Назарбаев даңғылынан Батыс Желтоқсан көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылы бойынша батыс бағыттағы қозғалыс сағат 06.00 – 08.00 аралығында жауып тасталады. Сағат 8.00-ге дейін Назарбаев даңғылы астындағы Достық даңғылынан бастап үңгіртау арқылы өтуге болады.

Назарбаев даңғылынан бастап Гагарин даңғылына дейінгі Әл-Фараби даңғылы (төменгі жақ) бойынша батыс бағыттағы қозғалыс сағат 08.00 – 11.30 аралығында толығымен жабық болады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөліктің қозғалысына қолжетімді болады.

Жол, жүгірушілердің жоларнадан өту шамасына қарай ашылатын болады.

«Нұрлы Тау» БО жанындағы сөре-мәре қалашығына Қозыбаев көшесі арқылы немесе Батыс Желтоқсан көшесі жағынан өтуге болады. Әл-Фараби даңғылы арқылы шығыс бағытта автобустармен де баруға болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын түсінікпен қарауды және 23 ақпанда Әл-Фараби даңғылы бойынша бағдарыңызды ертерек жоспарлауды сұраймыз.

Jañalyqtar
Summer Relay 2025: 26 шілде күні Алматыда кешкі жүгіру жарысы өтеді
Tau Jarys 2025 Алматы облысында 1500 қатысушыны жинады
Жүгіруге шықпас бұрын жүрек денсаулығы туралы не білу керек