
Алматы марафоны 2023
Алматы марафоны 2023-Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы, негізгі 42.2 км қашықтықтағы қалалық спорт мерекесі.

Іс-шара туралы
Алматы марафоны 2023 – Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы, негізгі қашықтығы 42,2 км болатын қалалық спорт мерекесі.
Күні: 1.10.2023
Орны: Республика алаңы, Сәтбаев көшесі
Қашықтықтары: 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, Экиден эстафетасы.
Тіркеу 2023 жылғы 15 қыркүйекте немесе 15 600 қатысушыға, соның ішінде 100 экиден командасына жеткенде аяқталады.
Сөрелік жарна:
- 42 км – 12 000 KZT
- 21 км – 11 000 KZT
- 10 км – 9 700 KZT
- 10 км скандинавиялық жүріс – 9 700 KZT
- Экиден эстафетасы (командада 6 адам) – 210 000 KZT
Қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды және қайта тіркелмейді.
Қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігі жыл сайынғы қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Өткен жылдардағы қайырымдылық мақсаттары мына жерде.
Атаулы нөмірлер 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) тіркелген және сөрелік нөмірдің ақысын төлеген кезде беріледі.
Жас санаттары:
42 км – 18-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан жоғары,
21 км – 18 жастан жоғары,
10 км – 15-17, 18 жастан жоғары,
10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан жоғары,
Экиден эстафетасы – 15 жастан жоғары.
42 км және 21 км қашықтықтарында абсолютті біріншіліктегі жеңімпаздар ақшалай сертификатпен, медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
42 км, 10 км қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Экиден эстафетасының жеңімпаздары ақшалай сертификатпен, грамотамен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жарыстың мәреге жеткен барлық қатысушылары естелік медалін алады.
Сөрелік жинақтарды беру 2023 жылғы 29-30 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.
Өздеріңізбен бірге жеке куәліктеріңіздің көшірмесі және денсаулық туралы қолхаттарыңыз болуы тиіс.
Жинақтарыңызды алып кете алмайтын болсаңыздар, оны сіздердің орындарыңызға жеке куәліктеріңіздің көшірмесін, өз жеке куәлігінің көшірмесін және қатысушының өзі қол қойған денсаулық туралы қолхатты көрсету арқылы таныстарыңыз ала алады.
18 жасқа толмаған қатысушыларға жеке куәлігінің (туу туралы куәлігінің) көшірмесін, сондай-ақ ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесін және ата-анасы өз қолдарымен толтырған қолхатты ұсыну қажет.
«Алматы марафонының» ережелерімен толығырақ «Ережеде» (сайт бойынша төменде) танысыңыздар.

Жасы:
18 жастан бастап
Сөрелік жарна:
12000 тг
Сөре уақыты:
7.30
Қашықтықты өту уақытының шегі:
06 сағат
00 Минут

Жасы:
18 жастан бастап
Сөрелік жарна:
11000 тг
Сөре уақыты:
7.40
Қашықтықты өту уақытының шегі:
03 сағат
00 Минут

Жасы:
15 жастан бастап
Сөрелік жарна:
9700 тг
Сөре уақыты:
07.55
Қашықтықты өту уақытының шегі:
02 сағат
00 Минут

Жасы:
15 жастан бастап
Сөрелік жарна:
9700 тг
Сөре уақыты:
07.55
Қашықтықты өту уақытының шегі:
02 сағат
00 Минут

Жасы:
15 жастан бастап
Сөрелік жарна:
210000 тг
Сөре уақыты:
7.30
Қашықтықты өту уақытының шегі:
06 сағат
00 Минут