«Алматы марафоны» №1 мектеп-интернатына футбол алаңын тапсырды
Бүгін спорт алаңының салтанатты ашылуы және оны есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған №1 арнайы (түзететін) мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне тапсыру рәсімі өтті. Осы шара VI халықаралық «Алматы марафоны» атты ауқымды қайырымдылық мақсаты – түрлі ауруларға шалдыққан балаларға арналған 6 арнайыландырылған оқу орнының 1 500 оқушысына көмек көрсету аясындағы іске асырылған жобаларды ұсынудың бастамасы болды.
№1 мектеп-интернатының директоры Марина Днишева бауды кесу және жаңа футбол алаңын ресми ашу құрметін «Бірінші болу – батылдық» Корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева мен Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің бастығы Алмасбек Маханбетияровқа берді.
Басқарманың және шақырылған қонақтардың шағын, бірақ шын жүректен шыққан құттықтау сөздерінен кейін, ұйымдастырушыларға алғыс хаттарды беріп тәрбиеленушілерге жаңа спорт жетістіктерін тілегеннен кейін оқушылар өз сыйлығын ұсынды – би флеш-мобын көрсетті. Ресми бөлімiнен кейін оқушыларда спорт мерекесі жалғасты – осы оқу жылында жаңа алаңда алғашқы болған футболдан жолдастық жарысы өтті.
- Қоршауы мен жабыны заманауи технологияларды қолданып құрастырылған үлкен футбол алаңы туралы арманды ағымдағы жылдың 23 сәуірінде өткен «Алматы марафоны» қатысушыларының бастапқы және қайырымдылық жарналары көмегімен іске асыру мүмкін болды. Оның сөресiне әлемнің 40 мемлекетінен 13 000 жүгіру әуесқойлары шықты. Жобаны қолдап осы жылдың қайырымдылық мақсатынан шабыт алған барлық қатысушыларға рахметімізді айтамыз. Енді балалар денсаулықтарын сақтау мен спортпен айналысуды жайлы жағдайларда жасайтындарына үміттенеміз, - деді, «Алматы марафоны» директоры Салтанат Қазыбаева.
- Біздер үшін және алтыншы «Алматы марафонының» барлық қатысушылары үшін ең үлкен марапат – күш-қуаттарының ерекшелігіне қарамастан сырт әлемдегі байланыстарының қиыншылықтарымен күресіп, спортпен айналысуды жақсы көретін балалардың бақытты көздерін көру. Осы әлеуметтік маңызы зор жобаны қолдап іске асыруға көмектескендердің барлығына біз шын жүректен «көп рахметімізді» айтамыз, - деп «World Class Almaty» фитнес-клубының бас директоры Валихан Тен толықтырды.
Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық шара «Бірінші болу – батылдық» Корпоративтік қор тобы, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Шахмардан Есенов ат. ғылыми-оқыту қоры, бас серіктес Kaspi, Алматы қ. әкімдігі, және барлық серіктестер күшімен ұйымдастырылды.
2017 ж. қыркүйек айы ішінде «Алматы марафоны» тобы қайырымдылық мақсатының барлық жобаларын – қалған 4 мектеп-интернаты және 1 балабақшаны тапсырады және таныстырады.