Миссия

2012 ⟶ ∞

Қайырымдылық – Almaty Marathon миссиясының маңызды бөлігі. Жыл сайын сөрелік жарнаның бір бөлігі ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталады.

0

Жылдаржақсылық жасаймыз

0

жобалар

0

млн теңге

14 жыл ішінде Қор командасы Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында жалпы құны 300 млн теңгеден асатын 30-дан астам қайырымдылық жобасын жүзеге асырды. Осы уақыт аралығында ондаған футбол алаңы, скалодромдар, спорт алаңдары орнатылып, сонымен бірге сенсомоторлық интеграцияны, қимыл-қозғалыс жүйесін дамытуға, балалардың қоғамға бейімделуіне және Қазақстандағы нәрестелер арасындағы мүгедектіктің алдын алуға арналған арнайы жабдықтар жеткізілді.

2012

292 500

2013

2 752 000

2014

10 000 000

2015

7 828 600

2016

12 295 000

2017

13 528 500

2018

16 380 500

2019

26 000 000

2020

30 000 000

2021

40 000 000

2022

45 500 000

2023

65 500 000

2024

106 241 284

2025

145 000 000

2025-2026 MAQSATY: 145.0 mln
0%
0 ₸
0%
0 ₸
Өмірге жан бітірейік01

Жоба Қазақстанда қан тамырлық мальформацияларды емдеудің заманауи әдісін енгізуге бағытталған. Бұл – қан тамырларының туа біткен даму бұзылыстары, олар баланың денесінде дақ немесе түзіліс түрінде байқалып, ауырсынуға, қан кетуге және күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін.

 

Емдеу үшін қайтымды электропорация склеротерапиясымен бірге қолданылатын болады. Бұл – тамыр түзілісіне электрлік импульстар мен дәрілік препарат арқылы әсер ететін, тек «дұрыс емес» тамырларды жойып, сау тіндерге зиян келтірмейтін тиімді әрі қауіпсіз технология.

 

Жобаны жүзеге асыру жылына 100-ге дейін процедура өткізуге және 50 балаға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Әдіс Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында енгізіледі. Жоба аясында қажетті жабдықтар сатып алынып, үш маман Германияның Галле қаласындағы Университет клиникасында оқытылатын болады.

 

Қазақстанда жыл сайын шамамен 40 бала қан тамырлық мальформациямен дүниеге келеді, ал олардың емі бүгінде тек шетелде ғана қолжетімді. Жобаны іске асыру елімізде жоғары технологиялық терапияны жүргізуге мүмкіндік беріп, балаларға толыққанды өмір сүруге жол ашады.

 

«Әлемді көріп тұрмын»02

Жоба аясында Түркістан қаласындағы «№3 Облыстық перинаталдық орталыққа» шала туған сәбилердегі ретинопатияға операция жасауға арналған лазерлік қондырғы орнату көзделген. Дәрігерлердің мәліметінше, мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелердің шамамен 20–30%-ында бұл ауру кездеседі және емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін.

 

Ерте диагностика мен дер кезінде жасалған амал баланың көру қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Лазерлік қондырғының орнатылуы жаңа туған сәбилерді өзге өңірлерге жібермей-ақ қажетті операцияларды осы жерде жасауға жағдай жасайды.

 

Түркістан облысы елдегі туу көрсеткіші ең жоғары өңірлердің қатарында: жыл сайын мұнда 60 000-нан астам сәби дүниеге келеді, олардың шамамен 5 000-ы – шала туғандар. Жыл сайын 120–200 сәбиде аурудың ауыр түрі анықталып, шұғыл емді қажет етеді.

 

Жабдықтың пайдалану мерзімі 10 жылды құрайды. Осы уақыт аралығында 1200–2000 балаға көмек көрсетіліп, олардың көру қабілетін сақтап, аймақтағы ең әлсіз жаңа туған нәрестелер арасында мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Көмек
Қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігі Almaty Marathon-ның қайырымдылық жобаларына бағытталады. Осы бөлімде қосымша қайырымдылық көмегін де көрсете аласыз.
* Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген соманы көрсете аласыз.

Есептер