15 шілде күні «Алматы марафоны» «Жазғы жүгіру» шарасын өткізеді. Алматы марафонының маусымдық жүгіру мақсаты — демалудың белсенді түрлерін көпшілікке тарату және жүгіру әуесқойларына келесі жылдың басты жүгіру оқиғасына– VII«Алматы марафонына» дайындалуға көмектесу.

Ұйымдастырушылар «Жазғы жүгіру» сөресіне 650 адам шығатындығын хабарлады. 15 км толық қашықтығынан және 2 км балалар қашықтығынан басқа ұйымдастырушылар қатысушыларға эстафетаны ұсынады, онда ер адам мен әйелдерден тұратын жұптар (қатысушылардың әрбіреуіне 7,5 км бойынша) қатысады .
 Жүгіру бағыты бойынша қатысушылар үшін сергітетін қондырғылар мен суы бар пунктер орналасатын болады.
— Жүгіруге тіркелу 1 шілдеден басталды. Осы жылдағы жүгірудің ерекшелігі барлық маусымдық– қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі жүгірудің үлкен коллекциялық төсалқалары туралы идея болды. Ол барлық төрт маусым қатысушыларына тиеді. Жазғы шарада жүгіре отырып, қатысушылар үлкен төсалқаның тағы бір элементін алу үшін бір қадам болса да жақындай түседі. Біздің маусымдық жүгіру шаралары әрдайым айрықша атмосфераға толы және бірқатар артықшылықтарға ие. Мысалы, бұл жерде қысқа қашықтықтар және ерекше орындар бар. Біз Баум атындағы тоғайды таңдап алдық. Ол көлеңкелі әрі көркем жер. Тоғай ыстық жазғы күндерде достарыңмен бірге қашықтықты жүгіріп өтуге өте қолайлы!», — деді «Алматы марафоны» директоры Салтанат Казыбаева .
— Маған бір үлкен төсалқаны бөлшектеп жинау идеясы қатты ұнады. Бұл әрбір жүгіру шарасына қатысуға, тіптен жалпы алғанда жаттығу жасауға себепкер болады. Барлық бөліктерді бір бөлікке жинауды асыға күтемін, — деп отыз жастағы «Алматы марафоны» жүгіруінің тұрақты қатысушысы Ержан Курманбай өз пікірін білдірді.

Шара Алматы қаласы әкімшілігінің және «Алматы марафоны» құрылтайшысы – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауымен өтеді. Эксклюзивті жүлделі және су ішетін серіктес болып «Asu» бренді шығады. "Жазғы жүгірудің" жүлделерін келесілер береді:
- "Алматы марафонының" барлық спорттық оқиғаларын қолдайтын басты жүлделі серіктес Oriflame;
- өзінің бірегей өнімдерін ұсынатын Tayga8 компаниясы;
- балалар жүгіруіне қатысушылар үшін сыйлықтарын беретін Happylon және есеп бойынша үшінші «Жазғы жүгіруді» ұйымдастыруға қол ұшын созатын World Class Almaty фитнес-клубы.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады