«Тілектер шыршасы» науқаны аяқталды. Талғар қаласындағы (Алматы облысы) «Нұр» жанұялық балалар үйінде тәрбиеленетін 51 бала ескі Жаңа жылдың қарсаңында сыйлықтарды алды.
Науқанның мақсаты күрделі өмір жағдайына байланысты осы мереке күндері оның жетіспеушілігін сезінетін балаларға назар аудару болып табылады.
Осы жылы бірден бірнеше ұйымдар бірікті – «Алматы марафон», академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры, Tengrinews.kz ақпараттық интернет-порталы және World Class Almaty.
— Жыл сайын желтоқсан айында біз балаларына біз көмек көрсете алатын ұйымды таңдап, онда барып, балалармен әңгімелесіп, олардың тілектерін жазып алып, ескі Жаңа жылдың қарсаңында сыйлықтарды табыстаймыз. Тілектерді орындауға бізге бей-жай емес қазақстандықтар көмектеседі. Оларға біз БАҚ және интернет арқылы жүгінеміз. Осы жылы «Тілектер шыршасына» 50 астам қазақстандық жанұя қатысты. Олардың кейбіреулері балаларға, басқалары балалар үйіне сыйлық жасады. Осы үлкен ынтымақты жанұядағы балалардың өмірі біз барғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда біраз да болсын сапалы болды деп сенемін, - деп әңгімеледі Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бағдарламалар үйлестірушісі Григорий Ли.
Аяз Атадан сыйлықтарды алғандардың ішінде ең кішкентайы – екі жастағы Нұржаусын Қойайдарова, ең үлкені – 17 жастағы Жұмат Ахметов. Науқанның басында «Нұр» балалар үйінде 46 бала тәрбиеленді, бірақ та желтоқсан айының соңына қарай олардың саны 51 дейін жетті. Жанұяға тастанды екі ағайынды және тағы екі ағалы және әпке қосылды (балалардың әкесі қайтыс болған, анасы маскүнемдікпен ауырады.
— Мен жетім болып өстім, мұнын қандай екендігін білемін. 19 жыл бұрын күйеуім екеуіміз балаларын үйін ашуды шештік. Келіп, бүлдіршіндер мен жасөспірімдерден Аяз Атадан не алғысы келетіндігін сұрағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Қарапайым заттармен біз балаларымызды қамтамасыз етеміз және олардың сұраныстары да қарапайым, - деп әңгімеледі «Нұр» балалар үйінің директоры Тұяқ Ескожина.
Науқан ұйымдастырушылары балалар сабаққа дайындалатын, ойнайтын, сөйлесетін және кештерде фильмдер көретін балалар үйінің акті залын көктемге қарай жөндеу міндеттемесін өзіне алған құрылыс компаниясын тапты. Балалардың тілектеріне келсек, олар сыйлыққа спорттық форманы және сурет салуға арналған жинақтарды, қуыршақтарды және радиобасқарылатын машиналарды, ұялы телефондарды және сағаттарды сұрады, барлығына дерлік аяқ киім мен киім қажет болды. Өзінің 8 жыл қызмет ету барысында «Тілектер шыршасы» 250 астам қазақстандық балалардың тілектерін орындады.