15 маусым күні Sport List бейнеблогы сериясының ашылуына орай баспасөз-ланч өтті. «Алматы марафоны» мен Sanofi компаниясының бірлескен жобасы 29 маусым күні бастау алады.
Пайдалы бейнероликтер топтамасын құру идеясына пайда болуына магнийдің және басқа да макроэлементтердің спорт сүйер әуесқойлардың денсаулығына қандай ықпалын тигізетіні жайлы айтып беру ниеті сеп болды.
Түсіру алаңында тақырыптың жарнамалануына белгілі спортшылар – Елена Хрусталева мен Марат Жыланбаев қатысты. Кездесу барысында спорт жұлдыздары мен баспасөз-ланч жүргізушісі Уәлихан Тен және шақырылған журналистер арасында қызу пікір-талас туындап, әңгіме-дүкен құрылды.
Бейнероликтердің әрқайсысында әртүрлі атлетика саласындағы Қазақстан спортының жұлдыздары өз тәжірибесі мен жетістіктерімен бөлісіп, жаттығулар мен теңгерілген тамақтану тәртібі жайлы тәжірибелік ұсынымдар береді.
Sport List на Youtube арнайы сериясы танымал кәсіпқой спортшылар қатысатын төрт бейнероликтен тұратын болады:
29 маусым – Алексей Писаревский – Ауыр атлетика және зілтемірді сығымдап көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық чемпионаттардың жүлдегері – «Магний және бұлшықет» тақырыбы бойынша баяндама жасайды.
6 шілде – Павел Артюшенко – Триатлет, қазақстандық Ironman, триатлоннан түрлі халықаралық жарыстардың медалисті – күйзеліс жағдайында өз денеңді бақылау тәжірибесімен бөліседі.
13 шілде – Елена Хрусталева – Биатлоншы, олимпиаданың күміс жүлдегері – денеге жүктеме түскен кезде остеопороздың алдын алу бойынша ұсынымдар береді.
20 шілде – Марат Жыланбаев – Азия, Африка, Австралия және Америка елдерінің ең ірі шөлдерінен жалғыз жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам. Марафоншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері – ағзаға ұзақ уақыт жүктеме түскен кезде жүрек саулығы мен жүрек жұмысының теңгерімін ұстап тұру үшін макроэлементтер қабылдау саласындағы ноу-хаумен бөліседі.