Ұйымдастырушылар «Алматы марафонының» дәстүрлі маусымдық жүгірісіне – Қысқы жүгіріске тіркелудің ашылуы туралы жариялады. Ол 24 ақпанда Тұңғыш Президент саябағында өтеді.

Жүгірістің барлық әуесқойлары www.almaty-marathon.kz сайтында онлайн-тіркеуден өтуі және мәрелік жарнаны салуы қажет. Негізгі қашықтық – саябақ жолдары бойынша 10 км. Команда үшін жұпты эстафета (еркек және әйел) қарастырылған – әрқайсысына 5 км-ден және 10 жастан бастап 14 жасқа дейінгі қатысушылар үшін 3 км балаларға арналған қашықтық.

- Осы жылы біз алғаш рет 1000 слотты Қысқы жүгіріске бөлеміз және олардың барлығы бөлініске түседі деп есептейміз. 2014 жылдан бастап өтетін «Алматы марафонының» барлық алдыңғы маусымдық жүгірістеріне 650 адам шегі қойылған. Соңғы бірнеше жүгірісте тіркелу не бары 3-4 күн ішінде, ал балаларға арналған қашықтыққа – бірнеше сағат ішінде жабылды. Енді слоттар біршама көп болған кезде, барлық тілек білдірушілер жақсы көретін жарысқа қатыса алады деп ойлаймын, - деп айтты «Алматы марафонының» директоры Салтанат Казыбаева.

Жалпы жүлделік қор 200 000 теңгені құрайды. Ол ерлер мен әйелдер арасында абсолюттік есепте алғашқы 3 үздік нәтижеге көрсеткен қатысушылар арасында бөлінеді. Барлық қатысушылар финиште жүгіріс медальдарын, ал жеңімпаздар (1-3 орын) – жүлделі медальдарды, марапаттарды және серіктестерден сыйлықтарды алады.

20 қаңтардан бастап 14 сәуірге дейін әрбір сенбіде «Алматы марафон» барлық тілек білдірушілер үшін Тұңғыш Президент саябағында таңғы сағат 10 бастап 11 дейін ашық жаттығуларды өткізеді, кіру тегін. Жаттығуларды спорттың циклдік түрлері мектебінің тәжірибелі жаттықтырушысы  Никита Федотовских кез келген қашықтықтарға жылдамдықты және төзімділікті дамытуға бағытталған арнайы жүгіру және жалпы дамыту жаттығуларынан тұратын арнайы әзірленген жоспар бойынша өткізеді.

Қысқы жүгіріс осы жылы 22 сәуірде жетінші рет өтетін халықаралық қайырымдылық «Алматы марафонына» дайындық циклінде алғашқы маусымдық жүгіріс болады. Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық іс-шараға тіркелу «Алматы марафон» сайтында ашық.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады