Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

2026 жылғы 19 сәуірде «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon тоғызыншы рет өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады. Жартылай марафонның ұйымдастыру комитеті оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жол қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлайды.
19 сәуірде жартылай марафон өткізілуіне байланысты сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін учаскелерде жол қозғалысы ішінара жабылады.
Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Сайын көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын тиімді бөлуді ескере отырып берілген.

Almaty Half Marathon 2026: жолдардың жабылу кестесі
|
2026 жылғы 19 сәуір |
|
|
00:00–11:00 |
Әл-Фараби даңғылы (Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейін) Оңтүстік жағы ашық болады |
|
06:45–09:45 |
Әл-Фараби даңғылы (Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық |
|
07:10–09:05 |
Сейфуллин даңғылы (әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) |
|
08:30–10:20 |
Сайын көшесі (әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады |
|
08:50–11:15 |
Абай даңғылы (Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін) Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады |
|
07:20–09:15 |
Абай даңғылы (Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейін) Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады |
Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жетудің ұсынылған бағыттары:
1) Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
2) Науаи көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
3) Садықов көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
4) Дулати көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
5) Сайын көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
6) Розыбакиев көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.
Жолдардың жүктемесіне байланысты қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жету ұсынылады. Жолдардың жабылуын ескере отырып, ең қолайлы бағытты 2ГИС қосымшасында құруға болады. Сөре аймағында (Тұңғыш Президент саябағы) және мәре қалашығында (Орталық стадион) тұрақ қарастырылмағанын ескертеміз.
Жартылай марафон бағыты Алматының көркем көшелерімен, таулар көрінісімен өтеді: сөре – Тұңғыш Президент саябағы маңында Әл-Фараби даңғылында, мәре – Орталық стадионда.
Жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады. Қатысушылардың басым бөлігі Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келеді. Жалпы қатысушылар географиясы Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Аустралия және Африка құрлықтарын қамтиды. Олардың қатарында Франция, Германия, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония, Аустралия және Оңтүстік Африка елдері бар.
Жарысты ұйымдастырушы – 2012 жылдан бері Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасы – Almaty Marathon және басқа да бұқаралық жарыстарды өткізіп келе жатқан «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры. Қор жарыстары 115 елдегі 445-тен астам жарысты біріктіретін AIMS халықаралық марафондар және жүгіру жарыстары қауымдастығының күнтізбесіне енгізілген, ал жартылай марафон бағыты World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.
Айта кету керек, қор ұйымдастыратын іс-шаралар қала экономикасына оң әсерін тигізуде. 2024 жылғы «Almaty Marathon-ның қала экономикасына әсері» зерттеуіне сәйкес, бұл жарыс айтарлықтай экономикалық нәтиже береді. Марафон өтетін екі күнде шамамен 1 000 қатысушы 8 млн теңгеге жуық қаражат жұмсайды. Ал серіктес компаниялардың салықтық түсімдері соңғы төрт жылда 318,9 млн теңгеден 873,9 млн теңгеге дейін артқан. Қалада тұрақты жүгіру экожүйесі қалыптасқан: бүгінде Алматыда 40-қа жуық жүгіру клубы жұмыс істейді. Тамақтану, медицина және спорттық жабдықтар салаларындағы инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді.
Халықаралық қызығушылық та зерттеулермен расталады: Almaty Marathon Mastercard пен Almaty Tourism Bureau дайындаған қаланың туристік әлеуеті туралы талдауға енгізілген, онда ірі іс-шаралардың туристер ағыны мен шығындарының өсуіне әсері атап өтілген.
Биыл Almaty Marathon 27 қыркүйекте өтеді және 16 000-ға дейін қатысушыны жинайды. Жыл сайын сөрелік жарналардың бір бөлігі қайырымдылыққа бағытталады: 2012 жылдан бері жалпы сомасы 300 млн теңгеден асатын 30-дан астам әлеуметтік және медициналық жоба жүзеге асырылды. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында ашық.
Басталу уақыты:
07:00 – 10 км қашықтықтың және скандинавиялық жүрістің басталуы
08:15 – 21 км қашықтықтың, Элита мен Экиден эстафетасының басталуы
Бас демеуші: Kaspi.kz
Almaty Half Marathon Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы және академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.


