Алматы марафоны 2024

«Алматы марафоны» 2024 - Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы, 42.2 км негізгі қашықтықтығы бар қалалық спорт мерекесі.


Жарыс орны: Республика Алаңы, Сәтбаев көшесі.
Алматы марафоны 2024
Іс-шара туралы

«Алматы марафоны» 2024

«Алматы марафоны» 2024 - Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы, 42.2 км негізгі қашықтықтығы бар қалалық спорт мерекесі.

Жарыс орны: Республика Алаңы, Сәтбаев көшесі.

Күні: 29.09.2024

Қашықтықтары: 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, Экиден эстафетасы.

Жарысқа қатысу үшін онлайн тіркелуден өтіп, сөрелік жарнаны төлеу қажет.

Тіркелу 2024 жылғы 16 қыркүйекте немесе қатысушылар саны 15 600 қатысушыға жеткенде аяқталады (соның ішінде 100 экиден командасы).

Сөрелік жарна:

  • 42 км – 12 500 KZT
  • 21 км – 12 000 KZT
  • 10 км – 12 000 KZT
  • 10 км скандинавиялық жүріс – 10 000 KZT
  • Экиден эстафетасы (командада 6 адам) – 216 000 KZT. Экиден командалық эстафетаға қатысу үшін команда құрамында міндетті түрде кемінде бір әйел адам болуы қажет.

Жарысқа қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды, аударылмайды, қайта тіркелмейді, сондай-ақ қайта ресімдеу мүмкін емес.

Қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігі жыл сайынғы қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Өткен жылдардағы қайырымдылық мақсаттары мына жерде.

Атаулы нөмірлер 2024 жылғы 2 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) тіркелген және сөрелік нөмірдің ақысын төлеген кезде беріледі.

Жас санаттары:

42 км – 18-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан жоғары,

21 км – 18 жастан жоғары,        

10 км – 15-17, 18 жастан жоғары, (35-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70+ MASTERS)

10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан жоғары,

Экиден эстафетасы – 15 жастан жоғары.

42 км және 21 км қашықтықтарында абсолютті біріншіліктегі жеңімпаздар ақшалай сертификатпен, медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

42 км, 10 км қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар ақшалай сертификатпен, медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Экиден эстафетасының жеңімпаздары ақшалай сертификатпен, грамотамен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мәреге жеткен барлық қатысушылар естелік медалін алады.

Сөрелік жинақтарды беру 2024 жылғы 27-28 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Алматы қаласында өтеді. Нақты мекенжайы кейінірек жарияланады.

Өздеріңізбен бірге жеке куәліктеріңіздің көшірмесі және денсаулық туралы қолхаттарыңыз болуы тиіс.

Жинақтарыңызды алып кете алмайтын болсаңыздар, оны сіздердің орындарыңызға жеке куәліктеріңіздің көшірмесін, өз жеке куәлігінің көшірмесін және қатысушының өзі қол қойған денсаулық туралы қолхатты көрсету арқылы таныстарыңыз ала алады.

Сөрелік жинақты алатын адамға 5 (бес) сөрелік жинақтан артық берілмейді (өзінің сөрелік жинағын қоса алғанда).

18 жасқа толмаған қатысушыларға жеке куәлігінің (туу туралы куәлігінің) көшірмесін, сондай-ақ ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесін және ата-анасы өз қолдарымен толтырған қолхатты ұсыну қажет.

«Алматы марафонының» ережелерімен толығырақ «Ережеде» (сайт бойынша төменде) танысыңыздар.

Қашықтықтар
42 км 195 м 21.1 км 10 км Скандинавиялық жүріс: 10 км Экиден

Жасы:
18 жастан бастап

Сөрелік жарна:
12500 тг

Тіркелу

Жасы:
18 жастан бастап

Сөрелік жарна:
12000 тг

Тіркелу

Жасы:
15 жастан бастап

Сөрелік жарна:
12000 тг

Тіркелу

Жасы:
15 жастан бастап

Сөрелік жарна:
10000 тг

Тіркелу

Жасы:
15 жастан бастап

Сөрелік жарна:
216000 тг

Тіркелу
Серіктестер
Ұйымдастырушылар:
Титулдық
демеуші:
Қолдаушылар:
Ресми
медиа
серіктес:
Сайтқа кіру
Восстановление пароля