Winter Run: 15 ақпанда Алматыдағы кейбір жолдар жабылады

2026 жылғы 15 ақпанда Алматы қаласында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған Winter Run 2026 қалалық жүгіру жарысы өтеді. Жарысқа 2 500 жүгіруші қатысады. Winter Run ұйымдастыру комитеті оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын 15 ақпанда жарыс өтетін күні жол қозғалысының ішінара шектелетінін хабардар етеді. Бұл іс-шара дәстүрге айналған және биыл он екінші рет өткізілмек.
Жарыс «Нұрлы-Тау» бизнес-орталығының маңынан бастау алады. Қатысушылар Әл-Фараби даңғылы бойымен Гагарин даңғылына дейін жүгіріп, сол жерде кері бұрылып, «Нұрлы-Тау» бизнес-орталығына қайта оралады. Жүгіруді сүйер қауым үшін 3 қашықтық қарастырылған: 10 км, 7 км скандинавиялық жүріс және 3 км балалар жүгірісі.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы Меңдіқұлов бульварынан (түнелге кіреберіс) Серкебаев даңғылына дейін 08:00–10:45 аралығында жабылады. Сондай-ақ, Юрий Померанцев көшесінің Әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс 04:00–12:00 аралығында ішінара шектеледі. Солтүстік бағыттағы балама қозғалыс Тимирязев көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі толығымен ашық, автокөлік қозғалысына кедергі жоқ.
Бұл деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілген.
Winter Run 2026 қалалық жүгіру жарысы кезіндегі жолдардың жабылу кестесі
|
2026 ж. 15 ақпан |
|
|
04:00–12:00 |
Юрий Померанцев көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейін) |
|
08:00–10:45 |
Әл-Фараби даңғылы (Меңдіқұлов булварынан Серкебаев даңғылына дейін) Оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық Шығыс бағыттағы балама қозғалыс Тимирязев көшесі арқылы жүзеге асырылады |
Әлемнің көптеген елдерінде жүгіру жарыстары мегаполистердің орталығында өтіп, мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, қала тұрғындарын қатысуға шақырады. Жанкүйерлер көшеге шығып, қолдау сөздері жазылған плакаттар мен жалаушаларды іледі, ал мұндай іс-шаралар қала мәдениетінің бір бөлігіне айналады.
Қор ұйымдастыратын іс-шаралар, соның ішінде ең ауқымды Almaty Marathon, қалаға айтарлықтай экономикалық пайда әкеледі: салық түсімдері артады, спорттық туризм мен жергілікті бизнес дамиды. «Бірінші болу – батылдық» қорының зерттеу деректеріне сәйкес, марафон өтетін күндері қатысушылардың мыңнан аз бөлігі шамамен 8 миллион теңге көлемінде сатып алулар жасайды, ал серіктес компаниялардың салықтық аударымдары төрт жыл ішінде 318,9 млн теңгеден 873,9 млн теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ өзге қалалардан келген қатысушылардың шамамен 80%-ы Алматыға қайта оралуды жоспарлайтынын атап өткен.
Басталу уақыттары:
08:00 – 3 км қашықтықтың басталуы
08:45 – 10 км қашықтықтың басталуы
08:50 – 7 км скандинавиялық жүрістің басталуы
Winter Run шарасы Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Айта кетейік, 27 қыркүйекте Орталық Азиядағы ең ауқымды жыл сайынғы жүгіру жарысы – Almaty Marathon өтеді. Жүгіруді сүйер қауым үшін келесі қашықтықтар қарастырылған: 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, 21,1 км, 42,2 км, сондай-ақ Экиден командалық эстафетасы. Жарысқа тіркелу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді.


