Тағдырмен жазылған кездесу!
Бұл кездесу тағдырмен жазылған кездесу еді. Екеуі де жастайынан спортпен шұғылданады, белсенді, әдемі әрі жас - Виктор мен Ольга Ковалёвтер. Әрбіреуінде тәжірибе мол, спортқа және бір-біріне деген үлкен махаббат екі жақты болды! Ал екі жақты махаббат 30 жылдық берік бақытты отбасына ұласты.
- «Ольга конькимен жүгіру спортына мектеп қабырғасында жүріп қатысты. Құрама командаға кіріп, сонда, соның ішінде, ұзақ қашықтықтарға жүгірді.
Одан кейін оқу мен спорт арасында таңдау тұрды. Сонда Ольга құзға шығуға кетіп қалды.
Мен де спорттың осы түрімен шұғылданғанмын. Ең қызығы, біз жүгіру кезінде таныстық – бұл қоссайыс: жүгіру+құзға шығу бойынша жарыс болған. Бірақ, біз Алматы Марафонынан бастап жүгірдік деп санаймын», - Виктор Ковалев өзінің алғашқы кездескен сәтін есіне түсіреді. Спортпен ешқандай байланысы жоқ IT мамандығында жұмыс істей отырып, Виктор үшін дене шынықтыру жайдан жай ермек емес, бұл стиль!
Белсенді әлеуметтік өмір сүру салтына және толық жұмысқа берілуге қармастан Ковалевтер ешқашан өздерінің сүйікті спорттық шараларын жіберген емес.
Соңғы кездері бізде жаттығуға тіптен уақыт болмай жүр, бірақ жүгіруге қатысуды тастаған емеспіз! 11 ақпанда төртеуміз Love Run жүгіру жарысына қатысатын боламыз, 18 ақпанда жұбайыммен NIHON RIDGE RACE скайраннинг бойынша жарысқа қатысамыз, ал 24 ақпандағы осы айдың соңғы аяқтаушы шарасы Алматы Марафонының Қыстық жүгіру жарысына да ат салысамыз», - деп Виктор өз жоспарларымен бөлісті.
Өз шараларымызда біз, әрдайым, сөреде қос ғашық жұпты көреміз. Бұл көңілді елжіретеді. Виктор мен Ольга арасындағы қолдау және жүрек тулаған қарым-қатынастар халық арасында оларды айрықша бөліп көрсетеді.
Жыл сайын Алматы Марафонында өз сезімдерін білдіріп көрсетеді – бұл жүрек тебірентер сәт! Жылдан жылға спорттық отбасылық жұптардың нәтижелерін, одан бетер, олардың арасындағы қарым-қатынастарын байқау әлдеқайда ұнамды, өйткені, ортақ отбасылық құндылықтарға ие болу бақыты осы емес пе.
«2014 және 2015 жылдары Алматы Марафонында біз жұбайыммен бірге 10 км жүгірдік. Біз оған дайын болмағандықтан, баяу жүгірдік. Бірақ 2016 жылғы Марафонға дайындалған күйде келіп, екеуміз де екі сағаттан жүгіріп шықтық. Жасымызды және осы уақытқа дейін тұрақты жүгіріп келген кезімізді ескере отырып, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш болды.
Ал 2017 жылы біз 42 км толық марафондық қашықтыққа бардық. Өкінішке орай, дайындалған кезде мен тұмауратып ауырып қалдым да, жұбайымды жұқтырып алдым. Бір жарым ай бойы ем қабылдадық та, сөреге шықтық. Нәтижесі қуантарлық болды. Біз риза болдық. Жұбайым өзінің жас санатында 3 орынға ие болды. Біздің отбасымыз бірге жүгіруге тырысады. Ұлым Алексей, қызым Ирина, жұбайым Ольга және мен. Былтыр балалар 21 км жүгіріп шықты, олардың дайындықтары аз болғанын ескере отырып, айтарлықтай жақсы нәтиже алды. Осы жылға менің жоспарым 42 км, Ольгада 21 км жүгіру», - деп Виктор жүгірген кездері, дайындықтары, нәтижелері жайында және отбасылық жеңістері жайында шабыттана отырып айтып берді!
Ата-анасы спортқа жақын болса, балалары да жастайынан ересек адамдардың істеріне қарап, қоса ат салысады. Бұл Ковалевтер отбасына да сондай әсерін тигізді. Анасы Леша мен Ираны бала кезден үйірмелерге апарып жүрді. Триатлон, көркем гимнастика, жүзу. Соңғы түрмен екеуі де кәсіби тұрғыда айналысады.
«Қызым спортпен тұрақты түрде айналысады. Негізгі тірек пилатес пен йогада. Ал ұлым қазіргі уақытта Ира сияқты сондайлықты белсенді емес, бірақ СӨС үшін уақыт табар деген үміттемін», - деп Виктор күлімсіре айтады.
Алматы Марафонының тұрақты қатысушысы бола отырып, Виктор шара жайында жылы лебізін білдіреді:
«Алматы Марафоны – бұл біздің сүйікті спортымыз, барлық қалған сөрелер екінші кезекте, олар бізге ең маңызды 22 сәуірде болатын сөреге байланысты болады. Марафон жүгіру жарысын Алматы қаласында ғана емес, толықтай Қазақстанды қамтып алды! Егер Сіздер болмасаңыздар, онда осындай көпшілік басқа ұйымдастырушыларда да болмас еді».
Осындай оқиғалардан жүгіруді бар жан-тәнімен жақсы көретіндерге сенімсіздікпен қарайтын көптеген адамдардың күмәншілдігі сейіледі. Жүгіру спортшылар мен әуесқойларды ғана емес, сонымен қатар жүректерді біріктіреді, осылайша бір мақсатқа жетуге, сау болуға және көпшілік болуға әкеледі!
«Бір кездері бірге, бір кездері бөлек жүгіреміз. Оля ұзақ қашықтықты құлаққап тағып алып жүгіргенді ұнатады, сондай кезде жанында мен керек болмай қаламын J Жүгіру немен жақсы? Бұл үлкен компания. Бізде жүгірудің арқасында көптеген жақсы таныстарымыз пайда болды. Біз бір-бірімізбен емес, қоғам болып жүгіреміз. Жүгіру біріктіреді, менің де, оның да араласатын адамдары бар». Міне, Виктор осындай шағын отбасылық, жанға жайлы әрі спорттық оқиғаларды айтып берді.
Өмірде сізді өзінің ең жақсы деген қасиеттерімен бақытқа кенелтіп, сіз де бір мақсатқа жету жолында қол ұстасып жүретіндей ең керемет адамды табу маңызды. Немесе ол сізге ұнайтын әуестенетін іспен айналысып, «бірдей қасиеттерге» ие болса, онда осы негізде сіздер үйлесім тауып, жаныңызға жайлылық сезімін сылайды. Екеуі де бақыт болып табылады J Ең бастысы - табу! Махаббат күні құтты болсын!