Winter Run 2023 – Жыл сайын қысқы жүгіру.
Күні: 19.02.2023
Уақыты: сағ. 07:00-ден 11:00-ге дейін
Орны: БЦ «Нұрлы Тау»
Қашықтықтары: 10 км, 7 км скандинавиялық жүріс, 3 км балалар жүгіру.
Қатысу үшін міндетті түрде онлайн-тіркелуден өтіп, сөрелік жарнаны төлеу қажет.
Сөрелік жарна:
10 км-ге жүгіру – 7 000 теңге;
7 км скандинавиялық жүріс – 7 000 теңге.
3 км балалар жүгіру – 5 000 теңге.
Қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды және қайта тіркелмейді.
Сөрелік жинақтарды беру 2023 жылдың 17-18 ақпан күндері World Class Almaty фитнес-клубында өтеді. Жарыс орнында жинақтар берілмейді.
Жас санаттары:
10 км – 15-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан жоғары,
7 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан бастап,
3 км балалар жүгіру – 10-12, 13-14 жас арасы.
10 мен 3 км қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Мәреге жеткен барлық қатысушылар естелік медаль алады.