Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен City Run жарысы өтті, ол 2025 жылғы өзінің жүгіру маусымын қорытындылады.

16 қарашада Алматыда 20 елден келген 2 500 қатысушы жиналған маусымның мәрелік жарысы өтті.

Жүгірушілердің қатарында мегаполистің тұрғындары мен қонақтары, соның ішінде Щучинск қаласынан 91 жастағы Салиха Зигангерова және алматылық 88 жастағы Дузу Мавлютова болды. Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальдар алды.

2025 жылғы жүгіру маусымы 40 мыңнан астам қатысушының басын қосты, олардың 18 мыңға жуығы әйелелдер, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 20% -көп болды. Сондай-ақ тіркелген шетелдік қатысушылар қатары да ұлғайған.

Ақпарат көзі: https://kaz.zakon.kz/kogam-tynysy/6071523-20-elden-2500-atysushy-almatyda-2025-zhyly-mausymny-soy-City-Run-mrelk-zharysy-tt.html

Jañalyqtar
Рекордтар жылы: City Run 2025 жылдың ең ірі жүгіру маусымын қорытындылады
20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
Turkistan Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты