"Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры AYALA қайырымдылық қорымен бірлесіп, Қазақстандағы нәрестелер мүгедектігінің деңгейін төмендету жұмыстарын жалғастыруда. 

Almaty Marathon балалар денсаулығын жақсартуға бағытталған инновацияларды енгізуге үлес қосадыФото: AYALA

Биыл Almaty Marathon қатысушылары мен серіктестерінің жарналары есебінен жалпы сомасы 145 000 000 теңгені құрайтын екі бірегей жоба іске қосылады. Олардың ортақ миссиясы – балалар мүгедектігін болдырмай, оларға бақытты болашақ сыйлау, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Өмірге дем берейік": Қазақстанда әлі болмаған емдеу механизмін іске қосу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тамырлық мальформациялар – балаларды өмір бойы ауырсыну, қан кету, ағза қызметінің бұзылуы, ал кей жағдайларда айқын косметикалық ақаулармен бірге өмір сүруге мәжбүрлейтін туа біткен дерт. Қазақстанда мұндай диагноз қойылған науқастарға медициналық көмек әзірге көрсетілмейді, сондықтан отбасылар емделу үшін шетелге жүгінуге мәжбүр. 2021–2024 жылдар аралығында мемлекет осы мақсаттарға 437 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

"Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры мен Almaty Marathon атлеттерінің арқасында Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында дәрігерлерге тамыр аномалиялары бар қазақстандық балаларды емдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар пайда болады. Орталықтың дәрігерлер бригадасы Германиядағы тамыр мальформацияларын емдеуге маманданған жетекші клиникада оқудан өтеді.

"Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов атап көрсетеді: "Almaty Marathon – жай ғана спорт емес. Қазақстанның түрлі қалаларындағы әртүрлі қашықтықтағы жарыстарда мыңдаған атлеттердің жүректері жыл сайынғы ірі игі істер үшін бірігеді. Алматыда қыркүйекте өтетін он төртінші марафонда біз екі жаңа жобаны іске қосамыз, олардың басты мақсаты – дені сау және бақытты балалар. Біз Қазақстандағы балалар денсаулығын дамытудағы жаңа кезеңнің бір бөлігі болуға, Денсаулық сақтау министрлігі мен AYALA қайырымдылық қорымен бірге жұмыс істеуге шабыттанамыз".

Ақпарат көзі: https://inbusiness.kz/kz/news/almaty-marathon-balalar-densaulygyn-zhaksartuga-bagyttalgan-innovaciyalardy-engizuge-ules-kosady 

Jañalyqtar
Рекордтар жылы: City Run 2025 жылдың ең ірі жүгіру маусымын қорытындылады
20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
Turkistan Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты