығының жас санаттары:

4.2.4. 3 км қашықтығының жас санаттары:

 

4.2.5. ҚР Чемпионаты аясындағы 42 км қашықтығының жас санаттары, Masters санаты:

 

5. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

5.1. Жарысқа мына жас санаттарындағы адамдардың қатысуына рұқсат беріледі:

5.2. Жарыста бір мезгілде бірнеше қашықтыққа қатысуға қатаң түрде тыйым салынады.

5.3. Жарысқа тіркеу кезінде жарыс өтетін кездегі толық жас мөлшері есепке алынады.

 

6. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

6.1. Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымдастыру комитеті көтереді.

6.2. Жарыстың жол жүрумен, орналасумен және тамақтанумен байланысты шығындарын қатысушыларды іссапарға жіберген ұйымдар немесе Жарысқа қатысушылардың өздері көтереді.

 

7. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

7.1.  Жарысқа қатысушыларды жеке қашықтықтарға (42 км 195 м, 21 км 97,5 м, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, 3 км) тіркеу almaty-marathon.kz сайтында 2024 жылдың 15 шілдесінен басталып, 2024 жылдың 14 қазанында немесе 3 000 (үш мың) қатысушыға жеткен кезде аяқталады.

7.2. Жарыстың корпоративтік қатысушыларын тіркеу info@almaty-marathon.kz электронды поштасына сұраным жолдау арқылы жүзеге асырылады. Бір компаниядан Жарысқа қатысушылар саны 30 (отыз) адамнан артық болуы тиіс. Жарысқа қатысушылар саны 30 (отыз) адамға жетпейтін ұйымдар мен компаниялар almaty-marathon.kz сайтында өз қызметкерлерін өздері тіркейді.

Жарыстағы жеке қашықтықтарға (42 км 195 м, 21 км 97,5 м, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс) корпоративтік қатысу ақысын Ұйымдастыру комитетінің есеп айырысу шотына ақша қаражатын аудару арқылы ұйым немесе компания төлейді. Тіркеу электронды поштаға сұраным жолдау және арнайы нысанды толтыру негізінде жүзеге асырылады.

7.3. Келесі қатысушы Жарысқа тіркелген болып саналады:

1) almaty-marathon.kz сайтында нақты қашықтыққа тіркелген қатысушы;

2) қатысушының жеке нөмірін алған қатысушы;

3) сөрелік жарнаны төлеген қатысушы

Жарысқа қатысушылар тізіміне өтінім ақысын төлеген спортшылар ғана енгізіледі. 

7.4. Жарысқа қатысушы тіркелу және сөрелік жарнаны төлеу фактісінің өзі арқылы осы Ереженің барлық талаптарымен келіседі.

7.5. Жарыс қашықтықтарының сөрелік жарналарының құны:

7.6. Жарыста қашықтықты ауыстыру 2024 жылдың 14 қазанына дейін қоса алғандағы кезеңде ғана мүмкін болады. Жарысқа қатысу слоты сатып алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитетіне хабарласып, қашықтықты ауыстыру үшін 1 000 (бір мың) теңге айыппұл төлеу қажет. Жарыс қашықтығы аздан көпке ауыстырылған жағдайда, слоттар құнының айырмасы да қосымша төленеді. Жарыс қашықтығы көптен азға ауыстырылған жағдайда, слоттар құнының айырмасы қайтарылмайды. Жарыс қашықтығы таңдалған Жарыс қашықтығында бос слоттар болған жағдайда ғана ауыстырылады. Жарыс қашықтығы бір қашықтықтан екіншісіне ауыстырылғанда қатысушының нөмірі сақталмайды.

7.7. Атаулы сөрелік нөмірлер 2024 жылдың 2 қыркүйегіне дейін қоса алғандағы кезеңде тіркеліп, сөрелік нөмірдің ақысын төлеген кезде беріледі. Атаулы нөмірде сіздің сайтқа тіркелу кезінде «Аты» бағанына енгізген аты-жөніңіз көрсетіледі. Нөмірде лақап аттар, әдепсіз сөздер, ұрандар және басқа да үндеулер көрсетілмейді. Сөрелік нөмірді басып шығарудың алдында деректердің дұрыстығы тексеріледі.

7.8. Жарысқа қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды. Дұрыс емес немесе басқа біреудің сәйкестендіру нөміріне жіберілген қаражат қайтарылмайды және Жарыстың басқа қатысушысына, сондай-ақ «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының басқа Жарысына қатысу ақысы ретінде аударылмайды. Сөрелік нөмірді басқа адамға рәсімдеуге болмайды.

7.9. Қатысушының сөрелік нөмірі қайтарылмайды және айырбасталмайды.

7.10. Сөрелік нөмірі жоқ қатысушылар Жарысқа жіберілмейді.

7.11. Жарысқа қатысушы сөрелік нөмірін анық көрінетіндей етіп кеуде тұсына немесе бел буатын белдігіне орналастыруы тиіс.

7.12. Жарысқа өзге біреудің нөмірімен қатысуға тыйым салынады. Жарысқа қатысушы өзінің сөрелік нөмірін басқа қатысушыға бергені белгілі болса, Ұйымдастыру комитеті екі қатысушыны да жарыстан шеттетіп, нәтижелерін жояды, сонымен қатар, екі қатысушыны да келесі үш Жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырады. 

7.13. Жарысқа құлаққаппен қатысуға тыйым салынады.

7.14. Мүгедектер арбасындағы, хэндбайктағы қатысушылар мен арнайы жүгіру арбасында баласы бар қатысушылар бөлек кластерден сөреге шығады. Кластерге кіру үшін 2024 жылдың 20 қазанында сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына алдын ала өтінім жіберу қажет. Арбадағы қатысушыда, сондай-ақ оны алып жүретін адамда 2024 жылғы «Turkistan Marathon» жарысының сөрелік нөмірі болуы міндетті.

7.15. Жүгіру арбасындағы баласы бар спортшылардың қатысуына қойылатын талаптар. Арбада алып жүретін адамның қолына бекітілетін қауіпсіздік белдігі, үрлемелі доңғалақтары болуы тиіс, бала қауіпсіздік белдігімен бекітілуі, алдыңғы доңғалақтары белгілі бір қалыпта бекітілген болуы тиіс.

7.16. Мүгедектігі бар қатысушылар қатысу слотын тегін ала алады. Бұл үшін 2024 жылдың 14 қазанына дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтінім жіберу қажет. Өтінімде қатысушының аты-жөні, қашықтығы, сондай-ақ мүгедектігін растайтын құжаттары көрсетілуі тиіс. Алып жүретін адам қатысу ақысын өзі төлейді. Мүгедектігі бар қатысушыларға арналған слоттар саны шектеулі. Барлық тегін слоттар алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті спортшыға тегін қатысу мүмкіндігін бермеу құқығына ие.

 

8. ELITE КЛАСТЕРІНЕ БІЛІКТІЛІК АЛУ

8.1. Elite – алдын ала расталған біліктілік уақыты бар спортшыларға арналған жеке сөрелік кластер.

8.2. 42 км 195 м, 21 км 97,5 м қашықтықтарында жарыстың элиталық санатына спортшыларды тіркеу almaty-marathon.kz сайтында электронды тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

8.3. Жарыстың элиталық санатына біліктілік алу үшін спортшыға немесе оның ресми өкіліне 2024 жылдың 16 қыркүйегіне дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтінім жіберу және біліктілік уақытын растайтын нәтижелерді ұсыну қажет. Ұқсас қашықтыққа өтінім бергенге дейінгі үш жыл ішінде өткен жарыстардың нәтижелері ескеріледі.

8.4. Жаттығудың мобильді қолданбада жазылуы растау болып табылмайды.

8.5. 42 км 195 м қашықтығында элиталық санатқа қосылуға үміткерлер үшін біліктілік уақыты:
• Ерлер – марафонда 2:50:00-ге дейін.
• Әйелдер марафонда 3:50:00-ге дейін.

8.6. 21 км 97,5 м қашықтығында элиталық санатқа қосылуға үміткерлер үшін біліктілік уақыты:
• Ерлер – жартылай марафонда 1:20:00-ге дейін.
• Әйелдер жартылай марафонда 1:45:00-ге дейін.

9. СӨРЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ БЕРУ

9.1. Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар 2024 жылдың 25-26 қазанында, сағ. 10:00-ден 20:00-ге дейін беріледі. Беру орны: Түркістан қаласы. Беру орнының нақты мекенжайы кейінірек хабарланады.

Назар аударыңыз! Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар басқа күндері берілмейді.

9.2. Қатысушының сөрелік жинағына сөрелік нөмір, нәтижені тіркеуге арналған чип, қатысушы жадынамасы, сөмке, түйреуіштер кіреді.

9.3. Жарыстың корпоративтік қатысушылары сөрелік жинақтарын Жарысты өткізу туралы осы Ереженің 9.1-тармағында көрсетілген сөрелік нөмірлерді беру уақытында 2024 жылдың 25-26 қазан күндері ала алады. Сөрелік нөмірді алу үшін өз жеке куәлігіңіздің түпнұсқасын немесе электронды нұсқасын, сонымен қатар, қалған қатысушылардың жеке куәліктерінің түпнұсқаларын немесе электронды нұсқаларын, сондай-ақ олардың өздері қол қойған денсаулық туралы қолхаттарын ұсыну қажет. Сөрелік жинақты алатын адам бір алғанда жарысқа қатысушылардың 5 (бес) сөрелік жинағынан (өз сөрелік жинағын қоса алғанда) артық ала алмайды.

9.4. Жарысқа қатысушылар мына құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жарысқа жіберіледі:

18 жасқа толмаған қатысушылар үшін:

18 жастан асқан қатысушылар үшін:

Қатысушылар денсаулық туралы қолхатқа Almaty Marathon сайтында онлайн қол қоя алады немесе сөрелік жинақтар берілетін күні QR кодын сканерлеу арқылы қол қоя алады. Электронды қолтаңбамен қол қою үшін ЭЦҚ белсенді кілттерімен EGOV mobile қолданбасын пайдалану қажет. Электронды қолхат болған жағдайда, қағаз нұсқасы қажет болмайды.

9.5.  Жарысқа қатысушы сөрелік жинағын өзі алып кете алмайтын жағдайда, ол өзінің өкілін жібере алады. Өкіл қатысушының да, өзінің де жеке куәліктерінің түпнұсқаларын немесе электронды нұсқаларын, сонымен қатар, Жарысқа қатысушының қолы қойылған денсаулық туралы қолхатты (қағазға басып шығарылған немесе онлайн қол қойылған) ұсынуы тиіс. Сөрелік жинақты алатын өкіл бір алғанда жарысқа қатысушылардың 5 (бес) сөрелік жинағынан (өз сөрелік жинағын қоса алғанда) артық ала алмайды.

9.6. Жарыстың ақысы төленген футболкалары сөрелік жинақтарды беру күнінде ғана беріледі. Жарысқа қатысушы футболканы алып кетпесе, алдағы уақытта оны ала алмайды.

9.7. Қатысушы слотты сатып алған, бірақ ауырып қалуына, жарақат алуына, басқа қалаға, іссапарға кетуіне, жұмыс ауысымына байланысты жарысқа шыға алмайтын жағдайда, қатысушы таңдаған километражына сәйкес қашықтықты басқа уақытта немесе басқа жерде жүгіріп өтіп, жарыстан кейін 2 (екі) аптаның ішінде медалін «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының офисінен алып кете алады. Оны алу үшін онлайн-трекердегі жүгіру жазбасын, сондай-ақ жарыста болмау себебін растайтын құжатты (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, дәрігердің қорытындысы, іссапар туралы бұйрық немесе іссапар куәлігі, ұшаққа отырғызу талондарының көшірмелері) және қатысушының жеке куәлігінің фотосуретін немесе түпнұсқасын көрсету қажет. Мәжбүрлі онлайн қатысуға өтінімді спортшы сөрелік жинақтарды берудің екінші күні басталғанға дейін, атап айтқанда, 2024 жылы 14 қазан күні сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберуі тиіс.

9.8. Қатысушы өзінің сөрелік жинағын білмесе, ұмытып кетсе, алуға үлгермеген болса, жарыс өткеннен кейін онлайн-трекер бойынша медаль беру мүмкін болмайды.

9.9. Басқа жағдайлар 2024 жылы 14 қазан күні сағ. 14:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтінім берген кезде жеке қарастырылады.

 

11. ЖАРЫСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ (кейінірек жарияланады)

11.1. Қашықтықтарды жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеулері:

 

12. САҚТАУ КАМЕРАСЫ

12.1. Қатысушылар өз заттарын сақтау камерасына қатысушылар сөрелік нөмірді беру кезінде алатын 2024 жылғы «Turkistan Marathon» жарысының брендтелген сөмкелерімен ғана тапсыра алады.

12.2. Ұйымдастырушы қатысушы сөмкесінің ішіндегі заттарға жауапты болмайды.

12.3. Сақтау камерасына шабадандар, ірі көлемді сөмкелер және брендтелген сөмкеге салынбаған басқа да заттар қабылданбайды.

12.4. Ұйымдастыру комитеті сөмкелердегі заттардың жоғалғаны туралы кінәрат-талаптарды қарастырмайды. Ұйымдастыру комитеті бағалы заттарды, қолма-қол ақшаны және әшекейлерді сақтау камерасына өткізбеуге кеңес береді.

12.5. Заттарды сақтау камерасына тапсыру кезінде қатысушы сөрелік нөмірге бекітілетін стикерді алады. Стикер жоғалған жағдайда, сөмке қатысушыға жарыс өткен күні берілмейді. Сөмкені іс-шара аяқталғаннан кейін бір апта ішінде алып кетуге болады. Тексеру үшін қатысушыдан сөмкенің ішіндегі заттарды нақты сипаттап беру сұралады. Беру орны ресми ақпарат көздерінде кейінірек көрсетіледі.  

 

13. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ

13.1. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс қатысушыларының нәтижелерін Жарыстың электронды хронометраж жүйесі тіркейді және Жарыстың төрешілер алқасы растайды. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мәреге жету уақыты бойынша жүзеге асырылады.

13.2. Жарыс қашықтықтары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау World Athletics ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

13.3. Жарыстың ресми нәтижелері Жарыс аяқталғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде almaty-marathon.kz сайтында жарияланады.

Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзғаны туралы ақпарат алған жағдайда, ол жарыс өткен орынға тексеру жүргізіп, фото- және бейнетіркеу материалдарын талдауға құқылы. Ереже бұзушылық расталған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті қорытынды хаттаманы өзгертуге құқылы. 

13.4. Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмірі кеуде тұсында немесе бел буатын белдігінде дұрыс бекітілген жағдайда ғана тіркеледі.

13.5. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті төмендегі жағдайларда Жарысқа қатысушылардың жеке нәтижелерінің тіркелетініне кепілдік бермейді:

13.6. Өз нәтижесін қалай түсінуге болады – терминология:

МАҢЫЗДЫ! Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысушының GUN TIME мәреге жету уақыты бойынша анықталады.

 

14. ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

14.1. Марафон (42 км 195 м) – ер және әйел қатысушылар абсолютті біріншіліктегі 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақша сертификатын, грамота, медаль және бағалы жүлде алады. Жарыстың осы қашықтығындағы абсолюттік есептегі жеңімпаздар жас санаттарында марапатталмайды.

14.2. Марафон (42 км 195 м) – ер және әйел қатысушылар жас санаттарындағы 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

14.3. Жартылай марафон (21 км 97,5 м) – ер және әйел қатысушылар абсолютті біріншіліктегі 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақша сертификатын, грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

14.4. 10 км-ге жарыс – ер және әйел қатысушылар жас санаттарындағы 1-3 орындар үшін марапатталады. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақша сертификатын, грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

14.5. «10 км Скандинавиялық жүріс» қашықтығында марапаттау болмайды.

14.6.  3 км-ге жарыс – өз жас санаттарында 1-3 орын алған ұлдар мен қыздар марапатталады. Жарыстың осы қашықтығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

14.7. Белгіленген уақыт шегінде мәреге жеткен барлық қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады.

14.8. Ақшалай жүлделер Жарыс өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Жарыс жеңімпазының жеке банктік шотына аудару арқылы беріледі. Ақшалай жүлдені алу үшін Жарыс жеңімпазы Жарыс өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мына құжаттарды жіберуі тиіс:

Құжаттарды info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу қажет.

14.9. Жарысқа қатысушы жүлделі орынды иеленгені үшін сыйлығын Жарыс кезінде алып кетпеген жағдайда, ол оны Жарыс өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алып кете алады. Нақты беру орны кейінірек ресми дереккөздерде жарияланады. Жарысқа қатысушы сыйлықтарды өздігінен алып кете алмайтын және оларды алуды сенімді адамға табыстай алмайтын жағдайда, Жарыс жеңімпазы info@almaty-marathon.kz электронды поштасына Ұйымдастыру комитеті алушының есебінен сыйлықтарды жолдай алатын мекенжайды жіберуі тиіс. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана беріледі.

14.10. Мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы жеңімпаздарға сыйлықтарды бермеу құқығын өзіне қалдырады.

 

15. ЖАРЫС МАРШРУТЫНДА ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жарыстар World Athletics (бұдан әрі – WA) ережелері бойынша өткізіледі. 

15.1. Біздің ұсынымдарымыз:

15.2. Мыналарға тыйым салынады:

 

16. ЖАРЫСТАН ШЕТТЕТУ

16.1. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті мына жағдайларда Жарысқа қатысушыны Жарыстан шеттетуге құқылы:

16.2.

– Медициналық көрсетімдер бойынша жарыс төрешілері берген немесе олардың басшылығымен берілген жағдайлардан басқасында, тамақты немесе суды ресми тамақтану орны болып табылмайтын басқа жерден алған;

– немесе басқа қатысушыдан алған қатысушыға төреші бастапқыда сары қағаз көрсету арқылы ескерту жасауы тиіс. Ережені екінші рет бұзғанда, төреші қызыл қағаз көрсету арқылы қатысушыны жарыстан шеттетуі тиіс.

16.3. Ұйымдастыру комитеті Жарыс кезінде бейнекамера, мобильді телефон немесе смартфон, радио, плеер, құлаққап және басқа да аппаратура қолданған қатысушыны жарыстан шеттетуге құқылы.

16.4. Жарысқа қатысушылар мына жағдайларда қорытынды хаттамадан шығарылады:

16.5. Қатысушы шараны ұйымдастырушыларға, төрешіге, волонтерларға қатысты әдепсіз, дөрекі немесе қорлайтын сөздерді қолданғаны үшін жарыстан шеттетілуі мүмкін.

16.6. Жарысқа қатысушылардың рұқсат етілмеген саяси, әлеуметтік және т.с.с. митингтерді, арандатушылық үндеулерді, саяси үгіттеуді, наразылық акцияларын, демонстрацияларды өткізуіне, сондай-ақ саяси немесе әлеуметтік бағытпен байланысты кез келген атрибуттарды, логотиптерді пайдалануына тыйым салынады. Осы тармақты бұзғаны үшін қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

17. ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

17.1. Жарыстың төрешілер алқасы Жарыс ережелерінің сақталуын, Жарысқа қатысушылардың арасында спорттық доданың әділ және адал жүргізілуін, ал Жарыс жеңімпазының объективті түрде анықталуын мұқият қадағалайды. Жарысқа қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері Жарыстың төрешілер алқасын құрайды.

17.2. Жарыстың Төрешілер алқасының құрамына мыналар кіреді:

• Жарыстың Бас төрешісі

Жарыстың Бас төрешісі Жарыстың жекелеген төрешілері арасында міндеттерді бөледі және Жарыс аяқталғаннан кейін Ұйымдастыру комитетіне есеп береді.

• Жарыстың Бас хатшысы

Жарыстың Бас хатшысы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді қорытады, төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді жарыстың барысы туралы хабардар ету үшін қажетті материалдарды уақтылы дайындайды, ал Жарыс аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы есепті құрастырады.

• Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері

Жарыстың сөре-мәре аймағының төрешілері жарыс кезінде ережелердің сақталуы және ешкімнің артықшылықтарға ие болмауы үшін Жарысқа қатысушылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес шығуын қатаң қадағалайды. Мәре түзуінде төрешілер алғашқы 50 (елу) мәрешіні мәре хаттамаларына тіркейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстырып тексеру үшін Жарыстың Бас төрешісіне ұсынылады. Жарыстың төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандар шақырылуы мүмкін.

