«Алматы марафоны» екі мектеп-интернатына скалодром мен спорт жабдықтарын тапсырды
VI «Алматы марафонының» барлық серіктестері мен қатысушыларының атынан «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры мен «World Class Almaty» фитнес клубының басшылығы 2017 жылдың ауқымды қайырымдылық мақсатын жүзеге асыру шарасын жалғастырып келеді. Бүгін екі балалар мекемесінде қос бірдей нысан тапсырылды.
Сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған арнайы (түзету) №9 мектеп-интернатында «Алматы Марафонының» қатысушыларының бастапқы жарналарына салынған скалодромның ашылу салтанаты өтті. Мектепте 350 оқушы білім алуда, олардың 100 жуығы – сал ауруына шалдыққан.
- Біріншіден, біз 23 сәуір күні сөреге шыққандарға, сонымен қатар Қазақстандағы спорт пен қайырымдылықтың ең үлкен мерекесін өткізуге атсалысқандарға алғысымызды білдіреміз. Денсаулықтарының ақаулары бар барлық балалар үшін салынған нысандар, сатып алынған, орнатылған жабдықтардың барлығы – біздің ортақ еңбегіміз, - деді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
Биылғы жылғы Марафонның қайырымдылық мақсатына әлеуметтің назарын аударуға бағытталған «Мейірім марафоны» акциясына белсенді қатысқан, белгілі қазақстандық әнші мен композитор Диас Аблаев іс-шараның құрметті қонағы болды. Интернат тәрбиеленушілеріне Алматы қаласының спорттық құзға шығу федерациясының вице-президенті, аға-тренер Маргарита Девятерикова шеберлік сабағын өткізді.Мектептеріндегі жаңа спорт бағытын игере бастайтын ең кішкентай оқушыларының биі мерекенің мәресіне айналды.
- «Алматы Марафонының» барлық ісі еліміздегі бұқаралық спортты дәріптеуге ғана емес, сонымен қатар үлкен еңбек пен тырысу арқылы спортпен шұғылданатын балалар арасында да спортты дамытуға бағытталған. Енді интернат оқушылары скалодромды пайдалана отырып, спортпен шұғылдана алатынына, иммунитеттерін күшейтетіндеріне өте қуаныштымыз, - деп «World Class Almaty» фитнес-клубының бас директоры Валихан Тен атап өтті.
Биыл «Алматы Марафоны» көмектескен алты балалар мекемесінің үшіншісі Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты болды. Бұнда емдік дене шынықтыруымен айналысуға арналған спорт жабдықтары мен қол моторикасын дамытуға арналған конструкторлар жеткізілді.
- Ерекше балалардың қажеттілігіне назар аударғандарыңызға және көрсеткен көмектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Енді сабақатарымыздың пайдасы көп болады, бұның барлығы тірек-қимыл аппаратын дамытудағы бұзушылықтары бар балаларға оңалуына қосымша мүмкіндіктерді ашады, - деп мектеп-интернатта 20 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан ҚР құрметті спорт шебері, КСРО халықаралық деңгейінің спорт шебері, доцент емдік дене шынықтыру мен дене шынықтыру мұғалімі Кефер Наталья Эгоновна ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
2017 жылдың барлық қайырымдылық жобалары қыркүйектің соңына дейін ұсынылады – бұл 2 мектеп-интернаты мен денсаулығының ауыр дерті бар сәбилер балабақшасы.