01 шілде 2019

2019 жылдың 1-шілдесінде жыл сайынғы алтыншы «Tour of World Class Almaty» веложарысына тіркелу басталады. Жарыс 18-тамызда өтеді. Оған велоспортты сүйетін барлық әуесқой спортшы (кәсіби емес спортшылар) тас жол немесе тау велосипедімен берілген үш бағыттың біреуіне қатыса алады.

Спортшылардың таңдауына  3 қашықтық ұсынылған:

14 км: тас жол немесе тау велосипедіне мінген 12 жастан бастап 17-жасқа дейінгі қатысушыларға арналған.

34 км: тас жол немесе тау велосипедіне мінген 18 жастан бастап қатысушыларға арналған.

57 км: тас жол велосипедіне мінген 18 жастан бастап қатысушыларға арналған.

Дәстүрге сай спортшылар Алматыдағы Розыбақиев көшесі бойындағы «Mega Alma-Ata» СОСО алдындағы алаңнан бастап жүгіреді. Бағдарға Розыбақиев, Әл-Фараби, Сайын көшелері алынған. 57 км бағдар бойынша жарысатын велосипедшілер  осыдан кейін Момышұлы немесе Ақ-Қайнар көшелеріне (АвтоЦОН жаққа қарай) кетеді.

Жарыс күні қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдар бойынша жолдар жабылады. Оның толық жоспары сөре уақытына қарай жария етіледі.

Жеңіпаздар өз жас санаттарына сай марапатталады.

Сөреге бірінші болып 14 км қашықтық қатысушылары сағат таңғы 8.00-де шығады. Сағат 9.00 және 9.05-те  сәйкесінше 57 км және 34 км қашықтық қатысушылары шығады.

Сөре жарнасы:

57 км жарыс қатысушылары үшін – 6000 теңге;

34 км жарыс қатысушылары үшін - 5000 теңге;

14 км жарыс қатысушылары үшін – 3000 теңге.

Қатысуға тіркелу және төлеу https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/velogonka_tour_of_world_class_almaty_2019/reg/ сайтында 1-шілдеден бастап ашық және 2019 жылдың 9-тамызына дейін немесе қатысушылардың жалпы саны 850 адамға жеткенше жалғасады.

Жарыс ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клуб мен Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля