«Turkistan Marathon» жүгіру жарысының ұйымдастыру комитеті Түркістан қаласының тұрғындарын жарыс күні жолдардың жартылай жабылғаны туралы хабардар етеді. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 29 қазан жексенбі күні «Turkistan Marathon 2023» – өңірдің этно-мәдени мұрасының атмосферасын паш ететін орасан зор спорттық жарыс өтеді. Сөре пен мәре Visit Centre Turkistan маңында орналасады, одан әрі бағдар Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай және кері мәреге дейін өтеді.

29 қазанда сағат 7:30-дан 14:00-ге дейін марафон қашықтығы өтетін жол учаскелерінде жол қозғалысы ішінара жабылады. Спортшылардың қашықтықты жүріп өтуіне қарай трасса ашылып отырады.

Таңертеңгі сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін Қожа Ахмет Ясауи мұражайының жанындағы Жолбарысхан көшесінің бойындағы қозғалыс жабылады. Таңғы сағат 8:10-нан 14:00-ге дейін Бекзат Саттарханов даңғылы (Жолбарысхан көшесінен Есімхан даңғылына дейін) (солтүстік жағы) және Түркістан халықаралық әуежайына (оңтүстік жағы) баратын жол шектеледі. Түркістан халықаралық әуежайына бару және қайту трассаның солтүстік жағымен реверс арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Turkistan Marathon 2023»  (29.10.2023) үшін жолдарды жабу кестесі

29.10.2023

07:30 - 14:20

Жолбарысхан к. (Қожа Ахмет Ясауи мұражайының жаны)

08:10 - 14:00

Бекзат Саттарханов даңғылы (Жолбарысхан көшесінен Есімхан даңғылына дейін) (солтүстік жағы)

09:00 - 12:30

Әуежай бағытындағы трасса (оңтүстік жағы)

 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 29 қазан жексенбі күні «Turkistan Marathon 2023» – өңірдің этно-мәдени мұрасының атмосферасын паш ететін орасан зор спорттық жарыс өтеді.

Биылғы жылы іс-шарада төрт қашықтық бойынша жарыстар өтеді: 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, сондай-ақ 10-14 жас аралығындағы балалар үшін 3 км балалар қашықтығы.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен және 16 елден үш мың қатысушы күтілуде. Бұл спортшылар мен жүгіру әуесқойлары үшін керемет бәсекелестік атмосферада бас қосып, қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін бір-біріне қолдау көрсетудің тамаша мүмкіндігі.

Бұдан бөлек, «Turkistan Marathon» аясында марафоннан және 10 км қашықтыққа жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Turkistan Marathon трассасы небәрі 70 метр биіктікке көтерілетін жұмсақ бедермен ерекшеленеді. Бұл марафонды жаңадан бастаушылар мен орта деңгейдегі жүгірушілер үшін де, сондай-ақ жүгіру маусымын сәтті аяқтауға және жеке нәтижелерін жақсартуға бел буған тәжірибелі спортшылар үшін де қолжетімді етеді.

Turkistan Marathon 2023 – шабыттандырып қана қоймай, жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін іс-шара. Ол AIMS халықаралық старттар мен жүгірулер қауымдастығына кіреді және марафон трассалары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.

 Turkistan Marathon өз қашықтығын жүгіріп өткен барлық қатысушыларға мәреде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бейнеленген медаль беріледі. Жас санаттарындағы жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1 орын үшін – 50 000 теңге, 2 орын үшін – 30 000 теңге және 3 орын үшін – 20 000 теңге. 42,2 км қашықтықтағы абсолютті санаттағы жеңімпаздар серіктестер мен демеушілердің бағалы сыйлықтарымен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1 орын – 700 000 теңге, 2 орын – 600 000 теңге, 3 орын – 500 000 теңге. 21,1 км қашықтықтағы абсолютті санаттағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1 орын – 450 000 теңге, 2 орын – 350 000 теңге, 3 орын – 300 000 теңге.

Жарыстың басталуы:   

07:30 – 3 км қатысушылардың сөресі (10-14 жас аралығындағы балалар)

08:20 – 42 км қатысушылардың сөресі

08:25 – 21 км қатысушылардың сөресі

08:30 – 10 км жарыс және скандинав жүрісі сөресі

 

Сөре-мәре қалашығында қатысушылар мен көрермендерді дарынды музыкалық ұжымдардың, DJ-дің өнерін тамашалауға болатын ойын-сауық бағдарламасы мен серіктестеріміздің тартымды промо-аймақтары күтеді. Бұл жер демалуға, достармен кездесуге және спорт мерекесінің ахуалын сезінуге болатын тамаша орынға айналады.

БАҚ өкілдері үшін Туркестан марафонына тіркелу міндетті. Ол үшін prmanager@almaty-marathon.kz. электрондық поштасына жазу қажет.

Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және # Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады