«TOUR OF WORLD CLASS ALMATY» ВЕЛОЖАРЫСЫНА 650 АСТАМ ҚАТЫСУШЫ ҚАТЫСТЫ
MEGA Alma-Ata ССО жарыс қатысушыларын өз аумағында осымен төртінші мәрте қабылдап отыр. Таңғы сағат 8.00-де жарысты 12 мен 17 жас аралығындағы жас шабандоздар бастады. Бұл жылы 14 шақырымдық балалар қашықтығына велосипед түрі– «МТВ» (тау велосипеді) бойынша категория қосылды. 12-14 жас аралығындағы қатысушылар категориясы арасында Анастасия Березан («шоссе») мен Наталья Сафонова («МТВ»), Андрей Ремхе («шоссе») мен Айдос Турганбек («МТВ») жеңімпаз атанды. Ал 15-17 жастағы балалар арасында үздік нәтижені Ирина Тагашева (шоссе») мен Виктория Березан («МТВ»), Давыд Боярский («шоссе») мен Илья Коровко («МТВ») көрсетті. Балалар қашықтығына барлығы 60 жуық бала қатысты.
34 шақырымдық негізгі қашықтықта «шоссе жарыскерлері» арасындағы абсолюттік есепте бірінші орынды Любовь Ренева мен Максим Иглинский, ал 57 шақырымда – Екатерина Степанова мен Геннадий Крупяков иеленді.
«МТВ» (34 км) санатындағы қатысушылар арасында ең жақсы көрсеткішті Евгения Булгакова мен Максим Сотников көрсетті.
Стартқа шыққан ең қарт қатысушы «50+» жас категориясында жарысқан 67 жасар Александр Вдовкин болды. «Tour of World Class Almaty» жарысына қазақстандық азаматтардан басқа,Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Ресей,Қырғызстан, Польша, Австралия, Түркия, Украина, Қытай және Италия елдерінің азаматтары қатысты.
Барлық жас категорияларындағы жарыстардың жеңімпаздары медальдармен марапатталып, жүлде серіктестерінің ескерткіш сыйлықтарын алды.
Сусын серіктесі A’su балалар арасындағы жарыс жеңімпаздарына судың жылдық қорын (500 л) тарту етті
Wilier 57 км қашықтықтағы жеңімпаздарға велоформа сыйлады ;
Omron – денсаулыққа арналған пайдалы тауарларды тарту етті;
Happylon ұсынған сыйлықтарды балалар қашықтығының жеңімпаздары алды;
Avene, NUXE – өз өнімдерін сыйлады;
Rocktape –тейпингтеуге тегін купондар;
Limpopo – керек-жарақтарға сертификаттар;
Tayga8 – табиғи тайга өсімдіктерінен жасалған пайдалы сусындар;
Доктор Бубновскийдің орталығы – кеңес пен ем алуға сертификаттар;
EZ – спорттық футболкалар.
Марапаттау салтанаты арасында көрермендерді Shot Band музыкалық ұжымы өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Биылғы жылы жарысқа біраз өзгерістер енгізілді. Оларды арасында – бағыттың өзгертілуі, негізгі қашықтықтың 4 шақырымға арттырылуы, «МТВ» категориясының енгізілуі және балаларды марапаттау үшін жас категорияларының бөлінуі және ең басты өзгеріс – кәсіби деңгейдегі әуесқойларға арналған 57 км қашықтық. Шоссе жарысына 100 астам спортшы қатысты. Сондай-ақ біз гранд-турларда кәсіби шабандоздарда болатын жаңа дәстүрді – көшбасшының сары майкасын енгізуді жөн көрдік. Бұл майкаларды ең жақсы нәтиже көрсеткен шоссе шабандоздары – «AlmatyBroTeam» және «Alatau Racing Team» командасының өкілдері киді – деп бөлісті «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.
Жыл сайын өткізіліп тұратын «Tour of World Class Almaty» веложарысы Алматы қ. әкімдігінің, Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының және «World Class Almaty» фитнес-клубының белсенді қолдауымен осымен төртінші мәрте өткізілді.