10 шілде 2023

Қатысушылар тас жол немесе МТВ (тау) велосипедімен қатыса алады.

2023 жылғы 6 тамызда Алматыда әуесқой велосипедшілердің Tour of World Class Almaty жарысы өтеді, онда әрбір қатысушы өзін нағыз велошабандоз ретінде сезініп, өзінің бар мүмкіндіктерін көрсете алады.

Жарысты жыл сайынғы «Алматы марафонының» ұйымдастырушысы болып табылатын «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры өткізеді. Тіркеу almaty-marathon.kz сайтында ашылды.

18 жастан асқан велоспорт әуесқойлары – тас жол немесе МТВ велосипедімен 32 шақырымды, 18 жастан асқан қатысушылар тас жол велосипедімен 52 шақырымды жүріп өтеді. Сондай-ақ 12 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған 14 шақырымдық қашықтық бар.

Атлеттер өте әдемі трассамен өтеді. Оның артықшылығы – 180 градустық күрт бұрылыстардың болмауы, барлық бұрылыстар жаңа жол айырықтарының бойымен өтеді. Сондықтан көптеген велосипедшілер жеке рекордтарын жаңарта алады.

«Баршаның сүйікті жарысына айналған Tour of World Class Almaty веложарысы биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден 800-ге жуық қатысушының басын қосады. Осы уақыт ішінде велосипедпен жүруді ұнататындар саны бірнеше есеге артты. Велосипед спорты бүкіл Қазақстанда танымалдыққа ие болды, ал біздің жарысымыз жылдан-жылға қазақстандықтарды ғана емес, шетелдік қонақтарды да қызықтырып тартуда, бұл туризмнің дамуына септігін тигізеді», – деді веложарыстың рейс-директоры Салтанат Қазыбаева.

Тіркелу және қатысу ақысын төлеу сайтта 31 шілдеге дейін ашық. Сөрелік жарна: 52 шақырым – 15 000 теңге, 32 шақырым – 12 000 теңге, 14 шақырым – 10 000 теңге.

52 шақырым қашықтықта абсолютті жас санатындағы жеңімпаздар ақшалай жүлделермен, медальдармен, грамоталармен және бағалы жүлделермен марапатталады. 52 шақырым, 32 шақырым, 14 шақырым қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және бағалы жүлделермен марапатталады. Жарыстың мәреге жеткен барлық қатысушылары естелік медальдарын алады.

Осы тұста айта кетелік, 2022 жылы тас жол велосипедімен 52 шақырым қашықтығында абсолютті есепте 1 сағат 18 минут уақыт көрсеткішімен Никита Федотовских жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Екатерина Шатная (1 сағат 27 минут) бірінші болып мәреге жетті.

Веложарыстың бас серіктесі: Allur JETOUR

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля