Миссия

2012 ⟶ ∞

Қайырымдылық – Almaty Marathon миссиясының маңызды бөлігі. Жыл сайын қатысу жарналарының бір бөлігі балалар арасындағы мүгедектіктің алдын алуға және оның деңгейін төмендетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.

0

Жылдаржақсылық жасаймыз

0

жобалар

0

млн теңге

15 жыл ішінде Қор командасы Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында жалпы құны 500 млн теңгеден асатын 40-дан астам қайырымдылық жобасын жүзеге асырды. Осы уақыт аралығында ондаған футбол алаңы, скалодромдар, спорт алаңдары орнатылып, сонымен бірге сенсомоторлық интеграцияны, қимыл-қозғалыс жүйесін дамытуға, балалардың қоғамға бейімделуіне және Қазақстандағы нәрестелер арасындағы мүгедектіктің алдын алуға арналған арнайы жабдықтар жеткізілді.

2012

292 500

₸
2013

2 752 000

₸
2014

10 000 000

₸
2015

7 828 600

₸
2016

12 295 000

₸
2017

13 528 500

₸
2018

16 380 500

₸
2019

26 000 000

₸
2020

30 000 000

₸
2021

40 000 000

₸
2022

45 500 000

₸
2023

65 500 000

₸
2024

106 241 284

₸
2025

142 045 320

₸
2026-2027 MAQSATY: 170.0 mln
0%
0 ₸
0%
0 ₸
«Әлемді көремін»01

Жоба аясында Алматы қалалық перинаталдық орталығына офтальмологиялық томограф сатып алу көзделген. Бұл құрылғы сәбилерді тексеруге бейімделген. Әзірге мұндай аппарат Орталық Азияның ешбір елінде жоқ.

 

Томограф көздің торлы қабығының қабаттық құрылымын көрсетіп, стандартты тексеру кезінде байқалмайтын өзгерістерді анықтауға көмектеседі. Бұл шала туған нәрестелердің ретинопатиясын және көздің басқа да патологияларын ерте кезеңде диагностикалау үшін маңызды. Портативті құрылғы сәбиді жатқан күйінде және жансақтау бөлімінде тексеруге мүмкіндік береді.

 

Қазіргі уақытта мұндай тексеруден өту үшін отбасылар баласын шетелге апаруға мәжбүр. Оның үстіне, бір рет бару жеткіліксіз: көздің жағдайын жүйелі түрде бақылап отыру қажет. Томограф мемлекеттік клиникаға беріледі. Соның арқасында тексеру Қазақстанда қолжетімді болып, отбасылар үшін тегін жүзеге асырылады.

 

2023–2025 жылдар аралығында орталықта шала туған 2 169 нәресте офтальмологиялық скринингтен өтті, ал 362 балаға лазерлік ем жүргізілді.

 

Жаңа томограф жыл сайын шамамен 700 шала туған сәбиді тексеруге және ем қабылдап қойған балалардың көз саулығын әрі қарай бақылауға мүмкіндік береді.

Көмек
Қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігі Almaty Marathon-ның қайырымдылық жобаларына бағытталады. Осы бөлімде қосымша қайырымдылық көмегін де көрсете аласыз.
* Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген соманы көрсете аласыз.

Есептер