Almaty Marathon міндеті – спортты бәріне қолжетімді ете отырып, белсенді өмір салтын дамыту. Ұйымдастырушылардың алдында қоғамды әлеуметтік жауапкершілікке тарта отырып, әр адамға игі іске өз үлесін қосуға мүмкіндік беру сияқты қайырымдылық міндеті де тұр. Барлығы 12 жыл ішінде қор командасы Алматы және Алматы облыстарында 277 млн теңгеден астам қаражатты қамтитын 30-дан астам қайырымдылық жобасын іске асырды. Осы уақыт ішінде ондаған футбол алаңдары, альпинистік алаңдар, спорт алаңдары және сенсомоторлы интеграцияны, қимыл жүйесін дамытуға, сондай-ақ балаларды қоғамдағы өмірге бейімдеуге арналған арнайы жабдықтар орнатылды.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7-тармағына сәйкес «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын «Юридическая газетада» жыл сайын орналастырып тұрады.
Есеп жыл сайын мамыр айында жарияланады. Онымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз.
Өткен жылы қордан 8 балалар мекемесі көмек алды:
- «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ
- «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы» КММ
- «Ақ жол-М» ҚҚ
- «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балаларға және жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы» жеке меншік қоры
- «АМАНАТ Әлеуметтік балалар үйі-интернаты»
- «Ана Аманаты» қыздар мектеп-интернаты
- «Алматы қаласының спорт ғимараттары дирекциясы» ЖШС
- «АВА Центр Росток» ЖШС
«Сенім» орталығында бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 108 бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Өткен жылдың желтоқсан айында қамқорлықтағы мекемелер қордан жаңа спорттық құрал-жабдықтар алды, енді балалардың жаттығуға көбірек мүмкіндіктері бар.
Облыстық балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 130 бала тұрады. Олардың ішінде 52 қыз және 78 ұл бала. Мұнда жаңа футбол стадионы ашылып, ол заманауи жабдықпен жабдықталған, сонымен қатар стадион барлық қауіпсіздік талаптарына жауап береді.
«Ақ жол-М» қоры Алматы облысында ерекше қажеттіліктері бар 1000-нан астам баланы тегін әлеуметтендірумен және оңалтумен айналысады. Бұл Қазақстандағы халық ақшасына салынған алғашқы және жалғыз мекеме. Осы жылдың көктемінде «Бірінші болу - батылдық» қоры Қызыл-Қайрат кентіндегі оңалту орталығының жаңа ғимаратына жиһаз сатып алды. Жаңа орталықта күніне 170-200 бала оңалту қызметтерін ала алады және орталыққа Алматы қаласынан ғана емес, жақын маңдағы облыстардан да балалар келеді.
«Мейірім» орталығына күн сайын ерекше қажеттіліктері бар 90 бала мен жасөспірім келеді. Мұнда олар әлеуметтік, педагогикалық және физикалық оңалтуды ала алады. 16 наурызда Almaty Marathon ұйымдастырушылары орталыққа MyWay эллиптикалық тренажері бар жүріс арбаларын сыйлады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға арналған бұл жабдық оларға жүруді үйренуге, түрлі қимыл дағдыларын дамытуға, бұлшықеттерді нығайтуға, қозғалыс координациясы мен тепе-теңдікті жақсартуға мүмкіндік береді.
«Балаларымыздың дамуына жаңа мүмкіндіктер беретін бірегей ағылшын жабдықтарын алдық. Мысалы, MyWay эллиптикалық тренажері бар жүріс арбалары Қазақстанда осыған дейін қолданылмаған», – деп атап өтті «Мейірім» оңалту орталығының директоры Елена Күзембаева.
«Аманат» және «Ана аманаты» интернат-үйлерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 50-ге жуық бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Интернат тәрбиеленушілері мектепке дайындалып, ой-өрісін кеңейтіп, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін дамытады. Осы жылдың мамыр айында қор мұнда футбол, баскетбол және таза ауада көңіл көтеруге арналған көпфункционалды спорт алаңдарын ашты.
Орталық стадионның қосалқы алаңы алматылық футболшылар мен желаяқтардың сүйікті орнына айналды. Осы жылдың мамыр айында қор оның аумағында воркаут-кешенін ашты: енді қала тұрғындары мұнда жаттыға алады.
«Росток» орталығы АВА әдісі бойынша аутизмі бар және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға көмектеседі. Мұнда балалар жеке түзету бағдарламалары бойынша оқып, сонымен қатар қоршаған әлеммен өзара әрекеттесуді, әлеуметтік дағдылар мен өзіне деген сенімділікті дамытуды үйренеді. Сәуір айында орталық мамандандырылған оңалту жабдықтарын алды.
«Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қордың стратегиясының негізінде инклюзивтілік пен қайырымдылық жатыр.
«Біздің барлық іс-шараларымыз жынысына, жасына, физикалық мүмкіндіктеріне, жүгіру тәжірибесіне және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлығына және әрқайсына ашық инклюзивті орта болып табылады. Соңғы жылдары біз 3000-нан астам балаға спортпен айналыса бастауға көмектесе алдық. Біз спорттың жалпы ұлттың денсаулығы мен дамуын нығайтудың қуатты құралы екеніне сөзсіз сенімдіміз», - деп атап өтті қордың атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
Жыл сайын жарысқа қатысушылар саны өскен сайын қор қазақстандық балаларға спортқа қосылуға мүмкіндік беретін қайырымдылық көмек мөлшерін де ұлғайтып келеді. 2023 жылы 44 елден келген 14 мыңға жуық желаяқ жарыс жолына шықты. Қор идеясы ел имиджін халықаралық деңгейде ілгерілетеді. Almaty Marathon-ның қала экономикасына қосқан үлесі де айтарлықтай: өткен жылғы сауалнама деректері бойынша екі күндік іс-шара барысында 1000-ға жуық қатысушы 16,8 мың АҚШ долларына (7,9 миллион теңге) сауда жасаған. Бұл соманың 39%-ын басқа қалалар мен елдерден келгендер жұмсады.
«Алматы марафон» 2022 қайырымдылық көмек алушылары:
Қаскелең қаласында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының 2022 жылғы алғашқы қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды, оның аясында ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта Work Out алаңы салынды. Бұл арнайы алаң балалардың дене дамуы мен белсенділігін қолдау мақсатында жасалды. Ол ерекше қажеттіліктері бар балалардың дене дамуына септігін тигізіп, спортпен және дене жаттығуларымен айналысуларына мүмкіндік береді.
Екінші қайырымдылық жобасы Талғар қаласындағы Алматы облыстық шипажай үлгісіндегі мектеп-интернатта болды, онда да Work Out алаңы мен қоршау салынып, балалардың спортпен айналысуына және көңіл көтеруіне қолайлы жағдай жасалды.
«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры үшінші қайырымдылық жобасын «Солнышко» балалар үйі» жеке мекемесінде жүзеге асырды. Бұл жоба аясында заманауи футбол алаңы салынып, тәрбиеленушілерге белсенді уақыт өткізу және дене шынықтыру машықтарын дамыту мүмкіндігін берді.
Қайырымдылық бағдарламасы аясындағы төртінші жоба «Rehab Team» оңалту орталығында болды. Орталық БМС (милық салдануға) шалдыққан балаларға заманауи оңалту жүргізуге маманданады. Қайырымдылық бағдарламасының арқасында орталық құнды жабдыққа ие болды, оның ішінде тұтқалары бар электрлік жүгіру жолы, жүруді үйрететін және аяқ функцияларын қалпына келтіретін электрлік жетегі бар балалар вертикализаторы, «Адели» емдік жүктеме костюмі, «Атлант» пневматикалық костюмі, сондай-ақ аяқтар мен денеге арналған SWASH/СВОШ аппараты (ортез) бар. Бұл инновациялық құралдар оңалту процестерін айтарлықтай жақсартып, БСМ-мен ауыратын балалардың дамуына оңтайлы жағдайлар жасады.
2022 жылғы бесінші қайырымдылық жобасы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорынан «Одиннадцать друзей Максима» командасына «Flying Start racing Wheelchair» он жарыс арбасын табыстау болды. Максим алты жыл бойы Алматы марафонына және басқа да жарыстарға белсенді қатысты, бірақ қозғалыс мүмкіндігі шектеулі жалғыз қатысушы болды. Бұл жобаның басты мақсаты – әлеуметтік бейімделуге және инклюзивті спортты дамытуға қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың барынша көп санын тарту. Жарыс арбаларын табыстау қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорттық шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
2022 жылғы қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 45 500 000 теңге көлемінде ұйымдастырылды. Нысандардың құрылысына жұмсалатын қаражаттың мекемелерге тікелей берілмейтінін атап өткен жөн, «Бірінші болу – батылдық» КҚ жобаны толық жүзеге асырып, құрылысы аяқталған нысанды мекемеге ресми түрде табыстайды.
2021 жылдың «Алматы марафонының» қайырымдылық көмек алушылары:
- «Ковчег» мекемесі (көп функционалды алаң (футбол, волейбол, стритбол)
құрылысы)
https://www.kovcheg.org/ru/
- «Қиын өмірлік жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы» КММ (work out
алаңы)
- «ЛА-155/6 мекемесі» РММ (футбол алаңы)
Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы – 40 000 000 теңге.
Алматы марафонының 2020 жылғы қайырымдылық көмегін алушылар:
- «Кеңес» мүгедектерінің қоғамдық бейімделуі және еңбекті оңалту орталығы (жабдықталған балалар алаңы). https://www.almaty-marathon.kz/kk/news/680/
- Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты (футбол алаңының құрылысы). https://www.almaty-marathon.kz/kk/news/673/
- «SOS Алматы балалар ауылы» үкіметтік емес білім беру мекемесі (спорт алаңының құрылысы). https://www.almaty-marathon.kz/kk/news/675/
- Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған «Амалия» тұрғын үй орталығы (сенсорлық интеграцияға арналған жабдық). https://www.almaty-marathon.kz/kk/news/674/
- «Нұр» Талғар қаласының отбасылық балалар үйі (спорт алаңының құрылысы). https://www.almaty-marathon.kz/kk/news/676/
Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы - 27 000 000 теңге.
Алматы марафонының 2019 жылғы қайырымдылық көмегін алушылар:
- Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған №15 мектеп-интернаты (спорт алаңының құрылысы)
- «Киров» қызыл ту крейсерінің жас әскерилерінің әскери-патриоттық клубы (скалодром құрылысы)
- «Pioneer Concept» жеке қоры іске асырған «АСБ (Аутистикалық спектрдің бүлінуі) және дамуында өзге де ерекшеліктері бар балаларға арналған тау шаңғысы мен сноубордта жоғары тау жағдайында бейімделген сырғанау» қалалық бағдарламасы. (Көпфункционалды спорт алаңының құрылысы).
Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы - 25 527 310 теңге.
Қаражат мектеп-интернаттарда екі спорт алаңының және балалар хосписінде балаларға арналған бір ойын алаңының құрылысына бағытталды:
1. Онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға арналған «Мен сенімен біргемін» бірінші балалар хосписі
2. Есік қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған облыстық мектеп-интернат
3. Интеллектуалдық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған №6 (түзету) мектеп-интернаты.
Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы -
16 380 500 теңге.
Қаражат балаларға арналған мекемелерге бағытталды:
1. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған (түзету) №1 мектеп-интернаты;
- Спорт алаңдарының құрылысы
2.Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған (түзету) №2 мектеп-интернаты;
- Спорт жабдығын алу
3. Н. Островский атындағы зағиптар және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернаты;
- Спорт жабдығын алу
4. Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 (түзету) мектеп-интернаты;
- Балаларға арналған скалодром құрылысы
5. Алматы Білім басқармасының туберкулездің әлсіз және бәсеңдеген формаларымен ауыратын балаларға арналған №15 мектеп-интернаты;
- Спорттық жаттығу құрылғыларын алу
6. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №13 түзету сәбилер балабақшасы.
- Сенсорлық бөлмелерге арналған құрал-жабдық алу.
Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы - 13 028 500 теңге.
Қаражат «АРДИ» оңалту орталығына медициналық жабдықты, атап айтқанда, тірек-қимыл жүйесін қалпына келтіруге арналған төрт аппарат сатып алуға бағытталды.
Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы -
12 295 000 теңге.
Қаражат сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 мектеп-интернатына спорттық кешенді салуға бағытталды.
Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы - 7 828 600 теңге.
Қаражат онкологиялық ауруға шалдыққан баланы, атап айтқанда, 3 жасар Дарина Ликті емдеуге жиналды.
Көмектің жалпы сомасы - 10 000 000 теңге.
Алматы марафоны аясында 2014-жылғы бас серіктес - Astana Motors компаниясы Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ бөлімшесіне жедел жәрдем автокөлігін берді.
Қаражат «АРДИ» оңалту орталығына церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды бейімдеуге арналған шағын акватория салуға берілді.
Көмектің жалпы сомасы - 2 752 000 теңге.
Қаражат церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға қолдау көрсету және оңалту бағдарламасына бағытталды.
Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы - 292 500 теңге.