2026 жылдың 6 маусымы Astana Half Marathon қатысушыларына арналған Pasta Party дәстүрге сай өтетін болады!
Pasta Party — бұл жай ғана жарыс алдындағы шара емес, бұл жүгіру қауымдастығының бір бөлігі болуға, жаңа таныстар, кеңес алмасуға және көңіл көтеруге арналған тамаша мүмкіндік. Сізді дәмді макарон өнімдері, жүлделері бар конкурстар және жарыс жолының барлық нюанстарын білуге болатын жүгіру жолын талдау күтеді.
Спикерлер: Валихан Тен және Мади Айтимов
Күні: 6 маусым 2026 жыл сағ. 14:00
Мекен-жайы: Creatti ресто-бары, Мәңгілік Ел даңғылы, 59, 6-орынжай
10 000 теңгеге паста, салат және нан таңдауға беріледі:
1-сет
- Қызылша мен балғын жидектерден дайындалған салат
- Тауық еті мен саңырауқұлақ қосылған паста
- Күнжіт себілген ақ тоқаштар
2-сет
- Стейк салаты
- Асшаян, каперс және қызанақ қосылған паста
- Гуакамолемен ұсынылатын пита
3-сет
- Лосось қосылған «Цезарь» салаты
- Брискет пен страчателла ірімшігі қосылған паста
- Күнжіт себілген ақ тоқаштар