Жаңалықтар





Биыл 25 мыңнан астам қазақстандық спортты таңдады

28 Желтоқсан 2018

«Бірінші болу - батылдық» корпоративті қоры жылды қорытындылады. 2018 жылы қор 20 спорттық іс-шара өткізген. Олардың арасында тек жүгіру жарыстары емес, сонымен бірге, пауэрлифтинг, веложарыс, жүзу және триатлон жарыстары бар. Бұл шараларға 25 000-нан астам әуесқой және кәсіби спортшы қатысты. 

«Мені біздің елімізде тұратын барлық адамның жасы мен спорттық дайындығына қарамастан мүмкіндіктері бар екені және таңдау жасай алатыны қуантады. Түрлі талғамға сай жарыстар бар, олар жыл бойы өткізіледі. 2018 жылы сәуірде өткен Алматы марафоны менің есімде қалды. Мен 42 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, үйіме кеттім. Кейін өз санатымда екінші орын алғанымды білдім! Жаңа жылдағы мақсатым – марафонды 3 сағат 30 минутта еңсеру, жалпы Бостон марафонында жүгіруде армандаймын. Бұл үшін бар зейнетақымды жұмсауға дайынмын. Қазір менің жасым 64-те, дегенмен жүгірусіз бір күнім де өтпейді»,-дейді жүгіру жарыстарына үнемі қатысатын Тілеужан Қанапиянов.   

Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы «Алматы марафонына» биыл 38 елден келген 14 000 адам қатысты. Тамыздағы Азия кубогы мен Қазақстанның триатлон бойынша чемпионатына 245 спортшы қатысты. Тағы 300 атлет мамырда өткен Азия кубогы мен Пауэрлифтинг бойынша чемпионатта ең үздік атану үшін жарысты. Жаздың соңында «Tour of World Class Almaty» веложарысына осы спортты жаны қалайтын 700 адам қатысты. Ал, Балалардың жүгіруден бірінші жарысына 3 жастан бастап 300 бүлдіршін бақ сынасты. Бірінші мәрте өткен Алматы жартылай марафонында 4000-ға жуық әуесқой спортшы жүгірді. Қоса алғанда қордың барлық спорттық іс-шарасына 25 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.  

«Қазір «Алматы марафоны 2019» және Алматы жартылай марафонына дайындық жүріп жатыр. Ақпаннан бастап саябақта кәсіби жаттықтырушылармен ашық жаттығулар топтамасын және дәрістерді бастаймыз. 21-сәуірден бастап сөреге 17 000 әуесқой жүгіруші қатысады деп күтіліп отыр. Келесі жылы өзіміздің 16 жарысымызды (олардың жартысы бірінші рет өтеді), сонымен бірге Алматы триатлон федерациясымен бірлесе жүгіру жарыстарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Әдеттегідей, «Алматы марафоны» қатысушыларының тіркелу жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарға бағытталады», - дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Биыл «Алматы марафонына» қатысушылардың тіркелу жарнасынан 65 924 627 теңге түсті. «Алматы марафонын» өткізу құны 109 076 519 теңге (қайырымдылық мақсаттарын іске асыру құнын қоспағанда) болды. Марафонды өткізуге жетпей қалған бөлігін демеушілеріміз бөлді. 

Назад