Күні: 2023 жылғы 21-22 сәуір
Уақыты: 10:00-21:00
Орны: Тимирязев көшесі, 42, Атакент ҚІЫО, 9-павильон.
21-22 сәуірде көптен күткен Спорт жәрмеңкесі өтеді, онда сондай-ақ Алматы жартылай марафонының қатысушыларына сөрелік жинақтар таратылады!
Бірақ мұнымен шектелмейді! Сөрелік жинақтардан бөлек, жәрмеңкеде Сізді серіктестеріміздің қызықты іс-шаралары, керемет музыка, стильді фотоаймақтар, қызықты дәрістер және көңілді челлендждер күтеді. Бұл нағыз спорт және ойын-сауық мерекесі болады!
Сөрелік жинақты алу үшін:
18 жастан асқан қатысушыларға
18 жасқа толмаған қатысушыларға
Барлық құжаттар ҚАҒАЗҒА БАСЫП ШЫҒАРЫЛҒАН болуы тиіс.
Сіз жинақтар берілетін күні өз жинағыңызды алып кете алмайтын болсаңыз, оны сіздің орныңызға мына құжаттарды көрсете отырып, таныстарыңыз алып кете алады:
- Сөрелік жинақты алып кететін адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
- Сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесі;
- Жарысқа қатысушы өз қолымен толтырған денсаулық туралы қолхат.
Егер бір адам бірнеше қатысушының сөрелік жинақтарын алатын болса, алып кететін адамның жеке куәлігінің көшірмесі әр қатысушының құжаттар топтамасына қоса берілуі тиіс. Яғни сіз 10 сөрелік жинақ алатын болсаңыз, жеке куәлігіңіздің 10 көшірмесін дайындауыңыз қажет.
Сөрелік жинақты басқа күндерде алуға болмайды.
Іс-шара ережелерімен Ережеде танысыңыз.
Спорт жәрмеңкесінде кездескенше!