17.3. Жарыстың Бас дәрігері

Жарыстың Бас дәрігері жарыс жолында және Жарыстың сөре-мәре қалашығында медициналық қызметкерлер мен Жарыс еріктілерінің жұмысына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда, Жарыстың Бас дәрігері қатысушыны Жарыстан алып тастай алады.

 

18. ФОРС-МАЖОР

18.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары/ұйымдары/қызметтері, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарабынан Жарысты өткізуге ресми тыйым салынған жағдайда, Жарыс кейінірек мерзімге ауыстырылады. Жарысқа қатысушылардың осыған дейін төлеген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде Жарыс өтетін жаңа күнге ауыстырылады. Жарысты өткізудің нақты жаңа күні осы Ереженің 21-бабында көрсетілген Ұйымдастыру комитетінің Ақпараттық дереккөздерінде, сондай-ақ қатысушының Жарысқа тіркелу кезінде көрсеткен электронды поштасына таратылым жіберу арқылы кейінірек хабарланады.

18.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нормативтiк-құқықтық актiлерiне байланысты Жарыстың басқа елден келетін шетелдiк қатысушысы Жарыстың басталу қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өте алмаған және Жарысқа қатыса алмайтын жағдайда, ол Ұйымдастыру комитетіне өзінің сөрелік жарнасын 2025 жылғы «Turkistan Marathon» жарысына ауыстыру туралы өтінім бере алады. Бұл жағдайда өтінім info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

 

19. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТ-ТАЛАПТАР

19.1. Наразылықтар Жарыстың Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды Жарыстың төрешілер алқасы қарайды.

19.2. Жарысқа Қатысушы Жарыс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде кінәрат-талап қоюға құқылы.

Кінәрат-талаптар info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберіледі.

Кінәрат-талап қою кезінде Жарысқа қатысушы мына деректерді көрсетуі қажет:

• қатысушының аты-жөні (анонимді өтініштер қаралмайды);

• кінәрат-талаптың мәні;

• кінәрат-талап қою негіздері (фотосурет немесе бейнежазба).

19.3. Жарыстың Ұйымдастыру комитеті наразылық және/немесе кінәрат-талап алынған мезеттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жарыс қатысушысына ресми жауап дайындайды, ол кінәрат-талап/наразылық берілген электронды адреске жіберіледі.

19.4. Кінәрат-талаптар тек Жарысқа қатысушылардан ғана қабылданады.

 

20. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН АККРЕДИТТЕУ

20.1. Бұқаралық ақпарат құралдарын Жарысқа аккредиттеу үшін деректерді (БАҚ атауы, тілшінің, оператордың, фотографтың аты-жөні, байланыс телефоны және e-mail адресі) 2024 жылғы 23 қазанға дейінгі мерзімде prmanager@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу қажет.

 

21. ЖАРЫСТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРІ

21.1. Жарыс туралы толық ақпарат almaty-marathon.kz сайтында, сондай-ақ Ұйымдастыру комитетінің келесі әлеуметтік желі аккаунттарында орналастырылған:

 

Жарыстың Ұйымдастыру комитеті басқа ақпараттық ресурстарда орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді.

 

22. ЖАРЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

22.1. Жарыс туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың: спорттық жарыстың бейнесін және (немесе) дыбысын кез келген тәсілмен және (немесе) кез келген технологияның көмегімен трансляциялаудың, сондай-ақ трансляцияны бейнежазбаға түсірудің айрықша құқығы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорына (бұдан әрі — Құқық иесі) тиесілі.

Құқық иесі спорттық жарыс туралы ақпаратты жариялау құқықтарын үшінші тұлғалардың сатып алуы туралы жазбаша түрде шарттар жасасуға құқылы.

 

23. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

23.1. Жарысты өткізу туралы осы Ереже Жарысқа қатысуға ресми шақыру болып табылады.

23.2. Ұйымдастыру комитеті Жарысты өткізу туралы осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.