КЕЗ КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ БАЛАЛАР ҮШН АЯЗ АТА БОЛА АЛАДЫ

5 желтоқсан күні Алматыда «Тілектер шыршасы» жаңа жылдық науқаны басталды. Оның қайырымдылық көмек алушылары ретінде Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан «Нұр» отбасылық балалар үйінің 46 тәрбиеленушісі болады. Науқанда Қазақстанның кез-келген құштар азаматы қатыса алады.

Ең кішкентай тәрбиеленушінің жасы екіде, ең үлкенінің жасы - 17. Олар басқа көптеген балалар сияқты Аяз Атаға хат жазады, олардың кейбіреулері ертегі аяз атаға сенбейді, бірақ бәрі бір өз тілектерінің орындалуына үміттенеді. Науқанның мақсаты - қиын өмірлік жағдайға байланысты осы мерекелік күндері көңілдің жетіспеушілігін сезінетін балаларға назар аудару. «Тілектер шыршасының» мәні қарапайым – балалар өздерінің жаңа жылдық тілектері туралы айтып береді, ал науқанның ерікті қатысушылары балалардың тілектері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы біліп, оларға сый тартады. Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша сыйлықтармен бірге балалар өз-өзіне сенімділік пен қауіпсіздікті сезінеді.

 

— Қатарынан бірнеше жыл бойы «Алматы марафоны» Жаңа жыл қарсаңында «Тілектер шыршасы» қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Дәстүрлі түрде World Class Almaty фитнес-клубында үлкен безендірілген шырша орнатылады, және әшекейлерден басқа оған балалардың фотосуреттері мен олардың Жаңа жылдың тілектері ілінеді, ал оларды құштар азаматтар жүзеге асыра алады. Барлық балалар – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарынан шыққан – ең басты нәрселерге мұқтаж, сол себептен Жаңа жылдық сыйлық және көңіл олар үшін – бұл сиқырлы бір нәрсе, — деп «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева айтты.

Осы жылы бірден бірнеше ұйым - «Алматы марафон», академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, Tengrinews.kz ақпараттық интернет-порталы және World Class Almaty бірікті. Науқанның мәні қарапайым – балалар өздерінің жаңа жылдық тілектері туралы айтып береді, ал құштар қазақстандықтар балалардың тілектері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы біліп, оларға сый тартады.

 

 — Мен өзім жетім болып өстім, ата-анасыз өмір сүру не екендігін білемін. Сондықтан, 19 жыл бұрын күйеуіммен бірге балалар үйінің негізін қалауға бел будық. Содан бері біз 700 баланы шығардық. Мемлекет тарапынан біз қаржыландыруды алмаймыз, негізінен демеушілер көмектеседі. Және біз жігіттердің келіп, балалар мен жасөспірімдердің Аяз атадан не нәрсе алғысы келетіндігін сұрағандықтарына ризамыз. Біз балаларымызды қарапайым нәрселермен қамтамасыз етеміз, және олардың сұраулары өте қарапайым. Жақсы адамдар шақыруды қабыл алатынын және балаларға сыйлықтар берілетініне сенімдімін. Бірақ біздің ең үлкен қайғымыз — бұл ғимараттың күйі, оны жөндеу қажет. Науқанның арқасында біз демеушілердің назарын аударамыз, және бұл мәселені шешуде бізге көмектеседі деп үміттенеміз, — деп «Нұр» балалар үйінің 73 жастағы директоры Ескожина Тұяқ үмітін білдірді.

Балаларға өмір бойы көңіл бөлінуін сезген маңызды болып табылады, бірақ психологтардың пікірі бойынша дәл осы мереке күндері олар көңілді көбірек қажет қылады, әсіресе ата-анасыз өсетін балалар.

 

 — Балалар үйіне түскен балалардың жандарында сатқындықтың және қабыл алмау жарақаты мәңгілікке қалады. Анасы баласынан бас тартуы, не болмаса оның ата-анасы қайтыс болғаны ма, қайсысы болғаны маңызды емес. Осындай кішкентай адам үшін әрбір Жаңа жыл бір жақсы нәрсенің басталуына деген үміт, бұл мерекеде ол үшін ғажайыпқа сену болып табылады. Бірінші кезекте, баланы ата-анасымен, ал егер олар жоқ болса, оларды алмастыратын тұлғалармен адам ретінде қабылдауы. Сондықтан ол үшін бұл мереке отбасыда өсіп жатқан баламен салыстырғанда одан да ерекше әрі маңызды болады, — деп науқанға аналитикалық психолог, ТМД Кәсіби психотерапевтік лигасының мүшесі Айгуль Садықова өз түсінігін білдіртті.

Науқан туралы толық ақпаратты, сондай-ақ, балалардың барлық тілектерін осы жерден - http://kaz.tengrinews.kz.tilda.ws/elka қарауға болады немесе World Class Almaty фитнес-клубына (Наурызбай батыр көшесі, 89/2) келуге болады, онда бірінші қабатта балалардың фотокарточкалары ілінген шырша орналасқан.

 

Егер Сіз «Тілектер шыршасы» жобасына қатысуға және балалар үйінің тәрбиеленушісіне сыйлық беруге ниет білдірсеңіз, Алматыдағы төмендегі телефон бойынша хабарласыңыз:

World Class Almaty: +7 727 315 39 39

Григорий: +7 705 888 57 88

Борис: +7 747 431 35 98

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады