Еріктілік

Ерікті болудың 5 себебі

1. Еріктілік пен жеке өсу

Бәрінің назары сенде! Еріктілік саған түрлі іс-шараларға қатысуға, жас ұрпақ үшін қызықты әрекеттерді жоспарлау және ұсынуға мүмкіндік береді. Алда өтетін оқиғалар туралы біліп, оларға өз еркіңмен қатыса аласың! Өзіңді бағалауың артып, түрлі жастағы және әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдармен тез тіл табысуға үйреніп, өзіңнің ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттеріңді жақсартып, ұйымдастыру комитетінің жұмысын іштен көріп, осы салада баға жетпес тәжірибе жинақтайсың.

2. Еріктілік пен достық

Алматы марафонындағы еріктілік – жаңа таныстар табудағы тамаша мүмкіндік. Өзге еріктілер арасынан дәл сен сияқты қоғамға пайдасын тигізіп, адамдардың жақсылығына жақсылықпен жауап беретін ниеттес адамдарды кездестіресің. Біздің іс-шараларымызда берік достық, жұптар, тіпті отбасылар да пайда болады.

3. Еріктілік пен болашақ кәсіптің іргетасы

Еріктілік сенің түйіндемеңде маңызды орын алады. Алғаш рет жұмысқа орналасқан кезде ең бірінші түйіндеме сұрайды. Жұмыс тәжірибесі мен білім – бұл маңызды сәттер. Жұмыс берушілер «Сіздің сүйікті ісіңіз қандай?» немесе «Бос уақытыңызда немен айналысасыз?» деген сұрақтар қойғанда еріктілік туралы әңгімең үлкен рөл атқарады! Сен мейірімділік, елгезектік, көпшілдік, ұйымдастырушылық, жауапкершілік тәрізді өзіңнің жеке қасиеттеріңді көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге жан-жақты адам екеніңді білдіресің. Халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін көптеген компанияларда еріктілік тәжірибесі жұмысқа алған кезде қосымша артықшылық болып табылады.

4. Еріктілік және әлемді жақсарту

«Алматы марафонының» еріктісі бола отырып, сен қайырымдылыққа үлкен үлес қосасың. Әлемімізге мейірімділік әкеліп, оны жақсарта түсесің. Өзіңнің айналаңдағы достарың мен жақын адамдардың көзінше өсесің. Жақсылық жасай отырып, айналадағы әлемнің өзгеріп жатқанына куә боласың және де сен адамгершілікті тәрбиелеу мектебін дамытудың басты бөлшегінің бірісің.

5. Еріктілік пен жылы естеліктер

Еріктілер ешқашан зерікпейді. «Алматы марафонына» бір мәрте қатысқандардың өзі бұл сөзбен келіседі. Шаршасаң да, ауа-райы қолайсыз болса да сен жалықпайсың. Өзгелерге адал ниетпен көмектесу үшін өз уақытын жұмсайтын адамгершіліктің үлгісіне айналасың. «Мұның бәрі саған не үшін қажет?» деген сұраққа сенің өз жауабың болады. Ал, жарқын оқиғадан естеліктер мен эмоциялардың болатынына біз кепіл береміз. 

Жарқын өмір сүріп, өзіңе бақыт сыйлайтын және көңілің толатын іспен айналыс.

Біз өз еріктілерімізді жақсы көреміз және әрқайсысының еңбегін бағалаймыз.

"АЛМАТЫ МАРАФОНЫ" ЕРІКТІСІ ТӨМЕНДЕГІЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ:

  • іс-шараның фирмалық жеңіл жейдесі мен бас киімі,
  • «Алматы марафонын» өткізу кезінде тамақтану,
  • ұйымдастырушылардан алғыс хат,
  • кепілдеме хаты (өтініш бойынша),
  • ұмытылмас тимбилдинг.

 

ЕРІКТІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • тіл табыса білу,
  • жоғары деңгейдегі жауапкершілік,
  • 16 жаста және одан үлкен болуы тиіс,
  • командада жұмыс істеу қабілеті,
  • мүдделілік.

«Алматы марафоны» мен өзге де жарыстардың еріктісі болуға қызығушылық танытсаң, volunteer@almaty-marathon.kz мекенжайына хат жазып, немесе мына форманы толтыру қажет: 

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeVD9phcMIhNEweJipteM-skib2TCjzMiCgy42d0VFQ9qrYbA/viewform

Біз сені күтеміз!