Танымал қазақстандық спортшылар — Юрий Мельниченко, Александр Винокуров, Дмитрий Баландин әжне Валихан Тен — «Алматы марафонының» ұйымдастырушысы «Смелость быть первым» («Бірінші болу батылдығы») Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Есенов Ғалымжан хабарлады.

- Біздің ойымызша барлық төрт спортшының жеңістері және рекордтары қазірдің өзінде біздің елімізде салауатты өмір салтын ұстанатын барлық адамдарға және әлі спортпен шұғылданбайтын адамдарға жақсы ынталандыру болады. Біз осы спортшыларға Кеңестің құрамына кіру туралы ұсыныспен жүгіндік, марафон және басқа жоспарланған жарыстар туралы айтып бердік. Александр Винокуров марафонда бірнеше мәрте жүгірді. Ол және аймақтың ең үлкен жүгіру оқиғасының жаңа деңгейге шығуына көмектесуге, одан да көп қатысушыларды тартуға ниеттенген оның әріптестері біздің ұсынысымызды қуана қабылдады, — деп түсіндірді Есенов.


Юрий Мельниченко —грек-рим стиліндегі қазақстандық күресші, жаттықтырушы, Азияның екі дүркін чемпионы (1996, 1997), екі дүркін әлем чемпионы (1994, 1997), Олимпиада ойындарының чемпионы (1996).


Александр Винокуров — қазақстандық кәсіби велошабандозы, Испанияның Вуэльта жарысының жеңімпазы (2006) және топтық жарыстағы Олимпиада чемпионы (2012), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (1994).


Дмитрий Баландин — қазақстандық жүзуші, Олимпиада чемпионы (2016), Азия ойындарының үш дүркін чемпионы (2014), Универсиаданың жеңімпазы (2015).


Валихан Тен — зілтемірді жатып көтеруден спорт шебері, WPC федерациясының пауэрлифтинг бойынша спорт шебері, Пауэрлифтингте әлем, Еуропа және Азия чемпионы, бодибилдинг бойынша спорт шеберіне үміткер.

— Біз осындай атақты спортшылар тобымызға қосылғандығына өте қуаныштымыз. Олармен бірге біз 22 сәуір 2018 жылғы жетінші «Алматы марафонына» одан да көп жүгірушілерді жинайтындығымызға мен сенімдімін. Қатысушыларының бастапқы жарналары 3 мамандандырылған балалар мекемесіне бағытталатын болады: Онкологиялық аурулары бар балаларға арналған бірінші балалар хосписі «Я с тобой» («Мен сенімен біргемін»), тірек-қимыл аппараты бұзылулары бар балаларға арналған №2 мектеп-интернаты және интеллектуалды дамуда бұзылулары бар балаларға арналған №6 мектеп-интернаты. Олардың өтініштері бойынша мекемелердің аумағында балалардың ойын алаңдары, футбол алаңы салынатын болады, сондай-ақ, біз спорттық жабдықтарды сатып аламыз, — деп «Алматы марафонының» атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева айтып берді.

«Алматы марафонын» 6 жыл бойы өткізу барысында арнайы мұқтаждықтары бар балаларды оңалту және оларға қолдау көрсету бойынша 11 ірі қайырымдылық жоба жүзеге асырылды. Жобаларды жүзеге асыру үшін 46 миллионнан астам теңге жұмсалды. Осы жылдың өзінде ақ 5 мектеп-интернаттың және сәбилер балабақшасының 1 500 бала «Алматы марафонынан» көмек алды: футбол алаңы салынды, өрмелеу қабырғасы, балет сыныбы және сенсорлық бөлме ашылды, емдік денешынықтыру сыныптары арнайы тренажерлармен және оңалту жабдықтарымен жасақталды, алуан түрлі спорттық жабдықтар сатып алынды. Өзінің қайырымдылық қызметі үшін «Алматы марафон» тобы биылғы жылы қайырымдылық саласындағы «Алтын жүрек» ұлттық марапатына ие болды.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады