Алматы жартылай марафоны 2023 – 21 км және 10 км қашықтықтарындағы жыл сайынғы жүгіру жарысы.
Жарыс күні: 23.04. 2023
Жарыс сөресі Тұңғыш Президент Саябағында, Аль-Фараби даңғылы бойымен.
Мәресі Орталық стадионда, Абай даңғылы бойымен.
Қашықтықтар: 21.1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, экиден эстафетасы.
Жарысқа қатысу үшін міндетті түрде онлайн тіркелу рәсімінен өтіп, сөрелік жарнаны төлеу қажет.
Сөрелік жарна:
21 км – 11 000 KZT,
10 км – 9 700 KZT,
10 км скандинавиялық жүріс – 9 700 KZT,
Экиден 21.1 (командалық эстафета) 21 км 97,5 м – 140,000 KZT.
Жарыстарға қатысуға төленген қаражат қайтарылмайды және басқа қатысушыға аударылмайды.
Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар Алматы қаласында 2023 жылғы «21» және «22» сәуір күндері, сағ. 10:00-ден 21:00-ге дейін беріледі. Мекенжайы: Тимирязев көш, 42, "Атакент" ҚІЫО, 9-шы павильон.
Жас санаттары:
21 км – 18-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан үлкен
10 км – 15-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан үлкен
10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан үлкен.
Экиден 21.1 (командалық эстафета) 15 жастан үлкен.
Жартылай марафонының (21 км) абсолюттік біріншілік жеңіпаздары ақшалай сыйлық, мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.
Жартылай марафоны (21 км), 10 км жүгіру жарыстарының жас санаттарындағы жеңімпаздар мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.
Экиден командалық эстафетасы жарысының абсолюттік біріншілік жеңіпаздары ақшалай сыйлық, кубок, мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.
Мәреге жеткен барлық қатысушыларға естелік медаль беріледі.