Жалпы ақпарат
Қатысушыларды тіркеу сайтында 2019 жылдың 25 ақпанынан басталып, 2019 жылдың 10 наурызында немесе қатысушылардың жалпы саны 1200-ға жеткен сәтте аяқталады.
Сөре жарнасы:
13 км жүгіруден жарысқа қатысушылар үшін – 3000 теңге;
3 км жүгіруден жарысқа қатысушылар үшін – 1000 тенге.
Сөре нөмірі жоқ қатысушыларға жарыстарға қатысуға рұқсат берілмейді.
Өтетін күні: 16 наурыз 2019 жыл.
Орны: Баум тоғайы
Жүгіру жарысындағы жас санаттары:
Негізгі жарыс (13 км): 15-34, 35-49, 50+
Балалар жарысы (3 км): 10-14 жас
Сөре уақыты:
Балалар жарысы (3 км) - кейінірек жарияланады.
Негізгі жарыс (13 км)- кейінірек жарияланады.
Мәреге дейін жеткен барлық қатысушыларға мәреші медалі беріледі.
Қатысушылар тіркелу үшін төмендегілерді орындауы қажет:
- www.almaty-marathon.kz сайтында тіркеу формасын толтыру.
- Қатысу құнын төлеу.
Жарысқа қатысуға төленген қаражат қайтарылмайды.
Сөре жинағы «World Class Almaty» фитнес клубы аумағында Алматы қаласы, Наурызбайбатыр көшесі 89/2 мекен-жайы бойынша 2019 жылдың 13 және 14 наурызында, сағат 10:00 бастап 20:00 дейін беріледі.
Назар аударыңыз! Сөре жинақтары басқа күндері берілмейді!
Қатысушы жарысқа қатысушының жинағын беру кезінде ұсынылатын құжаттар болған кезде ғана жіберіледі:
10 жастап бастап 17 жасқа дейінгі қатысушылар үшін:
• Жеке куәлік көшірмесі (туу туралы куәлік көшірмесі);
• Ата-ананың екеуінің жарысқа қатысуға рұқсат беру туралы қолхаты;
• Қолхатқа өздері қол қойған ата-атаның екеуінің жеке куәліктерінің көшірмесі.
18 жас және одан үлкен қатысушылар үшін:
• Жеке куәлік.