Тіркелу
21 км 97,5 м Подробнее
42 км 195 м Подробнее
Скандинавиялық жүріс: 10 км Подробнее
Экиден Подробнее

Almaty Marathon – Іле Алатауының көркем тауларының етегінде өтетін Орталық Азияның ең ірі жарысы. Бағыт таулардың керемет көріністерін аша отырып, қырлы жерлер мен тік құламаларды ұсынады, қашықтықты еңсеру барысында көптеген көрермендердің белсенді қолдауымен Алматының басты көшелері арқылы өтеді. Бұл жай ғана спорттық жарыс емес, әлемнің 60-тан астам елінен келген жүгірушілер қатысатын үлкен халықаралық іс-шара. 

Almaty Marathon – бұл тек жаппай жүгіру емес. Біз спортты инклюзивтілікті, тұрақтылықты және қаланың жүгіру инфрақұрылымын дамытуды үйлестіре отырып, қоғамдағы оң өзгерістер үшін пайдаланамыз. 

Қайырымдылық – марафон миссиясының маңызды бөлігі. Жыл сайын сөрелік жарналардың бір бөлігі ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталады. Осы жылдар ішінде Алматы және Алматы облыстарында 30-дан астам қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік туды.

Almaty Marathon AIMS Халықаралық жарыстар мен жүгірулер қауымдастығына кіреді, ал оның жолдары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.

Күні

2025 ж. 28 қыркүйегі

Сөре орны: 

Республика алаңы, Сәтпаев көшесі.  

Қашықтықтар: 

42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, Экиден эстафетасы. 

Қатысу үшін онлайн-тіркеуден өту және бастапқы жарнаны төлеу қажет.

Тіркеу 2025 жылдың 15 қыркүйегінде немесе 16 000 қатысушы, оның ішінде 90 Экиден командасына жеткенде аяқталады.

Сөрелік жарна

Марафон – 42 км 195 м – 18 000 (он сегіз мың) теңге

Жартылай марафон – 21 км 97,5 м – 16 000 (он алты мың) теңге

10 км-ге жүгіру – 16 000 (он алты мың) теңге

Скандинавиялық жүріс – 10 км-14 000 (он төрт мың) теңге.

Экиден эстафетасы - 42 км 195 м - 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге. Экиден командалық эстафетасына қатысу үшін команда құрамында кем дегенде бір әйелдің болуы керек.

Сөрелік жарна қайтаруға және қайта тіркеуге жарамсыз.

Жас санаттары

Марафон – 42,2 км – 18-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жас және одан жоғары

Жартылай марафон –  21,1 км - 18 жас және одан жоғары

10 км жүгіру – 15-17 жас, 18 жастан асқан

Скандинавиялық жүріс – 10 км – 15 жастан асқан

Экиден эстафетасы – 15 жастан асқан.

Сөрелік жинақтарды беру 2025 жылғы 26-27 қыркүйекте Алматы қаласында сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Нақты мекенжайы кейінірек жарияланады. Сөре орнында жинақтар берілмейді.

Barlyq Is-şaralarBarlyq Is-şaralar
Іс-шаралар күнтізбесі
УвидетьВсеІс-шаралар
Іс-шаралар күнтізбесі