10-11 қарашада жүгіру маусымының соңғы жарысы – City Run 2023 жарысының сөрелік жинақтары беріледі! Сөре сызығына 2200 қатысушы шығады.

Біздің жарысымызда сізді серіктестеріміздің қызықты іс-шаралары, талантты музыкалық ұжымның өнер көрсетуі және айшықты фотоаймақтар күтеді. Бұл – демалудан, пікірлестермен араласудан және спорт мерекесінің атмосферасына бойлаудан ләззат алуға болатын тамаша орын!

Күні: 2023 жылғы 10-11 қараша

Уақыты: 10:00-20:00

Орны: «World Class Almaty» фитнес-клубы, Наурызбай батыр көшесі, 89

Денсаулық туралы қолхатқа онлайн қол қоюға болады

18 жастан бастап, тек Қазақстан азаматтары үшін.

Денсаулық туралы онлайн-қолхатқа eGov Mobile қолданбасы арқылы қол қойыңыз. Бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз – қолданбаны орнатыңыз және мобильді құрылғыңыздан құжаттарға қол қойыңыз. Сөрелік жинақты сіз үшін басқа адам алатын болса, сіз денсаулық туралы қолхатқа қашықтан қол қоя аласыз, ал танысыңыз өз жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.

Қолхатқа онлайн қол қою үшін:

  1. almaty-marathon.kz сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз.
  2. «Менің жарыстарым» бөлімін тауып, таңдаңыз.
  3. Алдағы шараны – City Run 2023 жарысын табыңыз.
  4. «Қолхатқа қол қою» түймесін басыңыз.
  5. Жүйе сізді автоматты түрде eGov Mobile қолданбасына апарады, онда сізге авторлану қажет болады.
  6. Авторланғаннан кейін сіз қолхатты көре аласыз. Қолхатты мұқият оқып шығыңыз және тиісті түймені басу арқылы оған қол қойыңыз.
  7. Жеке кабинетте қол қоюыңызды тексеріңіз: егер қолхатқа қол қойылған болса, «Қолхатқа қол қою» түймесі белсенді емес (сұр түсті) болады.
  8. Сөрелік жинақтарды беру кезінде жай ғана жеке куәлігіңізді көрсетіп, сөрелік топтамаңызды алыңыз.

Қолхаттың қағаз нұсқасы да бар. Сіз өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдай аласыз.

 Қағаз нұсқалар үшін: 

Жасы 18-ге ТОЛМАҒАН қатысушылардың өздерімен бірге мына құжаттар болуы тиіс:

 

Жасы 18-ден АСҚАН қатысушылардың өздерімен бірге мына құжаттар болуы тиіс:

 

Барлық құжаттар ҚАҒАЗҒА БАСЫП ШЫҒАРЫЛҒАН болуы тиіс.

Сіз жинақ берілетін күні өз жинағыңызды алып кете алмайтын болсаңыз, оны сіздің орныңызға мына құжаттарды көрсете отырып, таныстарыңыз алып кете алады:

  • Сөрелік жинақты алып кететін адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесі;
  • Жарысқа қатысушы өз қолымен толтырған денсаулық туралы қолхат.

Егер бір адам бірнеше қатысушының сөрелік нөмірлерін алатын болса, алып кететін адамның жеке куәлігінің көшірмесі әр қатысушының құжаттар топтамасына қоса берілуі тиіс. Яғни сіз 10 сөрелік жинақ алатын болсаңыз, жеке куәлігіңіздің 10 көшірмесін дайындауыңыз қажет.

Сөрелік жинақты басқа күндерде алуға болмайды.

Басталу уақыты:

08:00 – 10 км қашықтығының басталуы

08:10 – 5 км скандинавиялық жүріс қашықтығының басталуы

Іс-шара ережелерімен Ережеде танысыңыз.

Сөрелік жинақтарды беруде кездескенше!

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады