Тіркелу
21 км 97,5 м Подробнее
42 км 195 м Подробнее
Скандинавиялық жүріс: 10 км Подробнее
Экиден Подробнее

Іс-шара туралы

Almaty Marathon 2012 жылдан бері Алматы қаласында өткізіліп келе жатқан, әсем Іле Алатауының баурайында өтетін, Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс болып табылады. Бағыт таулардың керемет көріністерін аша отырып, ұзақ көтерілістер мен тік құламаларды ұсына отырып, бүкіл қашықтық бойында көптеген көрермендердің белсенді қолдауымен Алматының басты көшелерімен өтеді.

Almaty Marathon – жаппай жүгіру ғана емес. Біз спортты қоғамда оң өзгерістер енгізудің құралы ретінде пайдаланып, инклюзивтілік, экологиялық саналық және қаланың жүгіру инфрақұрылымын дамыту үшін үйлестіреміз. 

Қайырымдылық – марафон миссиясының маңызды бөлігі. Жыл сайын сөрелік жарналардың бір бөлігі ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін бағытталады. Осы жылдардың ішінде Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында 30 астам қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік туды.

Almaty Marathon AIMS Халықаралық жарыстар қауымдастығына кіреді, ал оның жолдары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған. Марафон – түркі халықтарының алғашқы халықаралық жүгіру сериясы – TAN сериясының бөлігі болып табылады.

Күні
2026 ж. 27 қыркүйегі

Сөре орны: 
Республика алаңы

Қашықтықтар: 
42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, Экиден эстафетасы. 

Жас санаттары

Марафон – 42,2 км – 18-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жас және одан жоғары

Жартылай марафон –  21,1 км-18 жас және одан жоғары

10 км жүгіру – 15-17 жас, 18 жастан асқан

Скандинавиялық жүріс – 10 км – 15 жастан асқан

Экиден эстафетасы – 15 жастан асқан.

Сөрелік жинақтарды беру 2026 жылдың 25-26 қыркүйекте Алматы қаласында сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Нақты мекенжайы кейінірек жарияланады. Сөре орнында жинақтар берілмейді.

Сөрелік жарна

  • Марафон – 42 км 195 м – 25 000 (жиырма бес мың) теңге
  • Жартылай марафон – 21 км 97,5 м – 20 000 (жиырма мың) теңге
  • 10 км-ге жүгіру – 20 000 (жиырма мың) теңге
  • Скандинавиялық жүріс – 10 км-17 000 (он жеті мың) теңге.
  • Экиден эстафетасы - 42 км 195 м - 300 000 (үш жүз мың) теңге. Экиден командалық эстафетасына қатысу үшін команда құрамында кем дегенде бір әйелдің болуы керек.

Серіктестер

Ұйымдастырушылар:

Титулдық демеуші:

Қолдаушылар:

Ресми медиа серіктес:

Barlyq Is-şaralarBarlyq Is-şaralar
Іс-шаралар күнтізбесі
УвидетьВсеІс-шаралар
Іс-шаралар күнтізбесі