17 наурыз 2018

17 наурызда шамамен мың спортшы Әл-Фараби даңғылымен жүгіріп өтті — «Көктемгі жүгіру» өткізілді. Ол 22 сәуірде өтетін Орталық Азияның ең көлемді жүгіру шарасына – «Алматы марафонына» дайындықтың соңғы кезеңі болып табылады.

17 наурызда шамамен мың спортшы Әл-Фараби даңғылымен жүгіріп өтті — «Көктемгі жүгіру» өткізілді. Ол 22 сәуірде өтетін Орталық Азияның ең көлемді жүгіру шарасына – «Алматы марафонына» дайындықтың соңғы кезеңі болып табылады.

14 км толық қашықтыққа жүгіріп өткен ерлер арасында бірінші болып мәреге Дмитрий Иванчуков жетті. Әйелдер арасында мәре сызығынан бірінші болып Светлана Слунина өтті. Абсолютті есептегі жеңімпаздар ақшалай жүлде алды – жүгірудің жалпы жүлде қоры 200 000 теңгені құрады.

Балалар қашықтығында (10 жастан бастап, 14 жасқа дейін) ұлдар арасында бірінші болып Александр Тен және қыздар арасында Адия Кадырова болды.

Өз жастарының санаттарындағы жеңімпаздарды төсалқалармен, мақтау қағаздарымен және шара серіктестерінің сыйлықтарымен марапатталды. Барлық нәтижелермен almaty-marathon.kz сайтында танысып шығуға болады.

- «Осы жылы біз Көктемгі жүгіруді жаңа трассада өткіздік, көптеген жүгірушілер үшін өзін сынап, алдағы болатын «Алматы марафонының» бір бөлігін танып білуге жақсы мүмкіндік болды. Құбылмалы ауа райына қарамастан осы жылы Көктемгі жүгіруге одан бетер көп қатысушы шықты. Осындай шаралар Алматы тұрғындары мен қонақтары арасында қызығушылық танытатынына қуаныштымыз, 22 сәуір жылдың басты сөресінде әрбір қатысушыны асыға күтеміз» - деді «Алматы марафоны» директоры Салтанат Казыбаева.

«Алматы марафонына» тіркелу 10 сәуірге дейін ұзартылды. Барлық қалаған тұлғалар марафонға ашық жаттығуларға қатыса отырып дайындала алады, дайындық Бірінші Президент Саябағында таңғы сағат 10.00 әрбір сенбі сайын өткізіледі.

«Көктемгі жүгіру» ұйымдастырушылары болып Алматы қаласы әкімінің қолдауымен «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры, академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім қоры және World Class Almaty фитнес-клубы табылады. 

Сайтқа кіру
Восстановление пароля