Сенбі, 17 наурыз,  Алматыда Алматы Марафон командасының ұйымдастырылуымен Екінші Көктемгі жүгіріс өткізілуіне байланысты Әл-Фараби даңғылы жабылады. Автокөліктердің қозғалысы Қозыбаев көшесінің сол жақ бөлігінен Мұстафин көшесіне дейін шектелетін болады.

Қозғалыс сағат таңғы 6.30-дан 12.00-ге дейін марафон дистанциялары өтетін жерлерде автокөлікпен жүру уақытша тоқтатылады.

«Осы жылы Екінші Көктемгі жүгіруге шамамен 1000 қатысушы тіркелген. Бұл Алматы Марафон спорттық іс-шарасына жыл сайынғы финалдық дайындық.

Көктемгі жүгірісті өткізуге байланысты Әл-Фараби даңғылы жартылай жабылады. Біз, іс-шараны ұйымдастырушы ретінде қала тұрғындарынан және қала қонақтарынан бұл күнді жоспарлау кезінде осыны назарға алуын сұраймыз», - деп ескертті Алматы Марафонның директоры Салтанат Казыбаева.

Жарыстың есептелген уақыты аяқталған соң, сағат түскі 12.00-де қозғалыс толық қалпына келтіріледі деп белгіленуде. 

Jañalyqtar
Summer Relay 2025: 26 шілде күні Алматыда кешкі жүгіру жарысы өтеді
Tau Jarys 2025 Алматы облысында 1500 қатысушыны жинады
Жүгіруге шықпас бұрын жүрек денсаулығы туралы не білу керек