«Алматы марафонының» бастапқы және қайырымдылық жарналары зағип және көздері нашар көретін балалардың мұқтаждықтарына жұмсалды. Интернаттың спорт залында швед қабырғасы, би сабағына арналған кабинетте балет білдегі мен айна, уқалау креслосы, гимнастикалық төсеніштер мен кілемшелер орнатылды. Бұның барлығын мектеп әкімшілігі тәрбиеленушілерінің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, шұғылдануы үшін сұранылды.

беру5

Оқу жылы енді ғана басталғанымен, дене шынықтыру, би және емдік дене шынықтыру сабақтары қарқынды өтуде. Тәрбиеленушілердің жағдайын жақсартуға арналған өзгерістерді тамашалауға келген қонақтарды жақсы күтіп алды – би және емдік дене шынықтыру сабақтарының ең жақсы фрагменттерін ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың арасындағы республикалық және халықаралық конкурстарының лауреаты мен жүлдегері, №4 мектеп-интернатының тәрбиеленушісы және мақтанышы Тәжібаев Ерхаттың (1-топ мүгедегі, көру қабілетінің толық жоғалуы) домбырада ойнаған музыкалық нөмірі ерекше сыйға айналды.

- Биыл «Алматы марафонының» қайырымдылық мақсатын алуға ерекше балаларға арналған алты мектеп-интернаты таңдалды. Балалардың басынан өтетін барлық қиыншылықтарға қарамастан, олар спортпен шұғылданып, шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Өздерінің дерттерін жеңу үшін, иммунитеттерін нығайту үшін емдік дене шынықтырумен айналысуға арнайы жағдайлар қажет. Бәріміз бірге – VI «Алматы марафонының» қатысушылары, ұйымдастырушылары және серіктестері осы үлкен игі іске өз үлесімізді қостық, - деді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

беру6

№4 мектеп-интернатының директоры Нурахметов Рахмет Баркенович тәрбиеленушілердің мәселесіне немқұрайлы қалмағандардың барлығына алғысын білдірді. – Балалардың оңалтуына және жалпы денсаулықтарын нығайтуына арналған сапалы сабақтарды өткізуге жетіспеген залдардағы жаттықтыру аспаптары мен жабдықтары балаларға көмектесіп, оқытушылар мен жаттықтырушыларға сауықтыру бағдарламаларын орындауға көбірек мүмкіндіктер береді, - деп сөзін аяқтады.

беру7

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы марафонының» ұйымдастырушылары қырқүйектің соңына дейін 2017 жылдың қайырымдылық мақсаты аясында жүзеге асырылған барлық жобаларын ұсынады.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады