Еліміздің басты сөресіне дейін 25 күн қалды
22 сәуір күні 15 мыңға жуық адам Қазақстанның ең ауқымды жүгіру оқиғасы – Алматы Марафоны 2018 сөресіне шығады. Жарыс дайындығы мәреге жақындап қалды, ұйымдастырушылар алдағы іс-шара туралы соңғы жаңалықтармен бөлісті.
Алматы Марафонына тіркеу, 2 аптадан кем уақыт ішінде, 10 сәуір күні аяқталады. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық адам тіркеуден өтіп, сөреге белсенді түрде дайындалып жатыр.
Бұл жылы Алматы Марафоны қатысушыларға талай жаңалықтар даярлады. Олардың ең бастысы – сөре мен мәренің жаңа локациясы. Енді желаяқтар жүгіруді бір жерде – Республика Алаңында (Сатпаев к-сі бойынша) бастайды және аяқтайды. Жанкүйерлерге арналған ойын-сауық бағдарламасы да сонда ұйымдастырылады. Сонымен қатар трассалар жаңартылды: барлық қатысушылар, ересектер де, балалар да, бағдарды жоғарыға қозғалыстан бастайды (Назарбаев даңғ. бойынша), одан кейін төмен еңіс бойынша (Әл-Фараби даңғ., Саин к-сі, Шашкин к-сі және Манас к-сі) және жазаң жер бойынша (Абай даңғ., Сатпаев к-сі) жүгіруге көшеді.
«Бұл жылы біз трассаны жаңартып, оны сертификаттаудан өткіздік, - деп түсіндірді Артем Якупов, «Алматы Марафонындағы» жобалар менеджері. – Біз қатысушыларымыздың тілектерін ескердік және қазір трасса толық немесе жартылай марафон жүгіретіндерге сәл оңайырақ болды. Қозғалыс бағыты бойынша тамақтану және су ішу орындары орнатылады, біз оларды қатысушылар барынша ыңғайлы шөлін қандырып, күштерін толықтыра алуы үшін барынша қолайлы етіп орналастырдық. Жанкүйерлер желаяқтарды бір орында – Республика Алаңында шығарып салып, қарсы алатындығы да елеулі артықшылық болмақ».
Сондай-ақ, спортшылар мен жанкүйерлер желаяқтың нәтижелерін онлайн – онлайн-трекингтің бірыңғай жүйесінде бақылай алады. Сонымен бірге мәреде қатысушыларды жақсартылған тамақ (шоколад, кептірілген жемістер, тоқаштар), сусындар, массаж күтеді. Толық марафонның барлық қатысушылары (42 км 195 м) тіркеу кезінде атаулы нөмір алады.
Әр санаттағы жеңімпаздарға барлығы 78 медаль дайындалған, ал абсолют чемпиондарға (42 км максималды аз уақыт ішінде жүгіріп шыққан) 1 900 000 теңге көлеміндегі жалпы жүлде қоры қарастырылған.
Марафон қарсаңында 20 және 21 сәуір күндері Балуын Шолақ атындағы Спорт Сарайында барлық дәмелі адамдар спортқа және салауатты өмір салтына арналған тауарларды ала алатын Спорт Жәрмеңкесі өтеді. Тегін лекторийлер мен шеберлік кластары да сонда өтеді. Дәл осы жерде екі күн ішінде барлық тіркелген қатысушылар өздерінің сөрелік жинақтарын алады.
Алматы Марафоны 2018 қайырымдылық мақсаттары
Жыл сайын қатысушылардың сөрелік жарналарынан жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. 2018 жылы үш қайырымдылық мақсаты қойылған.
Бұл «Я с тобой» онкологиялық аурулары бар балаларға арналған алғашқы балалар хосписі. Мұнда ауыр науқастанған балалар медициналық күтім мен жақындарымен бірге психологиялық және рухани көмек алады. Балалардың энергиялары көп, оларға белсенді ойындар ойнап, күліп, жағымды эмоциялар алу қажет. Сөрелік жарналардың қаражатына хосписте балалар таза ауада спортпен шұғылдана алатын спорт алаңы құрылады және қажетті спорт жабдықтары сатып алынады.
Сонымен қатар екі мекеме Зияткерлігі бұзылған балаларға арналған №6 арнайы (түзетуші) мектеп-интернаты және Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты.
Сөрелік жарналарға спорт алаңдары құрылады, бұл ағзаны, иммундық жүйені жалпы нығайтуға жағдай жасап қана қоймай, сондай-ақ, осы мектептердің тәрбиеленушілері үшін әлеуметте бейімделу жүйесінің керемет құрамдас бөлігі болады.
«Алматы Марафоны мыңдаған алматылықтар мен қала қонақтары үшін бұрыннан жай ғана спорттық оқиға емес, нағыз мерекеге айналды. Өз қашықтығынан өткісі келетін адамдардың саны саябақтарға жүгіруге шығатындардың саны сияқты жыл сайын артып жатыр. Алматы Марафоны құрылған кезінен бастап қайырымдылық мақсаттарын көздеді және біз тек спортшылар мен жүгіруді ұнататындар үшін ғана емес, сондай-ақ, көмегімізді ең көп қажет ететіндер үшін пайдалы іс-шара жасай алуымызға қуаныштымыз», - деп ескертті Салтанат Казыбаева, Алматы Марафонының директоры.
Жетінші Алматы Марафоны 2018 жылдың 22 сәуірінде өтетіндігін ескертеміз. Оның өткізілуіне байланысты қаланың көшелері жабылады. Жабу жоспары толығымен оқиға күні жақындағанда көрсетіледі.