Маусымның   2-де Алматыдағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы Саябақта “Сенің жаңа қырың!” челленджі аясында жүгіруден ашық жаттығулар қайта басталады. Шара әр сенбі сайын сағат таңғы 10.00-де өтеді. Жаттығуға әр адам қатыса алады.

Ашық жаттығуларды сырғанау спорты бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері, сырғанау спортынан Еуропа кубогының екі мәрте жүлдегері, сырғанау спортынан Қазақстанның төрт мәрте чемпионы, ҚР бодибилдинг бойынша чемпионатының жүлдегері,  зіл темірді екі қолымен сығымдап жатып көтеруден және зіл темірді классикалық сығымдап жатып көтеруден Алматы қаласындағы чемпионатының қола жүлдегері Никита Осадчий жүргізеді.

Жаттығулар үшін жүгіру техникасын зерттеу, дамыту мен жетілдіру бойынша арнайы бағдарлама дайындалды.

“Алматы марафоны” командасы “Сенің жаңа қырың!” челленджін қолдайды және қабылдайды, сонымен бірге Алматы тұрғындарын осы спорттық сынға қатысуға шақырады. Біз әрбір адамға тегін жүгірумен айналысу, оның техникасын түсіну және спортты өз өмірінің бөлшегіне айналдыруға мүмкіндік беру үшін жаттығуларды қайта бастаймыз. Әдеттің 21 күн ішінде дағдыға айналатыны бәріне белгілі. “Сенің жаңа қырың!” челленджі  өзге 300 000 қазақстандықпен бірге жақсы болуға және жетіле түсуге жетелейді. Шара күллі республика аумағында қолға алынған ең ауқымды жаппай флешмобқа айналады”, - дейді Алматы марафоны директоры Салтанат Қазыбаева.

Халық арасындағы спорттық “Сенің жаңа қырың!” бастамасы қазақстандықтардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру үшін қолға алынып отыр. Ол үшін 21 күн бойы физикалық жаттығуларға небәрі жарты сағат бөлу жеткілікті.

Жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болды. Елбасы өз бейнежолдауында барлық қазақстандықтарды белсенді өмір сүруге және спортпен шұғылдануға үндеді. Бұл шара қазақстандық жұлдыздар мен спортшылар тарапынан да қолдау тапты. 

 Жоба механикасы қарапайым: Қазақстанның шараға қатысуға ниет білдірген тұрғындары “Сенің жаңа қырың!” Challenge  әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына (Instagram, Facebook, ВКонтакте) жазылып,  оның басталуын күтеді. Маусымның 4-нен  25-не дейін  күн сайын, жиырма бір күн бойы қатысушылар 30-минуттық жаттығулардың түрлі кешендерін орындап, әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында  #басқашасен хэштегімен белгілеу және геолокация арқылы фото/бейне есеп береді.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры” бастамасымен “Самұрық-Қазына” АҚ компаниялар тобының атынан қолға алынды. Спорттық бастама ұйымдастырушысы   - Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық шара – Алматы марафоны ұйымдастырушысы ретінде танымал “Бірінші болуға батылдық” Корпоративті қоры.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады