15 маусым 2023

Астанадағы жартылай марафонның сөресі EXPO ХКО аумағында беріледі.

2023 жылғы 18 маусымда Қазақстан елордасы – Астана қаласында спорт әуесқойларына арналған ең ірі жүгіру жарыстарының бірі – Astana Half Marathon өтеді. Жарыстың ұйымдастырушысы – жыл сайынғы Алматы марафоны бойынша көптеген спортшыларға таныс болып үлгерген «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры.

Astana Half Marathon Ұйымдастыру комитеті елорда тұрғындары мен қонақтарына жартылай марафон өтетін күні кейбір жол бөліктерінде көлік қозғалысының ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

17 маусым күнгі сағат 16:00-ден 18 маусым күнгі сағ. 18:00-ге дейін «EXPO» қалашығы маңындағы жол бөлігінде көлік қозғалысы жабылатынын атап көрсетеміз.

18 маусым күнгі сағ. 06:00-ден 08:00-ге дейін Түркістан көшесінің бойында EXPO ғимаратынан Сығанақ көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.

Сағ. 07:00-ден 09:00-ге дейін Сығанақ көшесінің бойында Түркістан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады.

Сағ. 07:20-дан 10:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының бойында Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы жабылады.

Сағ. 07:20-дан 10:00-ге дейін Сарайшық көшесінің бойында Тәуелсіздік даңғылынан, айналма жолдың солтүстік бөлігін қоса алғанда, Мәңгілік Ел даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады.

Сағ. 07:40-тан 10:00-ге дейін Мәңгілік Ел даңғылында айналма жолдың оңтүстік жағынан Қонаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы жабылады.

Сағ. 07:50-ден 10:50-ге дейін Қонаев көшесінің бойында Мәңгілік Ел даңғылынан Тұран даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады.

Сағ. 07:50-ден 10:50-ге дейін Қонаев көшесінің бойында «Хан Шатыр» СОО аумағының айналасындағы көлік қозғалысы жабылады.

Сағ. 07:50-ден 11:00-ге дейін Достық көшесінің бойында Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.

Сағ. 08:00-ден 11:20-ға дейін Ақмешіт көшесінің бойында Достық көшесінен «EXPO» ХКО-на дейін көлік қозғалысы жабылады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Astana Half Marathon 2023 жарысы үшін жолдарды жабу кестесі

17 маусым

сағ. 16:00-ден бастап 18 маусым күнгі сағ. 18:00-ге дейін

Түркістан көшесі мен Ақмешіт көшесінде «EXPO» ХКО айналасында

2023 жылғы 18 маусым

сағ. 06:00-ден 08:00-ге дейін

Түркістан көшесі («EXPO» ХКО-дан Сығанақ көшесіне дейін)

сағ. 07:00-ден 09:00-ге дейін

Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін)

сағ. 07:20-дан 10:00-ге дейін

Тәуелсіздік даңғылы (Сығанақ батыр көшесінен Сарайшық көшесіне дейін)

сағ. 07:20-дан 10:00-ге дейін

Сарайшық көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан, айналма жолдың солтүстік бөлігін қоса алғанда, Мәңгілік Ел даңғылына дейін)

сағ. 07:40-тан 10:00-ге дейін

Мәңгілік Ел даңғылы (айналма жолдың оңтүстік жағынан Қонаев көшесіне дейін)

сағ. 07:50-ден 10:50-ге дейін

Қонаев көшесі (Мәңгілік Ел даңғылынан Тұран көшесіне дейін)

сағ. 07:50-ден 10:50-ге дейін

Қонаев көшесі («Хан Шатыр» СОО аумағының айналасы)

сағ. 07:50-ден 11:00-ге дйін

Достық көшесі (Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін)

сағ. 08:00-ден 11:20-ға дейін

Ақмешіт көшесі (Достық көшесінен «EXPO» ХКО-на дейін)

 







«EXPO» ХКО-на көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1)  Тұрар Рысқұлов көшесінің бойымен;

2)  Мәңгілік Ел көшесінің бойымен Қонаев көшесінен Әбіш Кекілбаев көшесіне дейін;

3)  Қабанбай батыр даңғылының бойымен «MEGA Silk Way» СОО-ға дейін.

 Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына («EXPO» ХКО) Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2ГИС қолданбасында құруға болады. Сөре қалашығының жанында («EXPO» ХКО) көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтынына назарларыңызды аударамыз.

Биыл Астанада әлемнің 20-дан астам елінен 6 мыңнан астам әуесқой спортшы жарыста бақ сынамақ. Astana Half Marathon – жүгіру жарысына қатысушылар үшін өздерінің жеке рекордын орнатудың тамаша мүмкіндігі. Астанадағы тегіс трассаның арқасында спортшылар өздерінің үздік нәтижелерін көрсетіп, спорттық мансабында жаңа биіктерге қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта жартылай марафондағы трасса рекорды татарстандық Ринас Ахмадеевке тиесілі. Ол 2022 жылы жартылай марафонды 1 сағат 2 минут 54 секундта жүгіріп өтті.

Жарысқа қатысушылар мәреші медалімен марапатталады. 21 км қашықтығында ерлер мен әйелдер арасында абсолютті санаттағы ең жүйрік қатысушылар ақшалай жүлделермен марапатталады: 1-ші орын – 500 000 теңге, 2-ші орын – 450 000 теңге, 3-ші орын – 400 000 теңге.

Экиден командалық эстафетасында да абсолютті біріншіліктегі жеңімпаздар ақшалай жүлделермен марапатталады: 1-ші орын – 200 000 теңге, 2-ші орын – 150 000 теңге, 3-ші орын – 100 000 теңге.

Басталу уақыты:

07:00 – 10 км және скандинавиялық жүріс қашықтығының басталуы.

07:25 – 21 км қашықтығының басталуы.

Сөре қалашығында қатысушылар мен көрермендерді талантты музыкалық ұжымдардың өнер көрсетулері мен серіктестеріміздің қызықты жарнамалық аймақтарын қамтитын ойын-сауық бағдарламасы күтеді. Бұл – демалуға, пікірлестермен араласуға және спорт мерекесінің атмосферасынан ләззат алуға болатын тамаша орын.

Astana Half Marathon Бас серіктесі: Halyk Bank

Құрметті серіктестер: Altel

Медициналық ресми серіктес: Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля